Атырау, 25 сәуір 03:58
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Автобус қайда барады?

3 546 просмотра


Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі келісімшарт бойынша автобус аялдамаларындағы электронды 20 таблоға қызмет көрсетуге тиіс болған «Akcent» ЖШС-ін сотқа берді. Ал мемлекеттік сатып алу порталында тендер жарияланып, басқа мердігерді іздестіруде.

БАСТЫ АҚПАРАТСЫЗ ТАБЛО

Еске салсақ, 2015 жылы Атырауда «Интеллектуалды көлік» пилотты жобасы басталды. 250 GPS-трекер мен 250 автоинформатор сатып алынды, орталық диспетчерлік қызмет ұйымдастырылды, автобустардың ағымдық мекен-жайы туралы хабардар болу үшін қала тұрғындарына арналған «INFOBUS» мобильдік қосымша іске қосылды. Ал тораптық аялдамаларда жалпы құны 39 млн теңге болатын 20 ақпараттық табло орнатылды. Олар жергілікті уақытты, ауа температурасын, аялдама атауын және бастысы – маршруттар трафигін көрсетуге тиіс болды. Алайда табло әлі күнге дейін оларды көрсетіп тұрған жоқ.

Біз қалалық әкімдікке сауал жолдадық. Қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВТЫҢ қолы қойылған жауапта, атап айтқанда,  «Akcent» ЖШС-нің өз міндеттемесін орындамағаны және істің сотта шешілетіндігі айтылған. Ал әзірге табло 2016 жылдың қазанында қалалық ТКШ бөлімінің жанынан құрылған «Смарт Атырау» КММ балансына берілді. Жарты жыл ішінде «Смарт Атырау» жанындағы орталық диспетчерлік қызмет 79 заң бұзушылықты, соның ішінде, автобус жүргізушілерінің GPS-трекерлерін өз беттерімен ажыратып тастайтындығы (олар кейіннен тәртіптік жауапкершілікке тартылды) анықтады Қазіргі кезде 40 GPS-трекер жұмыс жасап тұр, қалған 210-ы қайта бағдарламалаудан өтуде. Ал GPS-трекерлер үздіксіз жұмыс жасамайынша, маршруттар трафигін аялдаманың электронды таблосына шығару мүмкін емес. Қаладағы және қала маңындағы автобустардың барлығын толық қамту үшін тағы 100 трекер алу жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, әкімдік «Смарт Атырау» КММ-не қаланың қоғамдық көлігін дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды: «Қазіргі уақытта тұжырымдама мемлекеттік сатып алулар порталында хабарландыру кезеңінде тұр. Оны әзірлеу бойынша Алматы қаласындағы «Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясымен» келіссөздер жүргізілуде. Тұжырымдама қаланың бүкіл жаңа ықшамаудандарын қамтиды және жаңа маршруттық бағыттарды әзірлеуді қарастырады. Сонымен қатар, «2017-2022 жылдарға арналған Атырау қаласының қоғамдық көлігін дамыту  бағдарламасын» әзірлеу қарастырылған».

Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі келісімшарт бойынша автобус аялдамаларындағы электронды 20 таблоға қызмет көрсетуге тиіс болған «Akcent» ЖШС-ін сотқа берді. Ал мемлекеттік сатып алу порталында тендер жарияланып, басқа мердігерді іздестіруде. 

БАЛАЛАР ҮШІН - 50%

Жақында өткен Қоғамдық кеңесте қала әкімі Серік ШАПКЕНОВ сабақ кезінде оқушылардың жол жүру ақысының 50%-ын төлеуі қажет екендігі туралы мәселе көтерген болатын. Біз қалалық әкімдіктен басқа мәселелермен қатар: бұл тармақ жолаушылар тасымалы бойынша өткізілетін келесі тендердің шартына енгізілетінін білдіре ме, әлде қалалық билік «Интеллектуалдық көлік» жобасының мәрелік кезеңі болуы тиіс электронды билеттеу жүйесінің енгізілуін күтеді ме деп сұрадық. Сауалға берілген жауапта былай делінген: «Көлік туралы» заңның 13-бабында 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға билеттiң толық құнының 50 пайызын төлей отырып, билеттер сатып алу қарастырылған. Келесі тендерде бұл тармақ шарт тізіміне енгізілетін болады. 

Айтпақшы, скептиктердің пікірінше, электронды билеттеу өте қымбат жүйе, ол Атырауда емес, тек мегаполистерде ғана ақталады екен. Дегенмен де, қалалық әкімдік оны енгізбек. Өйткені, бұл біріншіден, жолаушылар ағымының толық көрінісін алуға, екішіден, көлеңкелі айналымнан жолақы үшін жиналатын төлемақының едәуір бөлігін шығаруға, үшіншіден, жолаушылардың белгілі бір санатына ұсынылатын жеңілдіктерді жабу үшін бюджет қаржысын анағұрлым нақты жоспарлауға мүмкіндік береді.

Мұның қаншалықты жүзеге асатындығын уақыт көрсетеді. Әзірге, бірнеше жылдан бері Атырауда қарапайым қағаз билеттерді енгізуге тырысып жүргендігін, бірақ бәрі зая болғандығын еске алған жөн. Бәлкім, бұл тасымалдаушылар үшін тиімсіз шығар. Таң қаларлық, алайда, қалалық билік қағаз билеттің қолданыста бар екенін растап отыр. Тек «кондукторлар заң бұзушылықтарға жол беретін фактілер бар. «Смарт Атырау» КММ қызметкерлері ТКШ-мен бірлесіп, заң бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер өткізеді және тиісті шаралар алады».

Қалалық әкімдік «Интеллектуалды көлік» жобасының ақтық енгізілетін нақты мерзімін атамады. Тек, қоғамдық көлік жұмысы бойынша шағымдар мен ұсыныстарға арналған қауырт желінің бар екенін хабарлады - 8(7122) 75 57 57. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА


16 мамыр 2017, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.