Атырау, 6 мамыр 20:48
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Әліппесіз әріп тану залалы", "Қазақстанды азаматтардың сотқа кіруін шектемеуге шақырды", "Үйің жоқ болса…", "Дугин: Ресейге қарсы шыққан Грузия, Украина, Молдова елдерінің шекарасы қиратылды, ал Қазақстан..."

2 649 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қазақстанды азаматтардың сотқа кіруін шектемеуге шақырды" - ЕҚЫҰ Қазақстанның Жоғарғы сотына кіру режимі ережесін халықаралық құқықтық стандарттар мен ұлттық заңдарға келушілерді соттарға қатыстыру және ашық сот отырыстарына бару тұрғысынан сәйкестендіруді ұсынды.

""Узнефтегаз" жұмысшылары басшылыққа талап қойды" - Өзбекстандағы жанармай сататын мемлекеттік компания жұмысшылары өздеріне тиесілі еңбекақыны төлеуді басшылықтан талап етті. Бұрын Ислам Каримов президент болып тұрғанда бұлайша бас көтеру сатқындықпен пара-пар саналатын.

ZHASALASH.KZ. "«Алға, Қазақстан!» ауру ма, әлде біздің бүгінгі болмысымыз ба?" - «Алға, Қазақстан!» Осы бір сөзді кім, қашан айтқанын, оның қалай жалпыхалықтық қолданысқа еніп кеткенін білмеймін. Әйтеуір, ерінбеген адамның шеке тамырлары одырайып, кеңірдегі жыртылып, «Алға, Қазақстан!» деп айғайлап жатады.

"Атамның жазығы не?" - «Жас Алаш» газетінің 29 сәуір күнгі №34 санында «Солдат Никулиннің естеліктері» жарияланды. Мен осы естеліктерге қатысты өз ойларымды айтсам деймін. Мақаланы оқи отырып, бір жағы, кешегі зұлмат күндердің ауыртпалығын көрген майдангерлердің аянышты тағдырларына жүрегім ауырса, екінші жағынан, көпке топырақ шашқан қарт жауынгердің айтқандарына ызам келді. Неге дейсіздер ғой, өйткені бұл сұрапыл соғысқа менің атам Қыдырбай да қатысты, қатысқаны сол – соғыстан қайтып оралмады. Отанды қорғау жолында аталарымыз бен әкелеріміздің от кешкені айдан анық. 

ABAI.KZ. "Ұлтқа қарсы кез-келген азаматты «жарнамалау» керек" - Ұлтқа, ұлттық мүдеге, қала берді мемлекетке қарсы келген кез-келген азаматты «жарнамалау» керек. «Жарнамалағанда» да, есекке теріс мінгізіп, сүйегінен өтер сөздер жазып, үлкен қалалардағы даңғылдар бойына билбордқа іліп тастаған жөн. Әйтпесе, қазақты қорлау ешқашан да тоқтамайды.

"Әліппесіз әріп тану залалы" - Сонымен жаңа оқу бағдарламасына негізделген алғашқы оқу жылын да аяқтап қалдық. Биыл қызым бірінші сыныпқа барғандықтан бұл реформаға тікелей бағынышты жандардың бірі болдым. 1913 жылдан бастап бір ғасырдан астам уақыт «Әліппе» атауымен жүрекке жылы оқулыққа білім мен ғылымға басшылық ететін басты мекеме салауат айтқан соң, мектеп табалдырығын аттаған 380 мыңнан астам бүлдіршін, олардың ата-аналары, ұстаздар қауымы «сауат ашып шықтық».

365INFO.KZ. "«Неткен пәле адамсың!». Саясаттанушы Путиннің сатқындығын бетіне басты" - 9 мамыр тақау қалды.  Жыл сайын аталып өтетін осы күн соңғы уақытта қоғамда қызу пікірталас туғызып жүр. Неге? Бұған бір жағынан қазақтың сана-сезімінің өскендігі себеп шығар. Көп нәрсеге басқаша қарайтын болдық. Тәуелсіздік біздің өткенге деген пайым-пікірімізді өзгертті. «Жас Алаш» газетінде жарияланған мақаласында саясаттанушы Расұл Жұмалы осы туралы айтыпты.

"«Бекболаттың арқасы екен!». Жаңа оқу жылында қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?" - Ата-ана біледі. Бала оқыту оңай емес. Сабағы, тамағы, сөмкесі, кітап-дәптері қазіргі уақытта бәрі ақша. Оның үстіне, оқу бағдарламасы да өзгеріп жатыр. Оған да ілесу керек.

QAMSHY.KZ. "Жат ағымда болған қазақ әйелі ішкі сырымен бөлісті: «Балам қайыр тілеп отыратын»" - Әсел Базарбаева жөнінде қазақ жұртшылығы Қазақстан халқы Ассамблеяның XXV сессиясында білді. Көкшетау тұрғыны іс-шарада баяндама жасаушылардың қатарында болуы керек еді, бірақ уақыттың жетіспеушілігінен оның баяндамасы оқылмай қалды, алайда Әсел өзіне көңіл аудартпақ болып, микрофонды сұрайды. Мұны байқаған Елбасы оның баяндама жасауына рұқсат етеді. Мінберге шыққан төрт баланың анасы басынан кешкен қиын тағдыры жайында айтып берді.

"Дугин: Ресейге қарсы шыққан Грузия, Украина, Молдова елдерінің шекарасы қиратылды, ал Қазақстан..." - Әзірбайжан мен Ресей қарым-қатынасы және таулы Қарабахтағы текетірес, Ресей мен Түркия арасындағы жағдай жайында Александр Дугин өз сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Yenicag.Ru басылымына сілтеме жасап.

QAZAQTIMES.COM. "Қарапайым өмірде жіберіп алатын 10 қателік" - "Бақыттың" нақты не екендігін әлі нақты еш ғылым аша алмағанымен, "бақытты болудың" миллиардтаған тәсілі бар. Бірақ бір сәттік бақыт пен өмірдің мәнін шатастырып алмағаныңыз жөн. Адамдар бақыт қуып кейде бастарын тауға да, жарға да "соғып" жатады. Ақырында бар талпыныс еш кетпек. Тіпті тапқан-таянғаны басқа кем-кетігіне кетіп, орны толығып отыратыны заңдылық. Соңында өмірдің қалай өтіп кеткенін байқамай қалып жатады. Өмірде тек ақша мен бақыттың соңынан қуып нағыз байлық пен бақыттан қағылып қалмаңыз. Сол себепті де өмірдің әр секундына мән беретін төмендегі біраз кеңестерді ұсынамыз.

"Табыстың көп немесе аз болуы денсаулыққа еш әсер етпейді" - Табыс өздігінен адамның денсаулығын  жақсартпайды, яғни тікелей әсер етпейді. Бұл жерде жоғарғы табысқа байланысты нәрселер: үздік білім, сапалы тамақтану, қоғамдық байланыс, отбасы тұрақтылығы тағы басқалар маңызды рөл атқарады. 

AIKYN.KZ. "Үйің жоқ болса…" - Біреудің үйі жоқ, біреу енесімен тұрады. Біреу жалдайды. Ал, біреудің пәтері бола тұра үйім бар деген сезімге бой алдыра алмайды. Үйің жоқ болса, бұған не себеп?

TURKYSTAN.KZ. "Қала көркіне көлеңке түсіргендер" - Өмір сүру үшін, жан бағу үшін әркім қолынан келген ісімен айналысады. Қолынан іс келмейтіндер жалданып қызмет етіп, маңдай терімен нан табады. Сондай-ақ, қоғамда тағы бір әлеуметтік топтың өкілдері бар. Олар – қайырымды жандардан көмек сұрап, қайыр тілейтіндер. Қайыршылар үшін әркімге бір алақан жайып, қайыр сұрау оңай емес екені анық. Ендеше, қайыршылық қайдан шығады? Қайыршысыз қоғам болуы мүмкін бе? Олармен күрес жүргізген дұрыс па?

"Бексұлтан Нұржеке-ұлы: Ұлттық код – біздің тегіміз, тарихымыз" - Таяуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Газетіміздің өткен санында көпшілік құлағына жетпеген, эфирден көрсетілмеген мәселелерді жазушылар Дулат Исабеков пен Смағұл Елубаев айтып берген еді. Енді әңгіменің қорытындысы ретінде Бексұлтан Нұржеке-ұлынан көпшілік назарына ұсынылмаған өткір пікірлерді сұрадық. Белгілі жазушы әңгімені өзі бастады.

4 мамыр 2017, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.