Атырау, 9 мамыр 02:25
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Шын жүйрікке тұсау жоқ

2 415 просмотра


Екі күн демалыста – 20 және 21 мамырда бильярд бойынша танымал кәсіпкерлердің бірінің інісі Фархат БЕКЕНОВ атындағы республикалық турнир өтті. Биыл турнирдің дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқанына 10 жыл толады. Атыраудағы мерейтойлық сайысқа Қазақстанның ондаған түрлі өңірінен бильярд әуесқойлары қатысты.

Сайыс басталар алдында Фархаттың достары бұрынғы жылдары турнир жеңімпаздары негізінен шеберліктері жағынан жоғары деңгейде көрінген Алматыдан, Семейден, Бішкектен, Ақтөбеден, Ташкенттен, Оралдан келген жігіттер екенін еске салды. Дегенмен де, өзіміздің жігіттер екі мәрте басты жүлдені алған болатын. «Мықтылар жеңіске жетсін!» - 44 қатысушыларға ұйымдастырушылар осындай тілек жолдады.

Ойыншылар арасындағы матчтар 4 жеңіске дейін «Мәскеу пирамидасы» ережесі бойынша өтті. Ұтылған сайысушы турнир «кестесінен» шығып қалады. Сайыстың екінші күнінің соңына қарай алматылық Михаил ЛИ жартылай финалда қызылордалық Асхат КЕҢЕСОВТЕН, ал атыраулық Сергей ПАК Қызылорда облысынан келген байқоңырлық Фархад ҚОСЖАНОВТАН үстем түсті.

Бірінші орын үшін табанды күресте ҚР бильярд спорты бойынша шебер атағы бар 27 жастағы Михаил мықты болып шықты. Ол қазір оңтүстік астанада оқып, жұмыс істеп, сонда тұрып жатса да, оның ата-анасы Атырауда тұрады. Ол осында ата-анасының жағдайын білуге келіп, «жағымдыны пайдалымен» ұштастырыпты. Осы жайттардың барлығын ескере отырып, ресми түрде Михаилды Атырау облысындағы «жасыл шұға үстіндегі ойынның» шебері деп батыл атауға болады.

Бұл жолы мықты ойыншылар сегіздігіне жаңа ойыншы ретінде күтпеген жерден тұрақты, жақсы ойын деңгейін көрсеткен ширек финалға қатысушылар - ақтаулық Азамат ҚҰРБАНОВ, ақтөбелік Мирас САҚТАҒАНОВ және атыраулықтар Фархад МАЙТЫ мен Григорий НИКИТИН енді.

Жолдасқали АЙТМҰХАНОВ, Облыстық бильярд спорты федерациясының басшысы

23 мамыр 2017, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.