Атырау, 10 сәуір 00:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 520.48
€ 574.61
₽ 6.06

Министр: биылғы жылдың 6 айында Қазақстан экономикасында өсім бар

1 665 просмотра 41 пікір


АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Биылғы жылы алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 4,2%-ға өсті, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

"Мұнай бағасының маусым айында барреліне 46,9 долларға дейін құлдырауына қарамастан өзінің тұрақтылығын сақтайды. Биылғы жылғы алты айдың қорытындысы бойынша ол барреліне 52,2 доллар деңгейінде қалыптасты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 есе жоғары. Барлық негізгі металдарға бағаның өсуі байқалады", — деді министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша, алдын ала мәліметтер бойынша, биылғы жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 4,2%-ға өсті.

"Экономиканың өсімінің негізін өнеркәсіп (7,8%), құрылыс (5,9%), ауыл шаруашылығы (3,1%), көлік және қоймалау (3,9%), сауда (2,4%) салалары  құрады", — деп атап өтті ол.

Дереккөз: Sputnik

18 шілде 2017, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16