Атырау, 26 сәуір 18:12
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Өзбекстанда халыққа қолма-қол валюта 1 қазанда сатыла бастайды

1 932 просмотра


Өзбекстан билігі 1 қазаннан бастап он жылда алғаш рет тұрғындарға қолма-қол валютаны сатып алуға рұқсат береді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында республика премьер-министрі Абдулла Арипов мәлімдеді.

Қазір өзбекстандықтар шетел валютасын пластик төлем карталары арқылы ғана сатып ала алады.

Өзбекстан премьері журналистердің девальвация тағы қайталана ма деген сұрағына "Оны нарық көрсетеді" деп жауап берген.

Өзбекстанда 5 қыркүйектен бастап жеке тұлғаларға валютаны айырбас пунктерінде сатуға рұқсат берілген. Шетел валюталары коммерциялық банктердің конверсия бөлімдерінде халықаралық төлем карталары арқылы жүзеге сатылады. Ол қаражатты шетелде жұмсауға ешқандай шектеу қойылмайды.

Жергілікті баспасөз мәліметі бойынша, алғашқы аптада банктер халыққа 200 миллион доллар, ал заңды тұлғаларға 100 миллион доллар сатқан.

Дереккөз: Азаттық

25 қыркүйек 2017, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.