Атырау, 27 қараша 14:59
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Оқушылардың жолақысы үшін тартыс

6 060 просмотра
Серік ШАПКЕНОВ

Атырау облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысында облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА Атырау қаласының әкімі Серік ШАПКЕНОВТІҢ мектеп оқушылары сабақ уақытында қоғамдық көліктермен жүру ақысының 50 пайызын төлей бастасын деген ұсынысымен келіспейтіндігін білдірді.

С.Шапкеновтің айтуынша, тасымалдаушылар көп уақыттан бері осындай ұсыныс айтып келеді. Әкім де олардың дәлелдері себепті деп отыр. Оның үстіне балалар тегін жолақыны пайдаланып, қоғамдық көлікті мектепке бару және кері қайту үшін ғана емес, қосымша сабақтарға, үйірмелерге, спорт секцияларына бару үшін де пайдаланады.

Біз сабақ кезінде балаларымыз жолақы төлемейтін еліміздегі бірден бір өңірміз. Барлық жерде оқушылар жолақының жарты құнын төлейді. Біз электронды билет енгізгіміз келеді, сол кезде оқушылардың күніне қанша рет көлік пайдаланатыны бірден көрінеді, - деді С.Шапкенов.

Нұрсәуле САЙЛАУОВА

Н. Сайлауова басқаша деп есептейді.  Оның пікірінше, бүгінде қоғамдық көлікпен жүретін балалар соншалықты көп емес:

- Отбасылардың көпшілігінде жеке көліктері бар. Балаларын мектепке, үйірмелерге өздері тасиды. Автобустарды нағыз мұқтаж отбасының балалары қолданады. Мәселен, төрт оқушы баласы бар отбасына жолақы үшін қанша ақша кететінін елестетіп көріңізші. Балалардың түрлі секциялар мен үйірмелерге баруына кедергі жасауға болмайды. Бос сенделіс балалар мен жасөспірімдерге пайда әкелмейтіні сөзсіз, бәлкім, ауыр салдарға соқтыруы мүмкін.

Алайда әкім өз пікірінде қалды. Ол бала мектептен алысқа кетіп қалмайтындай етіп тәрбие жұмысын ұйымдастыру керек, яғни, бүкіл үйірмелер мен секциялар мектепте де болады деп есептейді. Алайда бұл білім беру жүйесінде үш маусымдық режим жойылғаннан кейін ғана мүмкін болады деп айтып қалды.

-  Ал әлеуметтік осал топтар үшін өз құралдары бар, - деді әкім.

Зульфия ИСКАЛИЕВА


1 сәуір 2017, 21:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.