Атырау, 6 мамыр 21:36
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"«Арнайы қызмет биліктің кез келген қарсыласымен «жұмыс істеуі тиіс»", "«Нұрлы жол» & «Нұрлы жер»: қайсысы тиімді?", "Допинг дауы: кімді жазалаймыз?", "Шетелде қыздарға қырындағыш шенеуніктер қалай жазаланады?"

1 733 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Арнайы қызмет биліктің кез келген қарсыласымен «жұмыс істеуі тиіс»" - Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Жармахан Тұяқбай – 1990-жылдардағы бұзақылық, 2000-жылдардағы саясаттағы бұрмалау және арнайы қызметтің қазіргі оппозициямен жұмыс істеу әдісі туралы ойларын бөлісті.

"Теңгенің бүгінгі күйі" - AzattyqLIVE ұлттық валютаның қазіргі сипатын, бұрынғы және бүгінгі дизайнының қалыптасу жолын талқылады. Студия қонағы теңге дизайнының алғашқы авторларының бірі Хайролла Ғабжәлелов болды.

ZHASALASH.KZ. "Назарбаев барған Сеул буырқанып жатыр" - Оңтүстiк Кореяның астанасы Сеулде ел президен­тiнiң қызметiнен кетуiн талап еткен митин­гiге миллион адам қатыс­қан. Кәсiподақ мүшелерi, студенттер, зейнеткерлер мен балаларын ерткен жас отбасылар президент Пак Кын Хенi ел басқара алмайды, өкiлетiн асыра пайдаланып отыр деп айыптайды. Бұл елдiң прокуратурасы президент­тiң құрбысы Цой Сун Сильдiң мемлекет iсiне араласуына байланысты ел басшысынан жауап алмақ екенi де белгiлi болды.

"Жалаңаштанған Қазақстан кейпiн Алматыдағы сауда орны көрсетiп бердi" - Өткен аптада “АДК" сауда орталығында 5 мың теңгеге тегiн сауда жасау үшiн жартылай жалаңаштанған жандардың суреттерi мен бейнежазбасы қоғамды дүр­лiктiрдi. Кейiнiрек сауда орталығының басшылығы көп­шiлiктiң наразылығын тудырған шарасы үшiн кешiрiм сұрады. 5 мың теңгеге бола (15 АҚШ доллары) iш-киiмi­мен ғана дүкенге кiргендердi айыптағанымызбен, бұл тамақ үшiн тәнiн жалаңаштауға дайын елдiң қай жағынан болсын лыпасыз қалған сықпытын көрсетпей ме? Егер 10 мың теңге беремiн десе, ел анадан жаңа туған­дай жүруге де дайын сияқты. Ал бұл соманы бiрнеше есеге өсiрсе, жұрт ақша бергеннiң дегенiн iстеуге әзiр-ау.

365INFO.KZ. "Қазақтар көше атауын өзгерткенде орыстар неге «жынданады»?" - Қазақстандағы орыстар шу етеді: «көшелердің атауын өзгерткенмен өмір жақсара ма екен» деп шарт ете қалады. Оларға айтарым: иә, өмір жақсарады, деп жазады altyn-orda.kz сайтының бас редакторы Серік Мәлей.

KORRESPONDENT.KZ. "«Нұрлы жол» & «Нұрлы жер»: қайсысы тиімді?" - Қазақстанда шамамен 2,3 миллион адам баспанаға мұқтаж екен. Оның ішінде кезекте тұрғандары – 400 мың, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары – 700 мыңнан астам және 10 сотық жер алуға кезекте тұрғандары – 1,2 миллион адам. Аталмыш мәселе бұқара халық үшін өте өзекті болғандықтан, газетіміздің әр нөмірінде тұрғын үй алудың түрлі бағдарламалары туралы әңгімелеп жүрміз. Бүгін «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары туралы айтамыз.

"Допинг дауы: кімді жазалаймыз?" - Масқараның көкесі – мақтаулы қыздың тойда жел шығарып қойғаны. Жанға бататыны ол емес. Кісінің артын аңдудан аулақпыз. Жел шығарса, қайтеміз енді, «жаны бардың желі бар». Жанға бататыны – сол иісті айналадағылардың түк болмағандай жұтып қойғаны. Терезені ашып, ауаны тазартуға деген бірде бір құлшыныстың байқалмағаны.

ABAI.KZ. "Орыс газеттері көбейіп, қазақ газеттері жабылып жатыр" - Əңгіме жарнама жайлы. Жауыр болған тақырып. Əйтсе де, тағы бір айтуға тура келіп тұр. Кейінгі уақытта қазақ тілді басылымдар жабылып немесе сайтқа айналған жағдай көп. Мысалға, Республикалық "Нұр Астана", "Халық сөзі", "Алаш айнасы" газеттері. Осындай үлкен басылымдар жабылып жатқанда облыстардағы тәуелсіз басылымдардың хал-жайы айтпаса да белгілі. Қазақ басылымдары күйреуік күй кешіп жатса орыстілді басылымдар керісінше көбейіп, өркендеп келеді. Біз бұл тұста Үкімет пен оның саясатын кіналаудан аулақпыз. Нарықтық қоғам болған соң əр басылым өз күнін өзі көру керек екенін де білеміз. Бірақ, орыстілді газеттер өмір сүруге бейімді, қазақтілді газет əлжуаз дегенге тағы келіспейміз. Келіспеуге себеп бар.

"Қазақ неге тойшыл?" - Халқымыздың күйі мен қоғамның жайын тану үшін «тұрмыстың сананы» билейтінін ескере отырып, әлеуметтік сана деген психологиялық категорияның ауылына ат басын бұрып отырмыз.

QAMSHY.KZ. "Шетелде қыздарға қырындағыш шенеуніктер қалай жазаланады?" - Қыз-келіншектерге жұмыс орнында, қызмет бабын пайдаланып, "қырындаған" азаматтарды жазалау мәселесі дүниежүзінің көптеген елдерінде жолға қойылған. Германия, Қытай, Швейцария, Дания, Израиль, Швеция сияқты мемлекеттерде жөнсіз "қырындау" жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу ретінде қабылданады. Германияда әйел адамның ар-намысын аяқ асты етіп, денсаулығына нұқсан келтірген еркек 1 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал жыныстық тұрғыда зорлық-зомбылық көрген әйел қаза тапқан жағдайда қылмыскер өмір бойға қамалады.

"Қазақ «қара жамылғандарды» не үшін жақтырмайды" - «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деп аталарымыз айтқандай, өзге елдің не кигенінде шаруамыз жоқ. Бірақ, қазақтың Ата салтының бұзылуына қатысты жағдайда қазақ баласының үндемей қала алмасы анық.

TURKYSTAN.KZ. "«БАҚ туралы» заң жобасы — Қоғамдық пікір қайшыласқан тұс" - Қоғам «БАҚ туралы» заңға елеулі өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуін күтіп отыр. Себебі соңғы кезде сарапшылар заңнамалық құжаттың кейбір баптарының құзыреттілігі мен орындалуын күшейтуді баса айтуда. Заң да заман көшінен қалмауы керек.




16 қараша 2016, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.