Атырау, 16 сәуір 18:37
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

"Жер митингілері" туралы іс: Ештеңе өзгерген жоқ - 5 жыл колония

Шұғыл Бейнежазба
8 000 просмотра

Бүгін, 20 қаңтарда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Тәтті УӘЛИЕВАНЫҢ төрағалығымен азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты 2016 жылдың 28 қарашасындағы үкімге қарсы берілген апелляциялық шағымды бір аптаның ішінде қарап, оны өзгеріссіз қалдырды.

Сотталушылардың қолдау тобы (айтпақшы, олар наразылық белгісі ретінде қайтадан камераларында отырып, сотпен бейнебайланысқа шыққан жоқ) отырыстың алдында Қазақстан әнұранын шырқап еді, алқа судьялары кеңесу бөлмесіне шығып кетті. Және залда тәртіп бұзылған жағдайда шешімді жария ету жабық режимде өтетіндігі ескертілді. Кейін төрағалық етуші судья апелляция бойынша шешімді оқыды. Отырыс аяқталған соң шешімге наразы болған қолдау тобы бірден тарқаса қойған жоқ.

Естеріңізге салсақ, олар екеуі де бұрын ҚР ҚК-нің 174-бабы 2-тармағы бойынша («Әлеуметтік араздықты қоздыру») бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, үш жылға дейін қоғамдық жұмыспен айналысуға тыйым салынған болатын. Сонымен бірге, 274-бабының 4-тармағы бойынша («Көрінеу жалған ақпарат тарату») да сол бес жыл, 400-бап бойынша (««Жиналыстарды, митингілердi, пикеттерді, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу»») 250 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сiңiру жолымен олардың әрқайсысына жалпы режимдегі колонияда бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Марат ТАКУЛИН,

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Фото "АЖ"

20 қаңтар 2017, 18:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.