Атырау, 24 сәуір 23:44
 ашықВ Атырау +21
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Түлектер-2017: биылғы өзгеріс қандай?

3 376 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет.

Биыл облыста 4514 түлек мектеп бітіреді. Оның 3339-ы ҰБТ тапсыруды ұйғарды. Олардың ішінде «Алтын белгіге» 99 үміткер мен ерекше үлгідегі аттестат алуға 56 үміткер бар.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдан бастап біздің білім беру жүйесі бұрынғы емтихан тапсыру жүйесіне қайта оралады. Алдымен түлектер мектептен аттестаттаудан өтеді, содан соң жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге талап білдірсе, Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Мектептегі аттестаттау 30 мамыр - 10 маусым аралығында өтетін болады.

Атырау облысындағы тестілеу орталықтарында өтетін ҰБТ күні әзірге жария етілген жоқ. 7 ауданның әрқайсысында ҰБТ тапсыратын 1 пункттен және облыс орталығында жергілікті екі университет базасында 2 пункт бар. Олардың барлығы ұялы телефон сигналын тұншықтырғышпен және бейнекамералармен жабдықталған.  

Аттестаттарды табыстау салтанаты 12 маусымға ауыстырылды. Бұл күнге дарынды балалар форумы белгіленіп, облыс басшылығы салтанатты түрде аса ерекшеленген түлектерге аттестаттар табыс етеді деп жоспарланып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

22 мамыр 2017, 21:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.