Атырау, 6 мамыр 22:12
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"«Журналистер елдегі оқиғаларға ортақтасу сезімін жоғалтып алды»", "Амангелді Айталы: „Билік те, халық та Тәуелсіздік қадірін әлі түсінбей жүр„", "Тосын Трамп немесе әлемдiк саясаттағы жаңа тренд", "Түркия «Шанхай ұйымына» мүше болуы мүмкін"

1 808 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Журналистер елдегі оқиғаларға ортақтасу сезімін жоғалтып алды»" - Журналист Сергей Дуванов қазақстандық БАҚ-тың 1990-жылдардағы «қайта өрлеу дәуірі» жаңа ғасырда қалай құлдырағаны жайлы әңгімеледі.

"Назарбаев бейнеcі бар теңге және Орталық Азиядағы ынтымақтастық" - Халықаралық баспасөз Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі басылған жаңа теңге, Оңтүстік Африка республикасы мен Оңтүстік Корея сыртқы істер министрліктері өкілдерінің Орталық Азияға сапары туралы жазған.

"Ескерткіштен бас тартқанда суреті көбейген президент" - Тәжікстанда биыл президент күні алғаш рет аталып өтті. Елі тәуелсіздік алған күндері совхоз директоры болған Эмомали Рахмон биыл заң жүзінде «тәуелсіздік негізін қалаушы» деп жарияланды. Сарапшылар Орталық Азияда етек жайған құбылысты жеке басқа табыну көрінісі деп сипаттайды.

ZHASALASH.KZ. "Тосын Трамп немесе әлемдiк саясаттағы жаңа тренд" - “Бағы жоққа тағы жоқ". Сонымен, АҚШ-та президент ауысатын кез жеттi. “Бақан тiрес, ит тартыс", бұрын-соң­ды болып көрмеген айқай-шуға, өсек пен төсекке, жеке басқа барушылыққа дейiн жеткен cорақылау сайлаудан кейiн қаңтардың басында Ақ үйге демократ Обаманың орнына республикашыл Трамп келедi де, алдағы төрт жыл бойына дүние жүзiндегi ең дамыған елдi басқарады, әлемдiк саясатқа өз ықпалын жасайды.

365INFO.KZ. "Амангелді Айталы: „Билік те, халық та Тәуелсіздік қадірін әлі түсінбей жүр„" - Жыл сайын желтоқсан айы жақындаған сайын елімізде адам түсінбейтін берекетсіздік пайда болып, билік абыржи бастайды.

"Министр не дейді? Билік сәләфиттерден қорқатын сияқты" - Билік сәләфизмге қатысты ұстанымын айқын білдірген соң кейбір азаматтар қалыпты исламға бет бұра бастады. Бұл туралы дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

KORRESPONDENT.KZ. "Бір әйелдің кәсібі..." - Мемлекеттік кіріс комитетінде қызмет бойынша мүдделер қақтығысы үшін облыстық басқарма басшыларының бірі лауазымнан босатылды.

TURKYSTAN.KZ. "Азаматхан Әміртай, эколог: Экономика мен экология арасында тепе-теңдік болуы керек" - Бүгінде ел аумағындағы қоқыс полигондарында 100 миллион тоннадан астам қатты қалдықтар көміліпті. Оған жыл сайын 6 миллион тонна қосылып отыратынын ескерсек, бұл көрсеткіш еселеніп өспекші. Ал «Жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасына сәйкес, еліміз 2050 жылға қарай елімізде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 50 пайызға жеткізу көзделген. Қазір жыл сайын көлемі артып отырған 6 миллион тонна тұрмыстық қалдықтың 2 пайызы ғана қайта өңделеді. Бұл мәселеге соңғы кезде бас қатырып жүрген азаматтың бірі, кәсіпкерліктен қоғамдық істерге бет бұрған «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының төрағасы, қоғам белсендісі Азаматхан Әміртайды аз-кем әңгімеге тартқан едік.

"Аймақтарға әлі 4 мың мал дәрігері керек" - Елімізде жыл өткен сайын мал дәрігерлерінің тапшылығы айқын аңғарылып келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда небәрі 6 мың ветеринар бар. Аймақтардың сұранысын толық өтеу үшін әлі 4 мың мал дәрігері керек екенін ескерсек, жаңа мамандар даярлау үшін 5 жыл уақыт қажет.

AIKYN.KZ. "Түркия «Шанхай ұйымына» мүше болуы мүмкін" - «Түркияның ЕуроОдаққа мүше болуы бүгінгі таңда айтылып жүрген жалғыз ғана нұсқа емес, болашақта ресми Анкара Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болу мүмкіндігін де қарастырады».

QAMSHY.KZ. "Әйелқұмарлығы үшін қызметінен кеткен ақш-тағы шенеуніктер" - Кейбір мемлекеттерде белгілі бір шенеуніктің қол астында қызмет істейтін жас келіншекке немесе бойжеткенге қырындағаны туралы ақпараттар анда-санда қылаң беретіні рас. Кейбіреулер өзінің бейәдеп жүрісін мойындаса, өзгелері лауазымына сеніп, мойындамауға тырысады. Әлемдегі алып мемлекеттің бірі демократиялық АҚШ-та әйелдермен байланысы көпшілікке жария болғаннан кейін өз еркімен қызметтен кеткен жоғары лауазымды шенеуніктер кімдер? Енді соған тоқталайық.



21 қараша 2016, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.