Атырау, 28 қараша 04:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Полицей бастығы қарамағындағыларды балағаттап, хаттаманы жыртып тастады

Бейнежазба
4 569 просмотра

YouTube-та полицей басшылығының өкілеттілігін теріс пайдаланғаны туралы кезекті ролик пайда болды. Бұл жолы өз қарамағындағыларға қатысты екен. Ролик 6 желтоқсанда «ШОК!!! Махамбетский Гаий протокол жырту устинде!» деген атаумен жарияланған (https://www.youtube.com/watch?v=tR5ZEZxUYgY).

Бейнежазба жол полицейлерінің бірінің тіркегіш-жетонында түсірілген. Жазбаның астыңғы жағында Махамбет аудандық жергілікті полицей қызметінің бастығы Нұрлыбек Досқайыров заң бұзушыға толтырылған хаттаманы көпшіліктің көзінше жыртып тастады деп көрсетілген.

Бейнежазбада полицейлердің Махамбеттің көшесінен мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген трактор-тиегішті тоқтатқандығы көрсетілген. Жүргізуші хаттаманың мазмұнымен танысудан бас тартып, біреуге қоңырау шалады. Аудандық әкімдік қызметкері келіп, ол да біреуге қоңырау соғады. Досқайыров келіп, қарамағындағыларды балағаттап, содан соң хаттама парағын жұмарлап, өзімен бірге алып кетеді. Полиция қызметкерінің оған хаттаманы құлықсыз бергендігі көзге анық көрінеді.

- Міне, бізде жұмыс осылай жасалады, – дейді кадр сыртындағы полицей жетонының иесі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, осы факті бойынша ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізуде. Ол аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат ұсынылатын болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 желтоқсан 2016, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.