Атырау, 9 мамыр 00:19
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Кооператив фермерлерге көмекке келеді

2 043 просмотра

Құрманғазы ауданында шаруашылықтардың бірігуімен алғаш рет «Береке-2» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.

Облыста алғаш рет кооператив «Ганюшкин егін өнімдері» ЖШС-нің базасы негізінде пайда болды. Кооператив құрамына Бірлік, Нұржау, Теңіз ауылдық округтеріндегі бес шаруа қожалығы мен бір жеке кәсіпкерлік кіріп отыр. Кооператив облыстық әділет басқармасында тіркелген және қазір жер алып, несие арқылы өнім өндіретін және сататын орындарды ашу жұмыстары жүріп жатыр.

- Құрылтайшылар үйін, малын, техникасын, т. б. жаңа құрылымға үлес ретінде салды. Ауыл шаруашылығы кооператив мүшелеріне берілген жеңілдіктер: өндірген өнімдері жоғары бағамен қабылданады; өндірген өнімді кооператив қабылдауы тиіс; жыл соңында таза пайда үлестеріне қарай құрылтайшыларға беріледі, - дейді «Береке-2» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы Сағынжан РАХИМОВ (суретте).

- Кооперативке тағы да шаруашылықтарды қабылдау жоспарда бар ма?

- Біздің қарсылығымыз жоқ. Мәселен, Азғыр өңіріндегі шаруалар үшін өнімдерін өткізу проблема. Біріншіден, жер шалғай, екіншіден, жолдың жағдайы жаман. Ет, сүт, жүн т. б. өнімдерді жоғары бағаға алатын боламыз. Айта кету керек, жергілікті жерге өнімдерді өткізуге аудан әкімдігінің ықпалы қажет-ақ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.