Атырау, 3 мамыр 04:55
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Сүйіктісі үшін пышақтады

3 346 просмотра

Жігіт өз сүйіктісін ренжіткені үшін колледж оқушысына пышақ салып алды.

Қыздың жігіті сүйіктісін ренжіткен курстасымен мәселені шешу үшін ол оқып жатқан колледжге келеді. Олар оқу орнының ауласында сөйлескен. Осы кезде араларында жанжал туып, қыздың жігіті пышағын суырып алып, қарсыласының ішіне тығып алады да, оқиға орнынан қашып кетеді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция ҚР ҚК-нің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотта сотталушы кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімшартын жасады. №2 Атырау қалалық соты оған 3 жылға бас бостандығын шектеу үкімін шығарды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.