Атырау, 3 ақпан 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59

Мәслихаттан - әкімдікке

4 093 рет қаралды

4 шілдеде облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өзінің жаңадан тағайындалған бірінші орынбасарын таныстырды. Бұл лауазымды атқарған Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ 28 маусымда біздің өңірден өкілеттік мерзімі біткен Қайрат ИЩАНОВТЫҢ орнына сенатор болып сайланған болатын.

- Менің өкіміммен және Президент әкімшілігінің мақұлдауымен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына бұдан бұрын облыстық мәслихаттың хатшысы болған Сағындық Есенғалиұлы ЛҰҚПАНОВ тағайындалды, - деп мәлімдеді Н.Ноғаев «ақ үйдегі» жиналыста.

С.Лұқпанов 1960 жылы туған, мамандығы - инженер, көп жыл бойына жергілікті теміржол бөлімшесінде байланыс және дабыл жүйесінің түрлі бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарған. Облыстық мәслихаттың екі шақырылымына хатшы болып сайланған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 шілде 2017, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.