Атырау, 7 мамыр 03:28
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Тараз терминаторы, Алматының сұр мергені. Лаңкестерді идол жасап жүрген кім?", "«Арселормиттал Теміртау» басшылығы қаза тапқан кеншілердің өліміне марқұмдардың өзін кінәлі етіп шығарды", "Орталық Азия мен Ресейде Трамп жеңісіне реакция ұқсас болды"

1 829 просмотра

AZATTYQ.ORG. "156 млрд теңгенің анық есебін Абаев та, Әжібаев та бере алмады" - Алматыда өткен медиа құрылтайда мемлекеттік саясатты насихаттауға бөлінетін қаржының қалай жұмсалып жатқаны туралы ақпарат жоқтығы сынға ұшырады.

"Орталық Азия мен Ресейде Трамп жеңісіне реакция ұқсас болды" - Халықаралық баспасөз Орталық Азия елдері Ресейге жылы қабақ танытқан Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануына қуанып жатқан сыңайлы деп жазады. Қытайдың Орталық Азиямен «прагматикалық ынтымақтастығы» туралы да назарға ілінген.

ҚАЗТАГ. "Қазақстанның несиеқабілеттігіне рейтингтік агенттіктердің көзқарасы" - Қазақстанның тәуелсіз рейтингі қысым астында қалып отыр. Оған мұнай бағасының арзандығы, экономикалық өсім қарқынының төмендігі мен банк секторындағы шешілмеген проблемалар теріс ықпал етіп отыр. Және де осы көрсетіштерінің біреуінің одан ары төмендеуі елдің тәуелсіз рейтингтік бағасының одан ары төмендеуін аңғартады.

365INFO.KZ. "Тараз терминаторы, Алматының сұр мергені. Лаңкестерді идол жасап жүрген кім?" - Тура 5 жыл бұрын Таразда жиһадшылардың қолынан 7 адам қаза тапты. Өзге адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өз жанын пида еткен қаһармандарды Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин еске алды.

"«Қазақстаннан көшкен орыс маманның орнын қазақтар басып жатыр» – Айдос Сарым" - Саясаттанушы Айдос Сарым қазақ көші мен еліміздегі жұмыс күшіне қатысты орыстілді әріптесімен сөзге келіп қалыпты.

KORRESPONDENT.KZ. "Мемлекеттік аппарат жеті басты айдаһар іспетті" - «Борсық ұрған сайын семіреді» демекші, «Мемлекеттік қызметшілердің қарасын сирету керек» деген сайын олардың қатары қалыңдап барады. Түнеугүні Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков те дабыл қақты. Ол министрліктердегі қызметкерлердің санын қысқартуды ұсынды.

ABAI.KZ. "Қазақ неге тойшыл?" - Халқымыздың күйі мен қоғамның жайын тану үшін «тұрмыстың сананы» билейтінін ескере отырып, әлеуметтік сана деген психологиялық категорияның ауылына ат басын бұрып отырмыз.

"Ф. Гүлен: АҚШ пен Ресей одақ құруы тиіс" - Түрік ойшылы, ислам ғалым, философ Ф. Гүлен Сирия, Таяу Шығыс, Түркияның оңтүстік шығыс Анадолы аймағы, Күрт және ДАЕШ мәселелері жайлы «Regnum.ru» порталына сұхбат беріп, пікірін тарқатыпты.

"Заманбектей ер қайда?" - 12 қараша - қаймана қазақтың бір үміті опат болған күн. Оқыс қазаның қайғысы елді езгіден құтқара ма деген нәумиез дәмені тас-талқан еткен. Семсер мінезді ұлының сұрқия саясаттың құрбаны болғаны кейінгілердің де ұмтылысын іркіп қалды.

QAMSHY.KZ. "«Арселормиттал Теміртау» басшылығы қаза тапқан кеншілердің өліміне марқұмдардың өзін кінәлі етіп шығарды" - Қарағанды аймағындағы бірқатар кеніш пен өндіріс нысанына қожалық ететін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы облыстың Саран қаласындағы кеніште 10 қараша күні болған апатқа қаза болған кеншілердің өзін кінәлі етіп отыр.

TURKYSTAN.KZ. "Өзімшілдік пе, өкпешілдік пе?" - «Жоғалып кеткен», «үйінен шығып кетіп қайтып оралмаған», «ата-анасынан қашып кеткен»… Осындай сарындағы ақпараттардан құлақ тұнады қазір. Үйіне апталап, тіпті айлап ат ізін салмайтын мектеп оқушылары мен студенттердің көбеюіне не себеп? Тәрбиенің тізгінін босатып алған ата-ана айыпты ма, әлде кінә қит етсе күйзеліске түсетін, айдалаға сенделе жөнелетін жастардың өзінде ме?

"Ахаң жасаған әдемі «Әліппе» жас ұрпақ үшін жәдігерге айналмақ. Неге?" - «Әліппе». Сонау балалық шақтың тәтті естелігі. Алғаш рет қолға қалам ұстатып, әріп танытқан ұстаз бен «Әліппе» оқулығына деген сағыныш әрбір жанның жүрегіне сәуле шашып тұратыны анық. «Әліппе» деген аты қандай! Бүгінгі кез келген саналы азамат сол «Әліппемен» өсті, есейді. Ал қазір оның атауын «Сауат ашу» деп өзгерткеннен не ұтамыз? Ілкіден келе жатқан «Әліппе» кімнің тақиясына тар келді?

BAQ.KZ. "Мультфильм режиссері Әбдіқадыр Сабыр: қошақан ұлттық бренд бола алады!" - Орыс мультфильмі дегенде көз алдымызға бір-бірін қуып жүрген қасқыр мен қоян келеді, аюдың есін шығарып, маза бермейтін тентек сары қыз Маша ойға оралады. Америкалық анимация дегенде Микки Маус, «қыз қуу» ойнап жүрген тышқан мен мысық ауызға түседі. Қазақ мультфильмі ше? Сөз жоқ бірінші кезекте «Қарлығаштың құйрығы неге айырды?» есіңізге түсіресіз. Әрине, одан бері де бірсыпыра дүниелер жасалған шығар, алайда, тілдік қолдану аясының, яғни қазақ тілінің тар шеңберінен бе, әлде кәсіби деңгейінің төмендігінен бе, әйтеуір, қазақ мультфильмінің көсегесі көгермей-ақ қойды. Оның үстіне, бұл аса күрделі, жасалуы қиын, шығыны көптеу өнердің жанашырлары да аздау. Ал шынымен көмек көрсеткісі келгендердің материалдық мүмкіндігі жете бермейді. Осы қазақ мультфильмінің көшін шама шарқынша алға сүйреп келе жатқан саусақпен санарлық азаматтардың бірі - Әбдіқадыр Сабыр. Ол қазақ мультфилімінің өз кейіпкерін айқындасақ, ол да орыстың аюы мен Уолт Диснейдің Миккиі секілді қалыптасса екен деп армандайды. Оның ойынша қазақ мультфильмінің негізгі кейіпкері қошақан болуы керек... Әбдіқадыр Сабыр бүгін ердің жасы 50-ге келді. Туған күнінің қарсаңында құттықтай барып, әңгімеге тартқан едік...



14 қараша 2016, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.