Атырау, 26 қараша 22:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау облыстық мәслихатының депутаты ұсталды

3 799 просмотра

Кеше, 18 қыркүйекте «Атырау» ӘКК басқармасының бұрынғы төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Абат ТАСИМОВ ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі оған лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланды (ҚР ҚК-нің 361-бабы) деп айып тақты. Бұдан бұрын «АЖ» хабарлағандай, осы мемлекеттік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның бірнеше қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі биылғы жылдың маусымында басталған болатын.  1 тамызда Тасимов өз қалауы бойынша жұмыстан кету туралы өтініш берген еді. 

Естеріңізге салсақ, оның орынбасары Жанмұрат ЕСЖАНОВҚА қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот оған 1,3 млн теңге (іс бойынша зиян мөлшері 8,4 млн теңге болған еді) мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

19 қыркүйек 2017, 20:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.