Атырау, 7 мамыр 08:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Арыстанбек Мұхамедиұлы: "Күдік болса, елбасы мойнымды жұлып алар еді"", "«Әлемдегi ең әдiлеттi сот» –Қазақстан соты жасасын!", "Сәрсенбайұлы мен Немцовтің ұқсастығы", "Метадон, айтып жүргендей қорқынышты емес пе?"

1 909 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Арыстанбек Мұхамедиұлы: "Күдік болса, елбасы мойнымды жұлып алар еді"" - Соңғы кездері бірнеше даулы істерде аты-жөні аталған мәдениет және спорт министрі Азаттыққа берген сұхбатында «шындық үшін күрескенін» айтты.

"1994 жылғы мамырда «Казправдада» жүргізілген «тазарту»" - 1994 жылғы мамырда Вячеслав Срыбныхты бас ресми газет - «Казахстанская правданың» бас редакторы қызметінен аяқ астынан алып тастады. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мұндай сипаттағы алғашқы жанжал еді.

ZHASALASH.KZ. "«Әлемдегi ең әдiлеттi сот» –Қазақстан соты жасасын!" - “Астанада өткен Қазақстан республикасы судьяларының VII съезiнде президент Нұрсұлтан Назарбаев елде соттар­ға деген қоғамдық сенiмнiң төмен екенiн мәлiмдедi. “...Бұған соттар мен құ­қық қорғау органдарының шешiмдерiне қатысты жо­ғар­ғы мемлекеттiк сатыларға, президентке дейiн шағымданатын қазақстандықтардың хаттары дәлел, кейде тiптi сот корпусы мен құқық қорғаушылардың адалдығына, сатылмайтынына күмән келтiрiп жатады", – дедi Н.Назарбаев....Бұған соттар мен құ­қық қорғау органдарының шешiмдерiне қатысты жо­ғар­ғы мемлекеттiк сатыларға, президентке дейiн шағымданатын қазақстандықтардың хаттары дәлел, кейде тiптi сот корпусы мен құқық қорғаушылардың адалдығына, сатылмайтынына күмән келтiрiп жатады", – дедi Н.Назарбаев.

"Қабиболла мен «Нұр Отан» қайтер екен?" - Былыққа батқан “Бәйтерек Development" АҚ басшылары шетiнен қамалып жатыр. Өткен аптада басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов пен басқарушы директорлар Бауыржан Әйтiмбетов және Ғазиз Сариев қамауға алынған едi. Кеше Астана қаласындағы №2 Алматы аудандық сотының шешiмiмен «Project City Group» ЖШС басшылары мен құрылтайшылары К.Смағұлов, Б.Есмұханов, Е.Жұманазар, А.Комаров есiмдi тұлғаларға да бұлтартпау шарасы таңдалғаны хабарланды. Тергеу мәлi­мет­терiне қарағанда, “Бәйтерек Deve­lopment" АҚ-ның лауазымды басшылары құрылыс компанияларынан 288 миллион теңге пара алған.

"Қанды iздерi қалған патшалық Ресей генерал-губернаторлары туралы тарихи шындық" - Көкшетау қаласының кiндiктi тұсында ұзындығы мен салтанаты келiскен Капцевич атындағы көше бар. Сонда көкшетаулықтардың көкке көтерiп көшенiң атын берiп, төбелерiне көтерiп, әспеттеп отырған Капцевичiң кiм? Әңгiмемiздi әрiден бастамай – ақ берiден Александр Иванович Герценнiң данқты еңбегi “Былое и думы" (“Өткендер мен ойлар") кiтабының беттерiне үңiлсек патша ағзамнан Батыс Сiбiр өлкесiн билеп-төстеуге жiберген генерал-губернаторлары жайындағы жазбаларына көңiл көзiн қадауға тура келедi. Бiз де сөйттiк.

365INFO.KZ. "Сарапшылар: Ескі Салық кодексі ме? Қой, онымен құрдымға кетеміз!" - Грузияда бар-жоғы 7 салық болса, Қазақстанда оның 36 түрі бар екен. Мұндай салмақпен дағдарыстан шығуымыз екіталай шығар.

KORRESPONDENT.KZ. "Халықтың 70 пайызы зейнетақы қорына сенбейді" - Зейнетақы жинағы – қазіргі таңда өзекті күйінше қалып отырған мәселе. Өйткені, оның жылдар өткен сайын еселеп көбеймек түгілі, біз қартайғанша сақталып тұрарына да көп адам сенбейді. Құнын жоғалтып, тиынға айналатыны бар, одан бөлек, қордың ақшасын анда да, мында да жұмсап, берекесін кетіріп жатқанымыз жасырын емес.

"Мемлекеттік бағдарламалардың сұрауы бар ма?" - Қазақстанда не көп, мемлекеттік бағдарлама көп. Әрине, бәрі де «халықтың игілігі үшін» деген ізгі ниетпен жасалады ғой, алайда жұртшылықтың ол бағдарламаларға енжар қарайтыны жасырын емес. Мұның себебі неде деп ойлайсыз? Бүгінгі мақаламызда соны шама-шарқымызша түсіндіріп көрейік.

ABAI.KZ. "Ұлттық сана қазақ елін мәңгілік ел етеді" - Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі. Ұрпақтан ұрпаққа тарихтың білімі, тұлғалар тағылымы, ұлттық тәрбие арқылы беріліп отырады. Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін себебіміз, тарихта қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың рухы. Ұлттық сана ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің өзінде елдің бірлігі жоғалмаған.

"Қай тілге болса да, қазақ тілінде жауап берсеңіз – заңды болады!" - РФ Сыртқы істер министрлігінің өкілі Элеонора Митрофанованың: «Орыс тіліне айрықша мәртебе алып беру біздің басты міндетіміз. Тым құрыса ТМД аумағында орыс тілі Халықаралық қатынас тілі болу керек. Қазір оның өзі қиын болып отыр», деп, Ресейдің ТАСС агенттігіне берген сұхбаты тәуелсіз мемлекеттердің ашу-ызасын туғызғаны белгілі. Әрине, бір елдің министрлігінің өкілінің өздерінің мемлекеттік тілін өзгелерге де таңып, өзеуреп жатқанын өзін сыйлайтын елдер елей қоймасы да анық.

ҚАЗТАГ. "Метадон, айтып жүргендей қорқынышты емес пе?" - Келесі жылдан бастап Алматы апиынды алмастыру терапиясы (ААТ) енгізілген Қазақстанның 10 қаласы тізіміне енеді. Бұл туралы Алматыдағы осы тақырыптағы соңғы отырыста мәлім етілгенді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастық орынбасары есірткіге тәуелділерге метадон беретін пункт 2017 жылы жергілікті бюджет есебінен ашылады деген. Бұл ретте ол егер мәслихат депутаттарына бұл мәселені дұрыс жеткізсе, оған бөлінетін қаражат сомасы онша көп болмайды деп айтты. Метадон терапиясына қарсылар (есірткіге тәуелділердің иньекциялық героині шәрбәт түріндегі метадонмен алмастырғанда) ол идеяны жақтаушыларға тек қаржылық талап қана қойып отырған жоқ. Бірақ олар бұл отырысқа жіберілмеді және олар өздерінің үнсіз наразылықтарын «Метадонды Қазақстаннан әкетіңдер» деген плакат және басқа түріндегі үнпарақтармен залдың сыртында танытып бақты.
Біз олардың уәждері қаншалықты салмақты екенін айта алмаймыз, бірақ бұл идеяға қарсыларға сөз бермеу бізше әділетсіздік секілді болды. Себебі әңгіме 100 мыңнан астам адам өмірі туралы болып отыр ғой. Тәуелсіз бағалаудың мөлшерінше Қазақстандағы есірткі тәуелділердің саны осыншама екен.

QAMSHY.KZ. "Сәрсенбайұлы мен Немцовтің ұқсастығы" - Ресейдің ең үлкен саяси қайраткерлерінің бірі Борис Немцов болса, Қазақстанның да тарихта аты алтын әріппен қалған ұлдарының бірі Алтынбек Сәрсенбайұлы. Былтыр ғана қастандықпен өлтірілген Немцов мен Қайнардың тумасы марқұм саясаткер Алтынбек Сәрсенбайдың тағдырын ұқсататындар бар.

HALYKNEWS.KZ. "Александр Невский ақиқатында кім болған?" - Күні бүгінге дейін Ресейдің ресми тари­хында Александр Ярославович Невский ХІІІ ғасырда Новгород пен Владимирде би­лік құрған ұлы князь, орыс жерін сыртқы жаулардан қорғаған атақты қолбасшы, ержүрек батыр ретінде танылған. Оның, әсіресе, 1240 жылы Нева өзенінде швед­терге, 1242 жылы Чуд көлінде немістерге тойтарыс бергені айрықша айтылады. Аңыз­ға сенсек, осы Нева өзеніндегі шай­қаста асқан ерлік көрсетіп, жеңіске жеткені үшін «Невский» деген лақап атқа ие болып, халықтың құрметіне бөленген. Право­сла­вие­лік шіркеу оны Құдайдың ерекше жа­ратқан жан иесі деп «әулие» қатарына қосқан.



22 қараша 2016, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.