Атырау тұрғындары үшін Исатай мен Махамбет алаңында орналасқан алып теледидар едәуір қауіп төндіріп тұр. Оның корпусы безендірілген тақталар өтіп бара жатқан адамдарды зақымдау қаупін төндіріп, төмен құлап жатыр.
Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікбай ҚАЗИЕВТЫҢ айтуынша, бұл нысан олардың балансында емес екен.
Алаңдағы экран қалаға Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына тарту ретінде орнатылған. Бұл жерде кешкісін фильмдер мен ойын-сауық бағдарламалары көрсетіледі деп жоспарланды. Бастапқыда солай болды да. Бірақ экран ұзақ жұмыс жасамады. Көрсетілетін жарнама роликтері экранды ұстап тұру шығындарын көтереді деп күткен қожайынының үміті ақталмады. Бүгінгі күні теледидардың қожайыны кім және оның жай-күйіне кім жауапты екені белгісіз. Сондықтан бір ғана кеңес – осы қара экранды айналып өтіңіз.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор