Атырау, 11 мамыр 02:44
 ашықВ Атырау +17
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

"Ономастикалық саясат туралы бірер сөз", "«Экологиялық дағдарысқа жақындаған аймақтағы» төлем дауы", "Сыйлық тасасында қалған сөз бостандығы ахуалы", "Ердоғанның С-400-і мен басқа да "ойыншықтары"", "Қазақстан туризмді қалай дамытпақ?"

2 146 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ердоғанның С-400-і мен басқа да "ойыншықтары"" - Түркия қорғаныс қабілетін Ресей көмегімен нығайтпақ па?

"«Экологиялық дағдарысқа жақындаған аймақтағы» төлем дауы" - «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының Жаңажол кенішіне вахталық әдіспен қатынап еңбек ететін ондаған жұмысшысы Ақтөбе қаласына жиналып, экологиялық өтем төлеуді талап етті. Наразы жұмысшылардың барлығы - Арал экологиялық апат аймағы тұрғындары. Мұнай компаниясы министрлік түсініктемесіне сүйеніп, өтемнің жұмысшылар талап еткеннен басқа тәртіппен төленетінін айтады.

"Сыйлық тасасында қалған сөз бостандығы ахуалы" - Қазақстандық журналистердің кәсіби мерекесі күні Алматыдағы жиында елде сөз бостандығы шектеліп отырғаны айтылды. Ресми орындар журналистерді әдеттегідей түрлі сый-сияпат, атақпен марапаттады. Кей сарапшылар билік өз ыңғайына көнетін БАҚ-ды жақын тартып, тәуелсіз басылымдарға қырын қарайды деп санайды.

ZHASALASH.KZ. "Ономастикалық саясат туралы бірер сөз" - Ағымдағы мемлекеттік саясаттың ең осал тұстарының бірі – ономастика саясаты екені баршаға аян. Қоғамның әралуандылығы, ел аймақтарындағы этнодемографиялық жағдайдың біркелкі еместігі, айналып келгенде, унитарлы мемлекетке сай баршаға бірдей ортақ саясат жүргізуге орасан зор кедергі тудырып отыр. Қоғамның қазақтілді және орыстілді болып бөлінуі, көпшілік мойындаған ортақ саяси және тарихи сананың жоқтығы көше мен елді мекен атауларына қатысты айтыстарды этносаралық жанжал дәрежесіне жеткізетіндей. Қазақ көпшілігі үшін көше атауы – тарихи әділеттіліктің орнауы, отарсызданудың, қазақыланудың көрнекі образы мен басты нышаны болса, орыс азшылығы үшін – әрбір өзгерген көше атауы статусының төмендеуі, берекесінің қашып, дәуренінің өткені болып көрінетін болды. Бұл жағдай баспасөз бен интернетте неше түрлі дау-дамайға негіз болып жатады. Қысқасы, бітіспес дау сияқты...

"Димаш пен Сабина танымалдығының cыры неде?" - Димаш Құдайберген мен Сабина Алтынбекова екеуінің Ақтөбеде туып-өскендігінен басқа қандай ортақ ұқсастықтары бар? Азия құрлығындағы Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея елдерінде неліктен Димаш пен Сабина ғана атақты бола алды? Осы мәселені зертттей келе, мен мынадай қорытындыға келдім: әнші Димаш Құдайберген мен волейболшы Сабина Алтынбекованың Азиядағы танымалдығы – олардың кәсіпқой шеберлігінен ғана емес, «азиаттық» мәдени тұтыну мен сұлулық стандарттарына сәйкес келетіндігінде.

INFORMBURO.KZ. "Questra деген жік шықты, екі құлағы тік шықты" - Questra деген жік шықты, екі құлағы тік шықты.

365INFO.KZ. "«Путин оңбай ұтылды». Сарапшы Қазақстанның Ресейден алыстап бара жатқанын дәлелдеп берді" - Әділетсіздік қайда? Әділетсіздік неде? Өмірде. Жұмыста. Тұрмыста. Қайда барсаң да қағажау көрген қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгермегендер немесе шала-шарпы білетіндер билікте отыр. Осы әділ ме? 

"«Петя кінәлі». Доллардың қымбаттап, қайтадан арзандауының себебі белгілі болды" - Ақша айырбас орындарында АҚШ долларының күрт қымбаттап, қайтадан арзандауының себебі белгілі болды.

ABAI.KZ. "Дін саласындағы тұжырымдама рухани дамуға қызмет етеді" - Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының бекітілуі дін саласына жаңа қарқын береді.

"Қытайдағы қандастардың жайына Германия парламенті алаңдап отыр" - Қандасымыз Өмірхан Алтынның Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында кезектен тыс сөзге шығып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің алдында Қытай мемлекеті қазақ ағайындарға соңғы уақыттарда көрсеткен зұлымдықтары, жасалып жатқан қысымдары туралы айтқан сөздері Германиядағы саясаткерлерді де елең еткізді, - деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы.

DALANEWS.KZ. "Бақауов мырза, Керекуді кімге беріп қойдыңыз?" - Әрбір өңірде Ішкі саясат басқармасы бар. Аты айтып тұр. Өңірдегі идеология жұмыстары осы басқарманың қолында. Идеология ойыншық емес. Мұның астарында тәуелсіздік сақтау, ақпараттық қауіпсіздік сияқты маңызды ұғымдар жатыр.

QAZAQTIMES.COM. "Қазақстанға көршілес елдердің әскери қуаты (5) – Түркіменстан" - Түркіменстан Республикасы – Орта Азия мемлекеті. Халық саны 6 млн шамасында. Жер көлемі 488,1 шаршы шақырым болып, оның 80 пайызы құмды шөлдер, тасты таулар алып жатыр. Бес уәлаятқа бөлінеді. Қазақстанмен Маңғыстау облысы арқылы шектеседі. Каспи Теңізі жағалауындағы елге жатады. 

SPUTNIKNEWS.KZ. "Қазақстан туризмді қалай дамытпақ?" - 2023 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді.


29 маусым 2017, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.