Атырау, 25 желтоқсан 04:36
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Малдың неден қырылып жатқаны белгісіз

2 918 рет қаралды


20-шы шілдеден бастап Атырау облысының Исатай ауданындағы Тұщықұдық округіне қарасты "Айбас" учаскесінде ірі қаралардың өлімі тіркеле бастады. Бүгінде 120 сиыр өлген.

- Көбіне ауру мал өрісте қалып қойғандықтан бізге малды иесі өзі алып келеді. Малда жоғары температура жоқ, оларды көлеңкеге қойылып күтімге алынғанымен құтқару мүмкін болмауда, -дейді Исатай аудандық ветеринария бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ислямғали МАРДАШЕВ. – Малдың өлу себебі әзірге анықтала қойған жоқ, сынама Астана мен Алматыдағы зертханаға сараптамаға жіберілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 тамыз 2017, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.