Атырау, 20 сәуір 07:18
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Прокурордың көмекшісі өзін-өзі әріптестерінің алдында өртеп жіберді

3 366 просмотра

Бүгін, 31 қаңтарда түске таман облыстық прокуратура ғимаратының алдында Атырау облысы прокурорының бұрынғы көмекшісі Лейла СМАДЬЯРОВА өзін-өзі өртеді.

37 жастағы Смадьярова 2016 жылдың тамызынан бастап үй қамағына алынған болатын. Ол қамауға алынған және тергеу изоляторларындағы сотталған адамдардың және қылмыстық жазаны өтеушілердің құқығының сақталуын бақылау саласында жұмыс істеген.     

Қазір оның ісіне қатысты сот өтіп жатыр. Оған ҚР ҚК-нің 366-бабы бойынша («Пара алу») кінә артылып отыр. Біздің мәліметіміз бойынша, ол өзіне жалпы көлемі 3 млн теңге алды деп тағылған айыптармен келіспейді (яғни, бұл соманы оған екі бөліп берген-мыс, әуелі бір миллион теңге, келесі кездескенше тағы екі миллион теңге).

Біздің дереккөздеріміздің бірі Смадьярова басындағы жағдайына осындай жолмен өзіне назар аударту үшін өзін өртеген. Оның айтуынша, ол пара алмаған және оған ол қылмыстық жауапкершілікке тартқан адамдар жала жауып отыр:

- Осы куәгерлердің жауабынан басқа ешқандай дәлелдер жоқ, барлық айып дәлелсіз. Бірақ, ешкім де тексергісі келмейді, мәселенің байыбына бармай отыр. 

Смадьярова беті мен тізесін термиялық күйік шалып, күндізгі сағат бірге жақын облыстық аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Оның жағдайын дәрігерлер «ауыр емес» деп бағалап отыр, ол есін біледі.  

- Ол жан сақтау бөліміне орналастырылды ма?

- Жоқ, әзір ешкіммен сөйлескісі келмейтін пациенттің моралдық жағдайын ескеріп, біз оны уақытша оқшауладық, - деді облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Алуадин НҰРБЕРДИЕВ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

«АЖ» мұрағатынан: 2009 жылы мамырда Атырау облысы прокуратурасы ғимаратының кіреберісінде Ақжар поселкесінің 52 жастағы тұрғыны Қабидолла ШОЛАҚОВ 18 жастағы ұлына қатысты тергеудің қорытындыларына қарсы наразылық белгісі ретінде өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Қабидолла Шолақов алған күйіктерден ауруханада көз жұмды, ал оның ұлын сот кейін ақтады.  

31 қаңтар 2017, 19:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.