Атырауда Құрманғазы атындағы аллеяда және оған іргелес аулаларда сиырлардың жайылып жүргеніне екінші күн болды.
«Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Самат ТҰРНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, оның қызметкерлері жайылып жүрген малды қуғанымен, олар қайта келеді. Осыған қатысты, тіпті, аллеяға қарсы Атырау облыстық ІІД-нен сиырларға қатысты шара алыңдар деген қоңырау түскен. Тұрниязов бөгденің мүлкіне билік етуге құқылы еместігін айтты.
– Бұл сиырлардың құлақтарына нөмірленген сырға салынған, қалалық ветеринария бөлімі олар бойынша қожайындарын анықтауы және әкімшілік полициямен бірігіп оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуы тиіс, - дейді С.Тұрниязов. – Егер аталмыш органдар көшеден сиырды алып кетсе, онда біздің кәсіпорында азық-жемі, суы мен зоотехнигі қарастырылған мал қора әзірленген. Әрине, қожайыны келген кезде, біз оған есепшот ұсынамыз.
1 наурызда ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА бізге жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері аллеядағы «табынды» Азаттық-Атамбаев қиылысынан алып, «Арнаулы автобазаның» мал қорасына жеткізгенін хабарлады. Қалалық ветеринария бөлімі мал қожайындарын анықтауда. Оларды 20 АЕК мөлшерінде айыппұл күтіп тұр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН