Атырау, 27 сәуір 02:14
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Миллион тұратын есеп

14 341 просмотра


Ақылбек КӨПЖАСАРОВ 20 жаста. Ол ата-анасымен бірге екі бөлмелі үйде тұрады. Оргтехника дүкенінде кеңесші болып жұмыс жасайды. Аңғал математиктің көне замандағы әйгілі үш есептің біреуін - бұрыштың үшсекциясы (трисекция) туралы есептің шешуін тапқанын білмесек, қарапайым ғана жігіт. Бұл фактіні Филдс сыйлығы комитеті мен Еуропа математика қоғамы растаған.

Бұл шеңбердің квадратурасы мен кубтың екі еселенуі туралы есептермен қатар көп ғасырлар бойы классикалық шешілмейтін құрылымдық ойжұмбақ деп саналып келді. Циркульдің және сызғыштың көмегімен берілген бұрышты тең үш бөлікке бөлу керек. Мұндай құрылымның мүмкін еместігін, тіпті, француз математигі Пьер Лоран Ванцел 1837 жылы дәлелдеген.

Ақылбек ол туралы алғаш рет 15 жасында өз ұстазынан математика бойынша өткізілетін факультативтік сабақ кезінде естіпті. Содан бері қарай әр бос уақытын ол есептеумен өткізген.

– Математикалық сайттардан көпшілігінің әлі күнге дейін осы есептерді шешуге тырысатынын оқыдым. Бәсекелестіктің маған дем бергенін жасырмаймын, - дейді Ақылбек. – Бүгінгі күні жалпы жағдайда бұрыштың үшсекциясы циркульдің немесе сызғыштың көмегімен орындалмайтыны дәлелденсе де, бұл құрылымды орындауға болатын қисық сызықтар бар: Паскаль ұлуы немесе трисектрисасы, Никомед конхоидасы, конустық қималар, Архимед спиралі, сонымен қатар, жазық оригами көмегімен құрылым жасау. Мен есеп шартын ұстанғым келмеді. Сол кезде Морлей теоремасына жүгініп, есепті Ламун шеңбері арқылы шешпек болдым. Алайда, өкінішке орай, тұйыққа тірелдім. Сол кезде ойыма Киперт гиперболасының және үшінші шеңбер ережесінің көмегімен Гильберттің дәлелін пайдалану идеясы келді. Сіз мені түсініп отырсыз ба? – деп күлді Ақылбек, менің түрімді көріп.

- Жоқ, – деп шынымды айттым. Бірақ осы сөздердің мағынасын түсінетіндер көне есептің шешімін Еуропа математика қоғамының сайтынан тамашалай алады.

Бұл жаңалықтан гөрі, Ақылбектің табиғи математикалық дарыны таң қалдырады. Оның не магистрлік, не бакалавриаттық, бірде-бір білім дәрежесі жоқ.

– Қаламадым, - дейді Ақылбек. – Оған уақытым да болмады, мен Есепке беріліп кеткен едім.

Ата-анасынан қаржылық тұрғыда тәуелсіз болу үшін Ақылбек компьютерлік техника дүкеніне жұмысқа орналасқан. Ол ақыл айтып, мазасын алмағаны үшін ата-анасына өте риза. Енді олар есімі математика тарихнамасына мықтап жазылған ұлы үшін мақтана алады.

Ақылбек есептің шешімін тапқанын түсінген кезде, Еуропа математика қоғамына хат жазған. 2 айдан кейін жауап келді. Жоғарғы комиссия Ақылбек Көпжасаровқа 2018 жылы кезекті Еуропалық математикалық конгресс кезінде сыйлық тағайындауға әзір екен. Оған бүкіл әлемнің математиктерінен сүйсінген пікірлер келе бастады. Ақылбек біреулер есептің шешімінен қателік тауып қалар деп қорқынышпен күтіп жүрді. Бірақ, бағына қарай, әлі күнге дейін ешкім мұндай дәлел ұсынбапты.

Ол Абель сыйлығын да алу ниеті бар екенін жасырмайды. Бұл математика бойынша Нобель сыйлығына пара-пар келеді, ақшалай сыйлық мөлшері 1 млн доллардан астам. Алайда Абель сыйлығының жүлдегерін Халықаралық математикалық одақ пен Еуропа математика қоғамы тағайындайтын бес математиктен құралған халықаралық комитет анықтайды.

Ендеше оған сәттілік тілейміз! 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

31 наурыз 2017, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.