Жылыой ауданында 2 қыркүйекте аудан орталығы Құлсарыдан 80 шақырым жердегі Биікжал қыстағынан шығып кетіп, содан бері хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы жасөспірімді іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
ТЖД хабарлағандай, оларға жоғалған жасөспірімнің туыстары тек 13 қыркүйек күні таңертең ғана жүгінген. ТЖД күштерімен жүргізіліп жатқан іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже берген жоқ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ