Атырау, 6 мамыр 19:06
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"9 Мамыр – мереке емес, аза тұту күні", "Жеңіс күні 20 жыл бойы неге тойланбады?", "Одессадағы бүлік. «Антимайдан» мен «Еуромайдан» қақтығысы қалай тергеліп жатыр?", "Трамппен «тату» Путин Меркельмен «суық» сөйлесті"

3 425 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Трамппен «тату» Путин Меркельмен «суық» сөйлесті" - Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен мамырдың 2-сі күні телефонмен сөйлесті. Екі ел басшысы желі арқылы осымен үшінші рет сөйлесіп отыр. Ал Германия канцлері Ангела Меркельмен Владимир Путин Сочи қаласында кездесті. Олар Украина мен Сирия дағдарысы кесірінен нашарлап кеткен қарым-қатынас жайын талқылады.

"Әлімжеттік көрген әйел көбейе түсті" - Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті дерегінше, өңірде биыл үш айда «әйелдерге қарсы қылмыс» саны былтыр осындай мерзімде жасалған қылмыстар санынан асып кеткен. Ал әлімжеттік көрген әйелдер әңгімесін тыңдасаңыз, озбыр еркектер арасында «анасын ұратындар» да, «балаға тиісетіндер» де, «жарын сабайтындар» да бар. Психологтар бұл құбылысты «депрессияға түскен ер адамдардың көбеюімен» түсіндіреді.

ZHASALASH.KZ. "9 Мамыр – мереке емес, аза тұту күні" - Өткен тарихқа ортақ ой мен көзқарастың болмауы қандай да қоғамның іштей әлсіздігіне, араздығына, сыртқы ықпалға бейім болуына әкеледі. Қазақ елі үшін сондай тақырыптың бірі – 9 Мамыр. Жыл сайын аталып өтетін осы күн қоғамда қызу пікірталас тудыратыны жасырын емес. Бірі оны Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен Кеңес Одағы халықтарының ортақ мерекесі деп таниды. Басқалары 50 миллион адамның өмірін жұтқан қасіретті қуана тойлаудың еш реті жоқ, бұл қайғы мен еске түсіру күні деп санайды. Енді бірі екі басқыншы империя текетірескен, қазақ үшін бөтен, кескілескен ұрыс деп ұғынады.

"Жеңіс күні 20 жыл бойы неге тойланбады?" - 9 Мамыр жақындаған сайын баспасөзде, әлеуметтік желілерде дау көбейеді. Жұрт екіге жарылады. Дау «Ұлы Отан соғысы ма, Екінші дүниежүзілік соғыс па?» деген сұрақтың төңірегінде өрбиді. Екі жақ та қайтпайды. Қарап тұрсаңыз, бұл да отарланған сананың бір көрінісі. Тарихтағы атау – Екінші дүниежүзілік соғыс. Сонда дау қайдан шығады дейсіз ғой. Дау Совет өкіметінің құлағанына ширек ғасырдан бері сене алмай жүргенде соңғы жылдардағы Ресей билігінің Сталинді қайта ұлықтай бастағаны үмітін оятқандай болған біздің қоғамның бір бөлігі... Олардың ішінде ардагер атасының арқасында үй алып, мереке сайын мемлекеттен сыйақы дәметіп аталарының мойнына мініп отырғандарды қосыңыз. Бұларға салсаңыз, 9 Мамыр – Жеңіс күні жылдан-жылға зорая бергені жақсы. Олар ескілікпен, өткенмен өмір сүріп жатқан адамдар. Әрине, жалтақ саясаттың да салқыны бар. Әйтпесе Екінші дүниежүзілік соғысты Ұлы Отан соғысы деудің өзі біле білген адамға Тәуелсіздікті жоққа шығарып тұрған сөз емес пе?! Бірақ коммунизм идеясы сүйегіне сіңіп, совет мектебінен шыққан басшылар оны білсе де, өзінен аттап кетуі қиын-ау.

QAZAQTIMES.COM. "Одессадағы бүлік. «Антимайдан» мен «Еуромайдан» қақтығысы қалай тергеліп жатыр?" - 2014 жылы 2 мамырда Одессадағы қақтығыста 48 адам қаза тауып, 250-ден астамы зардап шеккен. Украинадағы Би-би-Си  қызметі Одессадағы осы жағдай бойынша украиналық тергеушілер жүргізіп келе жатқан қылмыстық істер жағдайына шолу жасады. 

ABAI.KZ. "Қайран ұстазымның қадірі-ай..." - Ол үйге неге бара беретінімізді өзіміз түсінбейміз. Әйтеуір аңсарымыз ауып тұратын. Атаның қасынан айналшықтап шықпаймыз. Бізді сол шаңыраққа тартып тұратын көзге көрінбес «магнит» – оның әдемі әңгімесі, апаның тәтті тағамы мен кешқұрым ойнайтын футбол еді. Бізді қызықтырғаны осылар ғана... Ойын баласына бұдан артық қандай рахат керек десеңші?!

"Трамп пен Путин не туралы сөйлесті?" - АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин сейсенбі күні телефонмен сөйлесіп, Сириядағы жағдайды талқылады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

AIKYN.KZ. "Бiрнеше жерде жұмыс iстейтiндер сақтандыру жарнасын қалай төлейді?" - Мәжiлiстiң жалпы отырысында «Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорының» төрайымы Елена Бахмутова бiрнеше жерде жұмыс iстейтiндер жарнаны қалай төлейтiнiн түсiндiрдi.

DALANEWS.KZ. "Қандастар жерді хат арқылы сұрау керек" - Жақында  Abai.kz ақпараттық порталында, содан кейін «Егемен Қазақстан» газетінің сайтындағы төте жазу нұсқасында «Нұр Отан» партиясы Республикалық қабылдау бөлімінің кеңесшісі, қоғам қайраткері Ауыт Мұқибектің оралмандарға жер беру тәртібі, заңға сәйкес іске аса бастайтыны туралы мақаласы жарық көрді. Жұртшылықтың бұл жағымды жаңалыққа ықыласы ерекше болды. Дегенменде, «Бұл әлі толық шешімін таппаған мәселе. Айтуға оңай, сүйінші сұрауға ерте» деген пікірлер де қылаң берді. Мәселені талдап түсіндіруді сұраушылар да болды. Сондықтан біз көпшілік көңіліндегі түйткілді сауалдарды осы мәселенің басы-қасында жүрген Ауыт мырзаның өзіне қойып, мәселенің анық-қанығын індете сұрауды жөн көрдік. 

QAMSHY.KZ. "«Жасанды ғалымдар» кесірінен Ислам әлемінде қым-қиғаш, аянышты хал-ахуал, қанды қақтығыстар белең алуда" - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамда үлкен серпіліс туғызып, терең талқыланып жатыр. Тереңірек үңіліп, байыпты бағалай білсек, құжатта айтылған ойлар бүкіл қоғамнан халқымыздың рухани жаңғыру мәселелерін қозғайтын көпқырлы кешенді еңбекке негізделген іргелі істер атқаруды талап етеді. Енді олар қалай жүзеге асырылуы тиіс? Нәтижелі болуы үшін бірінші кезекте қандай тұстарға көңіл бөлінуі қажет? Осы мәселелер төңірегінде «Академик А.Ақаевтың «Ясин» технологиясы және «Қазығұрттану» ғылыми зерттеу институтының президенті, биология және экономика ғылымдарының докторы, академик Аманбек АҚАЕВПЕН сұхбаттасқан едік.

TURKYSTAN.KZ. "Өзімшіл қоғамда өгей бала өксиді…" - Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған ел еді. Алайда уақыт өткен сайын жетімдердің тағдыры қоғамдағы күрделі мәселеге айналып барады. Жатырын жарып шыққан баласын қоқысқа тастап кететін тасжүрек аналар, жетім баланы өгейсітіп, жанын жаралайтын қатыгездер өмір сүретін бүгінгі қоғамда қазақтығымызды жоғалтып аламыз ба деген ой санамызды сансыратып жатқаны рас. Балалар үйіндегі жәутеңкөз жетімдерді өз тәрбиесіне алуға ниеттілердің көптігі жанымызды жайландырғанымен, соңғы мәліметтер бұл үміттің де үзіле бастағанын аңғартқандай.

JASQAZAQ.KZ. "Әй, бай-бағылан, намысың болса, жүрегің болса, оян!" - Қазақстанда бай-бағыландардың қатары көп. Бір ғана байдың зәулім сарайы мен қымбат көлігінің құны қаншама қазақстандықты баспанамен қамтамасыз етуге жетер еді.



3 мамыр 2017, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.