Атырау, 20 сәуір 05:22
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Өте жылдам ақша

Бейнежазба
5 355 просмотра


7 қыркүйек күні түстен кейін Драма театр маңындағы «Ломбард- жедел ақша» мекемесінің қызметкері қарулы тонау жөнінде Атырау полициясына хабарласқан

Мекеме офисіне ер адам кіріп, тапаншаға ұқсас нәрсемен қызметкерді қорқытып, кассадан 241 мың 741 теңгені алған. Қаржы мекемесін бетпердесіз тонауына қарағанда, қылмыскер бұл іске еш дайындықсыз кіріскен сияқты. Осының арқасында бейне камераға түсіп қалды.  

ІІД хабарлағандай, қылмыс жасаған адамның тұлғасы анықталған. Ол 1991 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны.  Қылмыстық кодекстің 192-бабы («Қарақшылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары басталды. 

Бейресми дереккөздердің айтуынша, қарақшы - бұрынғы ІІД қызметкері. 



Фархат АБИЛОВ

9 қыркүйек 2017, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.