Атырау, 6 мамыр 21:14
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Астана – «Нұрсұлтан» аталса, елiмiздi неге «Назарбаевстан» демеске?", "HRW Қазақстанды жұмысшылар құқығын бұзғаны үшін сынады", "Қасымовқа тықыр таянды ма?", "Таяқпен тәрбиелеу үлгі ме?"

2 094 просмотра

AZATTYQ.ORG. "HRW Қазақстанды жұмысшылар құқығын бұзғаны үшін сынады" - HRW ұйымы жаңа есебінде Қазақстанды жұмысшылардың жиналыс өткізу, бірлестік құру және ереуілге шығу сияқты құқығын бұзғаны үшін сынайды. Құқық қорғаушылар еңбек кодексі мен кәсіподақтар туралы заңды халықаралық стандартқа сәйкестендіруге шақырған.

"Пәкістандағы түрік оқытушылары отанына қайтудан қорқады" - 100-ден астам түркиялық мұғалімді Пәкістан депортация жасап, Түркияға қайтармақ, бірақ олар отанына оралғысы келмейді. Түркия мемлекеті мыңдаған мұғалімді жұмыстан шығарып, жауапқа тартқан болатын. Олар соның кебін киюден қорқады.

365INFO.KZ. "«КСРО құлады. Біз әлсіреп қалдық». Сүлейменов солай ойлайды…" - Бұл кісі «адамға табын, жер енді» деп жырлағанда қателескен дейді. Кім білсін. Топырақтан жаралған адам, топыраққа айналады. Қара жер қалады, біз кетеміз. Біздің ғұмырымыз шектеулі. Біздің құмсағат тез таусылады. Ал қара жер қалады. Жарайды, бұл басқа әңгіме.

"«Күйеуім жақсы еді, менен де көп қателік кетті» — Баян Есентаева" - Баян Есентаева өзіне қол жұмсап, сотталған күйеуін мақтап, жақсы қырларын атады, өзінің кемшілігін де жасырмады.

ZHASALASH.KZ. "Астана – «Нұрсұлтан» аталса, елiмiздi неге «Назарбаевстан» демеске?" - Арқаның ақтүтек боранымен жағаласып депутаттар да ызыңдап жатыр. Бұл қазақтың құлағына таныс ызың. Бұрын да талай сөз болып, президенттiң тосқауыл қоюымен ғана iске алғысыз ұсыныс есебiнде “күресiнге" кеткен. Бiрақ бұл жолғы бастамашылардың қарқыны қатты. Өйткенi олар Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы мен тұңғыш президент күнi аталатын мерекенi бетперде қылып ұстап алған. Алайда олардың түпкi ниетiнде не жатқаны жұмбақ. Осы тұста ұйғыр ағайындар жиi айтатын бiр сөз ойы­мыз­ға орала кеттi. Олар бүй дейдi: “Көтередi екен, көтередi екен, тастай салса, пачақ-пачағы шығады екен". Ал Сiз “Н.Назарбаевтың есiмiн жалғыз Астана ғана емес, Қазақстандағы өзге де нысандарда көрсету" туралы депутаттардың өрескел ұсынысынан “тастай салудың" лепесiн аңғардыңыз ба, жоқ па? Бiздiңше, ең үлкен мәселе – осы.

"Қасымовқа тықыр таянды ма?" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев IIМ-нiң жергiлiктi атқарушы органдардың мәселелерiне араласатынына көңiлi толмайтынын айтты. Назарбаев мұны “бүкiл Қазақстанды басқаруға ұмтылу" деп бағалады. “Қазiр құқық қорғау құрылымдарына қызметкерлер таңдау жү­й­е­­­­сi жақсаруда, жер­­гi­лiктi билiк орындарына бағынышты жергiлiк­тi полиция қызметi құрылып жұмыс iстеп жатыр. Және IIМ-гiн осылай етуге мәжбүрлеу оңай болған жоқ: жабысып алады да, осы жер­ден, Астанадан бү­кiл Қазақстанды басқарамын және ешкiмге ештеңе бермеймiн дей­дi. Тiптi әлi күнге қыз­мет­керлердi (жергiлiктi полиция қызметкерле­рiн)тағайындауды жалғастыруда", — дедi Н.На­зарбаев.

"Ерлердiң тағдыры шешiлер сәт туды" - Прокурор ел мүддесiн қорғаған ерлердi сегiз жылға абақтыға тоғытуды сұрады. Судья iстiң соңғы нүктесiн қою үшiн, бiрнеше күнге ойлануға кеттi. Айыпсыз айыптының орындығында отырғандар жарыссөзге шығудан бас тартты, бiрақ сот залында “Қазақстан жасасын!" деп ұран тастады.

KORRESPONDENT.KZ. "Оралмандардың үйі сүрілуі мүмкін" - Баспаналы болудың азабы жайлы бүгінде аз айтылып жүрген жоқ. Еліміз жерінің кеңдігі жағынан әлем бойынша алдыңғы ондыққа кіретініне қарамай, қаншама жас отбасылар алақандай жер алу үшін жылдар бойы кезекте тұрады. Көпбалалы отбасылар мемлекеттің қамқорлығында болуы керек, оған атқарушы биліктің жергілікті өкілдері атсалысуы қажет. Елбасымыз халықтың санын көбейту үшін жастар мен көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жандарға барынша жағдай жасау керек екенін үнемі айтып келеді. Бірақ Президенттің тапсырмасы шалғайдағы ауылдарға жете бермей ме, әлде жергілікті атқамінерлер дұрыс түсінбей ме, кейде тапсырмалар керісінше орындалып жатқандай болып көрінеді.

ABAI.KZ. "Eлбасының бағасын ел береді..." - Ел билеушілерін мақтауға да, сынауға да негіз жетіп артылады. ҚР Парламентінің Тәуелсіздіктің 25-жылына байланысты Декларациясын бірлескен отырыста қабылдағанын көргенде, XIY ғ. француз философы Клод Гельвецийдің көреген сөздері есіме түсті: «Өз билеушілерін бетіне басып сынауға хұқы жоқ халықтардың, мақтауға да құқы жоқ. Құлдардың мақтауы ештеңені де білдірмейді». Біздің осы парламент президентті сынап көрген емес, оны демек оны мақтауға да құқы жоқ. Себебі әділ сын барды «бар» деп, жоқты «жоқ» деп саралап баға береді.

TURKYSTAN.KZ. "Таяқпен тәрбиелеу үлгі ме?" - Ана дегенде ең алдымен мейірім мен махаббат, жылылық пен қамқорлық ойымызға оралады. Әрбір ананың тар құрсағын кеңіткен перзентін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіретіні хақ. Бірақ соңғы кездері кейбір аналар өз баласын таяқтың астына алып, жәбір көрсететін жағдайларды жиі құлағымыз шалатын болды. Жүрегі нәзік аналарымыздың қатыгез жанға айналуына не себеп? Туған анасынан жәбір көрген баланың құқығын кім қорғайды? Мұндай сауалдарға бас қатыру қазақтығымызға жат болса да, қолдан келер шара жоқ. Бүгінгі қазақ қоғамының шынайы бет-бейнесі осылай қалыптасып бара жатқандай.

"БАҚ-қа бөлінген қаражат қайда жұмсалады?" - ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев БАҚ-тардың мемлекеттік тапсырыс арқылы алатын миллиардтаған сомасының қалай жұмсалатынын «Қазақстан» телерадиокорпорациясының мысалында түсіндірді.



24 қараша 2016, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.