Атырау, 26 желтоқсан 15:46
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бақуатты бағдарлама

1 938 просмотра

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғабит ЛЕСБЕКОВТІҢ айтуынша, биылғы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына кәсіпкерлерге субсидия алуды жеңілдететін өзгерістер енгізілді. 

Айталық, келісім алуға міндетті органдар қатарынан ҚР сауда және экономикалық даму министрлігі алынып тасталынды. Ал, бұл өтінішті қарау мерзімін іс жүзінде қысқартады. Тағы бір үш жаңалықты атап өтуге болады.

Жедел-кепілдендіру.

– Екінші деңгейлі банктерде қазір ақша бар, бірақ, ставкілері өте жоғары. Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің өтімділік кепілдігі жоқ болғандықтан, ставкілерге тіптен шама келмейтін болады. Бұл жағдайда мемлекеттік кепілдік шағын және орта бизнес секторына қаржыны тартудың құралы болып табылады, -дейді Ғ.Лесбеков. – Жедел-кепілдендіру аясында 20 млн теңгеге дейін қаржы алуға ниеттенген  ісін жаңа бастаған кәсіпкердің  өтініші 5 күн ішінде қаралады. Бұл жағдайда бизнесмен мемлекеттен тек кепілдік қана алып қоймайды, сонымен бірге 7-8% көлемінде мемлекеттік субсидиялау мәселесі де шешіледі.

Жаңа бизнес-бағыттағы гранттық қаржыландыру.

Мемлекет кәсіпкерге 1,5 млн теңгеден  3 млн теңгеге дейін өтеусіз қаржы бөлуге дайын. Басты талап – жақсы бизнес-жоспармен нақтыланған тың идея.

«Жұлдыздарға қара» бағдарламасы тек Іжәне ІІ- топ мүгедектеріне қарастырылған және олар үшін 100 теңгеге дейінгі гранттарды бөлуді қарастырады. Грантты алу үшін мүгедек жанның 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін ашылған ЖК болуы керек. Өтініштерді қабылдаудың бірінші кезеңі 18 наурыздан басталды және 18 мамырда аяқталады, ал, екінші кезең 1 қыркүйектен 26 қазанға дейін созылады. Барлығы 80 грант беру жоспарланып отыр.

Атырау облысында «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша ісін жаңа бастаған 490 кәсіпкер оқып шықса, бизнес жетекшілерінің 10-ы «Топ-менеджер» бағдарламасы бойынша оқыды; 10 адам «Іскер байланыстар» жобасының 1-ші кезеңінен өтті. Бизнеспен шетелде танысуды ұсынатын 2-ші кезең аясында екі бизнесмен Германияға кетті, сәуір айында тағы бір кәсіпкер АҚШ-қа барады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 сәуір 2012, 19:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.