Атырау облыстық ТЖД кезекші бөлімінде хабарлағандай, 23 наурызда шамамен таңертеңгі сағат 9.20-да Әбілқайыр хан даңғылының жанындағы құрылыс алаңында тұрмыстық бөлме ретінде жасалған металл контейнер өртенді.
Алаңы 12 шаршы метр болатын контейнер түгелдей өртеніп кетті. Бір зардап шегуші бар, бірақ ол күйік емес, кескен жарақаттар алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты, - деп хабарлады ТЖД.
Оқиғаға куәгерлердің «АЖ»-ға жолдаған бейнежазбасына сүйенсек, өрт газ баллонында саңылау пайда болуы салдарынан туындаған. Зардап шегуші өрттен қорғанып, тұрмыстық бөлменің терезесінен секірген кезде зақым алған. Тағы бірнеше секундтан кейін жарылған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ