Атырау, 26 қараша 16:56
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тікұшақ өртенген қамысқа 36 тонна су төкті

3 046 просмотра


24 мамыр күні таңертең Instagram-да Исатай ауданы Жанбай селосы аумағындағы теңіз жағалауында өрт болып жатқаны туралы хабарлама пайда болды.

Автор өз сөзінің дәлелі ретінде аспанда қалықтаған түтіннің суретін де салып қойған. Хабарламадан соң табиғат қорғау прокуратурасы Атырау ТЖД хабарласып, өрт орын алған аймаққа сағат 16.30-да «ҚазӘуеҚұтқару» АҚ Ми-8 тікұшағы жіберілді. Тікұшақ сиымдылығы үш тонна болатын суағар қондырғысымен жабдықталған. Ұшқыш Жанбайдан 15 шақырым жерде шамамен 10 гектардай батпақты алаңда қамыстың өртеніп жатқаныны растады.

ТЖД кезекшісінің берген мәліметтеріне қарағанда, тікұшақ  өрт жалынына суды 12 рет төккен (суды теңізден алған), содан сағат 20.40-та өрт ауыздықталған. ТЖД бастығының орынбасары Замир БЕРДАШЕВТІҢ айтуынша, дала өрттерінің мониторингі «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ ғарыш спутниктерінің көмегімен жүргізіледі. 24-ші мамырда әзірге анықталмаған себептер бойынша спутниктен ешқандай дабыл түспеген.

Бердашев өрттің «адамдық факторлар» салдарынан орын алғандығына сенімді, былайша айтқанда, қамыс арасында кімде-кім жаққан алауларын дұрыс өшірмеген немесе темекі тұқылын тастаған. Өртті сөндіру үшін  қыруар бюджет қаржысы жұмсалады, айталық тікұшақтың бір сағаты 600 мың теңгеге шығады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 мамыр 2017, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.