Атырау, 6 мамыр 17:19
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Назарбаев билікті мұрагерге қалдырмауға уәде етті", "Еврей шалдың жорамалы немесе тамақты қалай жамайсың?!", "НКВД жендеттерінің тізімі: Қазақ ССР-інде 170-тей қазақ қызметкері болған", "Aзаматтық форум. Тасмағамбетов не айтты?"

2 292 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Назарбаев билікті мұрагерге қалдырмауға уәде етті" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне сұхбатында экономикалық дағдарыстан соң үкіметтің «жұмсағырақ» жүйеге көшу жоспары барын айтқан. Баспасөз Астананы Назарбаевтың құрметіне атау ұсынысына қатысты пікірлерді де жазған.

"Куба коммунистерінің көсемі қайтыс болды" - Кубаны жарты ғасырға жуық билеген елдің бұрынғы басшысы Фидель Кастроның қайтыс болғаны туралы хабарды жұртқа оның інісі, 2008 жылдан бері елді басқарып отырған Рауль Кастро хабарлады.

"Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық көрмеге арқау болды" - Сарапшылар Қазақстанда жыл сайын 400 әйел отбасындағы зорлық-зомбылықтан қазаға ұшырайтынын айтады. Алматыда «Тенгри Умай» галереясында ашылған фотокөрме зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге арналды.

365INFO.KZ. "Жоғарыдағы шенді-шекпенділер салафизмге „шаң жуытпайды„" - Қазақстанда салафиттер тұрмысы төмен адамдарды көзіне де ілмейді, олар тек дәулетті кәсіпкерлермен және саяси элитамен қоян-қолтық жұмыс істейді.

KORRESPONDENT.KZ. "Еврей шалдың жорамалы немесе тамақты қалай жамайсың?!" - «Жағыңа жылан жұмыртқаласын» деп бетін қайтарып, тыйып тастайын десек, оны жүзбе-жүз көруге мүмкіндігіміз жоқ. Ол – Ұлыбританияда, біз – Қазақстанда. Атақты саясаткер һәм банкир Джейкоб Ротшильдті айтамын. «RIT Capital partners» қорының директорлар кеңесінің төрағасы ше?! Жылдың басында шикізат бағасына тәуелді елдерге мешін жылының оңай соқпайтынын мәлімдегенінде, кәдімгідей тіксініп қалғанбыз. Және олардың қатарында Ресей, Украина, Қазақстан, Бразилия, Нигерия іспетті мемлекеттерді атаған-ды. «Валюталық несиені біраз алып тастаған бұл елдерге енді өз ақшалары құнсызданданған және шикізат бағалары құлдыраған тұста қарыздарын қайтаруға тура келеді» деп еді. Әне-міне дегенше, жыл да түгесілуге таяу, енді өткен күндерге көз тастасақ, өкінішке қарай, еврей шалдың жорамалы ондықтан ауытқымаған сияқты.

"Көше жекеменшікке сатылып кеткен" - Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында халыққа ортақ көше жер телімі ретінде жекеменшікке сатылып кеткен. Көпшілікке тиесілі көшенің бір бөлігін сатып алған жаңа қожайын енді өзінің меншігі болып саналатын тұсты темір қоршаумен қалқалап қойған. Соның кесірінен көпшілік көшеге шығудан қалды. Республикалық «КТК» телеарнасының көмегіне жүгінген жұртшылық бұл мәселені билік басындағыларға жеткізіп, өздерін «қоршаудан» құтқаруын сұрайды.

ABAI.KZ. "Aзаматтық форум. Тасмағамбетов не айтты?" - Вице-премьер И. Тасмағамбетов дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүргендерді оңалтудың маңызды екенін атады.

"Көзі көретін соқыр болмайықшы..." - Бұл жігітті менімен өзі сияқты зағип жігіт таныстырды. Танысқан күннен бастап-ақ бұл жігітке деген сүйіспеншілігім артты. Себебі, сөйлеген сөзінде салмақ байқалатын. Өзін мүгедек жан сияқты санамайтын және кемсітуге жол бермейтін. Негізінде осыдан біраз күндер бұрын көзі нашар көретін жандар арасында күресетін спортшы іздеп жүрген болатынмын. Енді осы жігіттерді дайындау үшін өзара келісімге отырып жаттығу уақыттарын белгіледік.

TURKYSTAN.KZ "НКВД жендеттерінің тізімі: Қазақ ССР-інде 170-тей қазақ қызметкері болған" - Орыс тілінде жарық көрген Любовь Чижованың мақаласын аударып, Аазаттықтың қазақ тіліндегі сайтына бейімдеуге Рахат Мамырбек қатысқан. «Үлкен террор» деген атпен тарих бетінде қалған бұл оқиға туралы тың деректі толық назарларыңызға ұсынамыз.

HALYKNEWS.KZ. "Қошке Кемеңгерұлы қалай ақталды?" - Қаламгер Қошке Кемеңгерұлы 1937 жылы оққа ұшқанда, оның аяулы жары Гүлсім Жәмиқызы (1904-1988) мен үш баласы Зайра (1926-2011), Нарманбет (1927-2009), Сәуле (1928-1993) ел басына зауал боп келген зұлмат жылдардың ауыр жүгін қайыспай көтерді. Олар «халық жауының отбасы» деген жалған жалаға көп жыл төзіп жүруге мәжбүр болды. Сібірге айдалса да, абақтыға қамалса да, қызметте қысым көрсе де, ардақты жар, абзал әке есіміне кір келтірмеді, бәріне төзіп шыдады, жарқын күннен үміт жібін үзбеді. Қошке Кемеңгерұлының ақталғаны туралы анықтама қағаз қаламгердің отбасына 1957 жылы ғана келді. Отыз төрт жасында жесір қалған Гүлсімнің осы қағазды алғаннан кейін істеген ерен еңбегі туралы Қошке балаларының естеліктерінде жақсы жазылған.

"Хорлогийн Чойбалсан: Қазақ халқы көп жасайтын халық" - Бүгін Моңғолия Республикасының тәуелсіздік күні. Осы елдегі қандастарымыз орналасқан Баян-Өлгий аймағының қалай орнаған, Моңғолияның алғашқы басшысы, маршал Чойбалсанның осы аймақтың ашылуына жасаған ықпалы, оның қазақтарға деген көзқарасы жайлы естелікті назарларыңызға ұсынамыз.

AIKYN.KZ. "Жансерік ТӨЛЕГЕН, IT-маманы: Еліктеуден қорықпау керек" - Кейіпкеріміз Жансерік Төлеген – Қызылорда өңірінің тумасы. IT саласына келуіне математика, физика сияқты пәндерді сүйіп оқығаны себеп болған.




28 қараша 2016, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.