Атырау, 29 наурыз 14:20
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қараусыз малдар көлік астына түсті

3 922 просмотра


20-21 қыркүйекте Атырауда иесіз жүрген малдар көлікке соғылып, үш бірдей жол апаты орын алды.

20 қыркүйек күні Дамбы поселкесіне бара жатқан жолда «Нива» түйемен соқтығысты. Сол күні «Лада» көлігі Атырау-Орал тас жолында сиыр малына соғылды. Ал 21 қыркүйек түнгі сағат 23.00 шамасында агротехникалық колледж маңындағы Т. Амандосов көшесінде орын алды. Volkswagen Polo автокөлігі көлік жолына шауып шыққан жылқыны түйген. Барлық жағдайда да көлік жүргізушілері мен жолаушылар жеңіл жарақат алды, ал малдардың үшеуі де өлді.

Айта кетейік, жыл басталғалы 8 мал айыппұл тұрағына қойылып, иелеріне тиісті шара қолданылған. Ал малын қараусыз қалдырған мал иелеріне 20 АЕК көлемінде (45 380 теңге) айыппұл  салынады. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

22 қыркүйек 2017, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.