Атырау, 23 сәуір 15:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

"Сарапшылар дүниежүзі қазақтары қауымдастығы жұмысын түрліше бағалайды", "Өмірхан Алтын: Гәп Елбасында емес, қоластындағы азаматтарда...", "«Олар ертең не істейді?» Қазақ журналисі орысша оқығандардың болашағына алаңдауда"

2 462 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Халық жауының» баласы репрессиядан зардап шеккенін «дәлелдей алмай жүр»" - 1937-1938 жылдардағы СССР-де жүрген саяси репрессия – «Үлкен террорға» биыл 80 жыл толады. Осы ретте Азаттық репрессияға ұшыраған адамдардың ұрпақтарының бірімен тілдескен еді. Петропавл қаласы тұрғыны Болат Мағазұлының әкесі Мағаз Сағындықовтың «Халық жауы» ретінде атылып кеткен. «Бір жасында жетім қалған» ол репрессиядан зардап шеккенін дәелделдей алмай жүргенін айтады. Ал жергілікті прокуратура өкілдері мәселенің шешілмеуін заңға сілтейді.

"Сарапшылар дүниежүзі қазақтары қауымдастығы жұмысын түрліше бағалайды" - «Қауымдастықтың басына зейнеткерлер емес жастар келуі керек» дейді кей пікір иелері. Ал бұл ұйымның басшылығы «көпшілік қауымдастықтың міндетін министрліктердің міндетімен шатастырады» деп кейиді.

ZHASALASH.KZ. "«Қазақстандағы сөз бостандығының жағдайы» атты дөңгелек үстелдің қарары" - Біз, Жанболат Мамайды қорғау комитеті ұйымдастырған дөңгелек үстел қатысушылары, журналистер, құқық қорғаушылар, оқырмандар мен азаматтық қоғам өкілдері, қазіргі қалыптасқан жағдайдағы сөз бостандығы мен тәуелсіз журналистердің тағдырын талқыладық.

"«Сен ат, мен бұғайын» дегендерден пайда бар ма?" - Өткен аптаның бір жаңалығы сенат сайлауы болды. Әр облыстан, Астана және Алматы қалаларынан бір депутаттан – барлығы 16 депутат сайланды. «Сайлау», «сайланды» дегеніміз артық та болар. Шындығында, «тағайындау» өтіп, сенаторларымыз «тағайындалды». Сенаторлыққа үміткерлер, жергілікті әкімдіктер мен мәслихат депутаттарынан басқа ешкім алаңдамаған үйреншікті, «дәстүрлі» саяси үдеріс бұл. Елімізде тұрып жатқан 18 миллион адамның тағдырын биліктің айтағымен жүретін 3-4 мың адам ғана шешуге құқылы ма? Осы турасында әңгіме қозғап көрейік.

INFORMBURO.KZ. "Туризмді дамытуда ғұндардың көшпелі өмір салтын жаңғыртып, Еуропаға танытқан мажарлардан үлгі алу керек" - Ғұн, Түркі дәстүрін сақтап, Еділ патшаның жауынгерлік рухын жалғастырған мажарлар – қыпшақ мадиярларының туысы. Қытайды қалтыратқан ғұндар туралы не білеміз?

ABAI.KZ. "Өмірхан Алтын: Гәп Елбасында емес, қоластындағы азаматтарда..." - Германиядағы қандасымыз Өмірхан Алтын өткен жолғы құрылтайда Қытайдағы қысымға ұшыраған қазақтың мәселесін Елбасыға тікелей жеткізгені белгілі. Осыдан кейін бұл мәселе Германия парламентіне дейін жетіп, қазір Германияның «Жасылдар» партиясы Қытай қысымына ұшыраған қазақтардың жанайқайын Бундестагта талқыға салатынын айтты.

"Терминком тілімізді тұқырта бермесін" - Осы күні терминкомдағылардың кейбір тірлігіне қарап отырып қайран қазекемнің «Бояушы, бояушы  дегенге сақалын бояйды» дегені еске түседі. Жақында онда отырғандардың «дренаж» дегенді де қазақшалап «қашыртқы» деуге болмайды ол термин сөз  деген ұйғарымын естігенде бұл не қазақ тіліне қаскөйлік, не надандық қой деп қанымыз басымызға шапты. Өйткені, бұдан жүздеген жыл бұрын егін егіп, бау-бақша баптаған халқымыз сол заманда-ақ оны «қашыртқы» деп атаған. Оның басты су көзінен, бас арықтан бөлініп, яғни, қашыртып жасалатындықтан солай аталатыныны есі дұрыс адамға ап-анық түсінікті.

QAZAQTIMES.COM. "Балташ Тұрсынбаев: Қазаққа Алаш керек болмай тұр" - Биыл Қазақстан өзінің 26 жыл тәуелсіз ғұмырында көптеген шаралар өткізіп жатқаны белгілі. Ол Алматыда өткен «Универсияда» ойындарынан бастап, Астанада әлем елдерінің басын қосқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесімен аяқталады. Бұл шаралар ел имиджін көтеру үшін өткізу керек ақ дүние шығар. Бірақ осыншама дүниеге қыруар қаржы құртқанда сол ЭКСПО-ның «Нұрлы әлемінің» бір бөлмесіне биыл құрылғанына 100 жыл толып отырған Алаш қозғалысына неге орын бұйырмай қалды? Біз кімдердің алдында қарыздар екенімізді неге ұмытып қалдық? «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген қазақтың мақалын неге ұмыт қалдырдық?  

JASQAZAQ.KZ. "Вице-министр: Елге келіп жатқандардан, кетіп жатқаны көп" - «Егер солтүстік облыстың жұмыс берушісі кемінде оңтүстіктен 3 жылға 5 адамға жұмыс беріп, бар жағдайын жасайтын болса, арнайы келісімшартқа қол қойып, әр маманға 1 миллион теңгеден беру мәселесін қарастырып жатырмыз». Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов газетімізге берген сұхбатында осындай маңызды жағымды жаңалықты жеткізді. Оның айтуынша, 2018-2022 жылдар аралығында еліміздегі көші-қон саласы бір жүйеге келіп, көптеген оң нәтижелі жұмыс атқарылады.

"Айару Бақытбек: Кітап арқылы анамды жақынырақ танып, таңға дейін жыладым" - Сенбіден жексенбіге қараған түн! Сағат 12:30! Кітап сөрелеріне енді түскен Баян Мақсатқызының мемуарына, алғашқылардың бірі болып қол жеткізуге жүздеген жан жиналған! Олардың түнгі тәтті ұйқыларын қиып, продюсермен кездесуге келуіне не түрткі болды?

365INFO.KZ. "Қазақстанда неге қытайлар қаптап барады? Неге солай?!" - «Неге солай» студиясының бүгінгі қонағы – танымал экономист Меруерт Махмұтова.

"«Олар ертең не істейді?» Қазақ журналисі орысша оқығандардың болашағына алаңдауда" - Не деген дархан, кеңпейіл халықпыз, мемлекеттік тіл болып табылатын ана тіліміз, яғни, қазақ тілі өз жерінде жетім баланың күйін кешіп, тиісті мәртебесіне көтеріле алмай отырса да, жоғары оқу орындарын орыс тілінде бітірген түлектердің болашағына алаңдаушылық танытып отырмыз.

4 шілде 2017, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.