Атырау, 7 мамыр 03:59
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Ақышев Құлыбаевты президентке айта ма?", "Д.Кривошеев: 1-мамыр - бәрімізге ортақ тіл қазақ тілі күні болсын!", "Ресей-Жапон келіссөзінде көп сыр жатыр", "АҚШ президенті Дональд Трамптың 100 күні"

2 197 просмотра

AZATTYQ.ORG. "АҚШ президенті Дональд Трамптың 100 күні" - Қызметіне кіріскеннен бергі алғашқы жүз күнде Дональд Трамптың жеңісі көп пе, әлде жеңілісі ме? Трамптың тұлғасы айқындала бастады ма? Кремль Трамптан қауіптенуі тиіс пе? Трамптың ең үлкен тосын сыйы қандай болды?

"Сәтбаевтың «насихатшылары»" - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында жергілікті үш тұрғын «терроризмді насихаттау» ісіне қатысты түрлі мерзімге сотталды. Бірақ әлгі істерге қатысты көп жайттар баспасөзге беймәлім, үшеуінің үкімдері жайлы хабар да біраз кешігіп жария болды.

ZHASALASH.KZ. "Ақышев Құлыбаевты президентке айта ма?" - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының жиынында Ұлттық банкті «Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорындағы зейнетақы қаржысын дұрыс бақылай алмай отыр» деп сынады. Т.Құлыбаев зейнетақы қаржысы Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басқаруына өткеннен бері «еш нәрсенің түбегейлі өзгермегенін» мәлімдеді.

"Жармахан ТҰЯҚБАЙ: ҚАРАПАЙЫМ АДАМ БОП ӨМІР СYРУДІ АРМАНДАЙМЫН" - «Ашық әңгіменің» бүгінгі қонағы – саясаткер Жармахан Тұяқбай. Кезінде лауазымды қызметтер атқарған, оппозицияға өтіп президенттік сайлауға түскен қайраткер кейде саясаттан жалығатынын, қарапайым адам боп өмір сүруді армандайтынын да жасырмады.

"Солдат Никулиннің естеліктері" - Соғыс үлкен кабинеттерде жоспарланып, жүзеге асады. Бар ауыртпалық қарапайым солдатқа түседі. Қан кешеді. Өлім құшады. Қыршынынан қиылады. Зәуде тірі қалса, санасына соғыс салған жара өмір бойы сыздап, жанын жегідей жейді. Генералдар, қолбасшылар, шолақ белсенділер, бұйрық берушілер, саяси жетекшілер, тағы басқа толып жатқан қан майданның ортасына барып көрмегендердің естеліктері отаншылдыққа, жалынды сөздерге, жеңіске жеткізген түрлі іс-қимылдарға толы болады. Ал қатардағы солдат көрген соғыс мүлдем басқа. Ресейдің өнертанушы академигі Николай Никулиннің 1975 жылы жазып, 30 жыл бойы тартпасында жатып барып жарық көрген «Соғыс туралы естеліктер» кітабы Екінші дүниежүзілік соғыстың шын бейнесін аша түседі. Соғыстағы жағдай бізге үйретіп, айтып, сендіріп келгендей емес, мүлде басқаша болғанын естеліктерді оқыған адам түсінеді. Жалпы, қан майданнан оралған солдаттардың ішінде естелік жазғандар көп емес. Солардың ішінде соғысты солдаттың көзімен боямасыз баяндаған Никулин естеліктерінің Екінші дүниежүзілік соғысты «Ұлы Отан соғысы» деп ұрандап жүрген бүгінгі ұрпаққа да берер мағлұматы көп-ақ...

365INFO.KZ. "«Арасында Шаханов жүр». Латын әліпбиіне қарсы шыққан Ашық хат жарияланды" - Айталық «Жас Алаш» газеті осыдан төрт жыл бұрын жарияланған «Латын әліпбиіне қарсымыз» деген Ашық хатты қайта басыпты. Белгілі қаламгер Марат Тоқашбаев мұны түсінбей отыр. Оның пікірінше латын әліпбиіне көшу – отарсыздану талабы! Қазақ халқы отаршылдықтың сарқыншақтарын жою үшін әлгі 19-дың Кеңсайға қоныс аударуын күтіп отырмайды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазыпты.

ABAI.KZ. "«Жаңғыру» үшін байырғыландыру, қазақыландыру саясатын» жүргізу керек" - Тарих тағлымына жүгінсек, Ресей империясының отаршылдық саясатының нәтижесінде кең-байтақ қазақ жеріне келімсектер әр түрлі сылтаумен  жымысқыланып келіп,  әбден сіңісіп,  жайлап алғандығы белгілі. Осылай ұзақ жылдар бойы ассимилияция арқылы ұлттарды жұтып қою саясаты жүргізіліп, славян ғұрпы мен мәде­ниеті күштеп таңылды. Кейіннен түрі кеңестік, заты интернацио­налистік жаңа отарлаудың құрбаны болған Қазақстанда 20-жылдары "қазақтандыру", яғни байырғыландыру (коренизация) саясаты жүргізілді.

"Білімсіз «діни ғалымдар» қаптап барады" - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамда үлкен серпіліс туғызып, терең талқыланып жатыр. Тереңірең үңіліп, байыпты бағалай білсек, құжатта айтылған ойлар бүкіл қоғамнан халқымыздың рухани жаңғыру мәселелерін қозғайтын көпқырлы кешенді еңбекке негізделген іргелі істер атқаруды талап етеді. Енді олар қалай жүзеге асырылуы тиіс? Нәтижелі болуы үшін бірінші кезекте қандай тұстарға көңіл бөлінуі қажет? Осы мәселелер төңірегінде «Академик А.Ақаевтың «Ясин» технологиясы және «Қазығұрттану» ғылыми зерттеу институтының президенті, биология және экономика ғылымдарының докторы, академик Аманбек АҚАЕВПЕН сұхбаттасқан едік.

QAMSHY.KZ. "Д.Кривошеев: 1-мамыр - бәрімізге ортақ тіл қазақ тілі күні болсын!" - Қазақ тілінің латынға көшуі турасында БАҚ қана емес Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері де өз пікірлерін білдіруде. Денис Кривошеев есімді журналист өзінің фейсбуктағы парақшасында өз пікірін білдірді.

"Астана процесі. Тараптар төртінші кездесуден тың нәтиже күтеді" - Астанада 3-4 мамыр күндері Сириядағы жағдай бойынша халықаралық кездесудің кезекті отырысы өтеді. Астанада өтетін келіссөздерге сириялық қарулы оппозицияның қатысатынын Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады. Қарулы топтар делегациясының мүшесі Фатех Хассунның мәлімдеуінше, шараға шақырту ресейлік делегациядан келіп түскен.

AIKYN.KZ. "Білім беру инновациялық қадамдарды талап етеді" - Қазіргі таңда Қазақстанда PR-технологиялар қарқынды дамып отыр. Қоғаммен байланыс қызметінің әсіресе бизнес-құрылымдар үшін рөлі ерекше. PR-құралдары, яғни баспасөз мәслихаты, алқасөздер, медиа-турларды ұйымдастырып, өткізу маңыздылығын жойған жоқ. Сонымен қатар PR-дың жаңа құралдары да пайда бола бастады. Мәселен, ет, палау жеп, шай ішіп отырып, бейресми жағдайда БАҚ өкілдерімен әңгіме-дүкен құру көбірек нәтиже беретіндігін компания өкілдері жиі айтып жүр.

QAZAQTIMES.COM. "Ресей-Жапон келіссөзінде көп сыр жатыр" - Сәуірдің соңғы күндері Жапония премьер министрі Мәскеуде арнайы мемлекеттік сапарда болып қайтқаны белгілі. Қазір Шығыс Азия өңірлік қайшылығының жаңа деңгейде тұр. Екі ел басшыларының Мәскеудегі кездесуі бір қатар маңызды мәселелер төңірегінде нүкте қоюға тырысты. Жапон бас уәзірі Шинзо Абе (Синдзо Абэ) мен Ресей президенті Владимир Путин Жапонияның солтүстігіндегі аралдардың экономикасын ортақ дамыту ісі туралы кеңесті. 

2 мамыр 2017, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.