Атырау, 6 мамыр 21:29
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қазақстан – қатерлi қалдықтар қоймасы ма?", "Сириялыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы: «Тек қана қазақ жігітіне тиіңдер»", "Трамп қалай жеңіске жетті?", "АҚШ халқы сайлаған Трампты 19 желтоқсан күні Сайлау алқасы қолдай ма?"

1 993 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Трамп қалай жеңіске жетті?" - Президент сайлауында Дональд Трамптың жеңіске жетуі АҚШ саяси тарихындағы таңғаларлық құбылысқа айналды. Әлеуметтік сауалнама Хиллари Клинтон жеңімпаз болады деп болжағанымен, бәсекелесінің жұлдызы жанды.

"Зерттеліп бітпеген Талхиздің келешегі де бұлыңғыр" - Ортағасырлық Талхиз қаласының үстінен жол салуға қатысты дау әзірше оны салушылардың пайдасына шешілген жоқ. Бірақ көне қаланың орны бүкіләлемдік мұра нысаны ретіндегі мәртебесінен айырылып қалуы мүмкін. Азаттық тілшісі ЮНЕСКО-ның мониторинг жүргізген комиссиясымен бірге Талхизде болып қайтты.

ZHASALASH.KZ. "Қазақстан – қатерлi қалдықтар қоймасы ма?" - Таяуда Мәжiлiстiң халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң кеңейтiлген отырысында Үлбi металлургиялық зауытының (ҮМЗ) қоймасында МАГАТЭ-нiң (Атом қуаты жөнiндегi халықаралық агенттiк) 90 тонна шала байытылған ураны сақталатыны және шала байытылған уран банкiнiң құрылысы жөнiнде әңгiме болды. Осы отырыста шала байытыл­ған уран банкiнiң құрылысы келер 2017 жылы күзде аяқталатыны айқындалды.

"Елдiң ертеңi... Қыршын кеттi" - “Алматы Тауэрс" ғимаратында болған өрт өрiмдей бес жiгiттiң өмiрiн қиды. Бесеуiнiң де жасы – 20-дан жаңа асқан, бесеуi де – Алматыдағы жоғар­ғы оқу орындарының студенттерi. Олардың бiрi – машина жасау, екiншiсi – электр энергетикасы, ендi бiрi – стоматология, тағы бiрi – ядролық физика саласы бойынша маманданып жүрген. Әрқайсысы – бiр-бiр үйдiң үмiтi, қала бердi, бүкiл елдiң ертеңiне тұтқа болар азаматтары едi.

365INFO.KZ. "Сириялыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы: «Тек қана қазақ жігітіне тиіңдер»" - Ақбантик Рахмун есімді қазақ қызы қазір Сирияда тұрады. Сол елдің азаматына тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуімен бірге Дамаскіде тұрақтап қалған. Дәл қазір бұл тақырып аса өзекті. Осы уақытқа дейін қазақ қыздарының шетелдікке шыққанын қаламайтын көптеген ой-пікірге сайтымыздан орын бергеніміз бар. Бұл ретте Ақбантиктен сұхбат алған Замана басылымы мәселені дөп көтерген екен. Қазақ қызынан алынған сұхбатты шағындап ұсынып отырмыз.

"Төлешовтің шіріген байлығы кімге бұйырады?" - Иә, Шымкенттегі ең бай-бағланның бар дәулеті — ғимараттар, жер учаскелері мен қымбат көлік көк тиынға сатылып кетпек.

KORRESPONDENT.KZ. "Негізгі асыраушымыз – уран" - Қазақстан әлемдегі ядролық материалдар қауіпсіздігінің индексінде 15-ші болып тұр. Соның арқасында Қазақстан бүгінде уран өндіруде алғашқы орынға жайғасқан көшбасшы мемлекетке айналды. Соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстан Канада, Аустралия, Ресей сияқты алпауыт елдерді артқа тастап, табиғи уранның нағыз отаны екенін дәлелдеумен келеді.

"Ат берерде абайлаған абзал" - Кеңес өкіметі күйрегеннен кейін көптеген елдімекендер мен көшелердің атауын заман талабына сай жаңарту керек болды да, биліктің айналасында жүрген кейбір пысықайлар ата-бабасын тарихта қалдырудың төте жолын іздеп, білек сыбана кірісіп кетті. Арсыздық алдыға шығып, көптеген мәселе ақша жарықтықтың арқасында оңай шешіліп жатты. Қалталы азаматтар қыза келе бір-бір көшеге ен тағып, ел ішінде елеусіздеу болған, тіпті көзі тірісінде адам баласына көлеңкесі түспеген ата-бабаларының атына жаздыруға дейін барды. «Атамның аты –ауылға, көкемнің аты – көшеге» дейтін келеңсіздеу сөздің шығып жүргені де осы кез. Көшеге талас күн санап күшейіп бара жатқан соң, жоғарғы билік амал жоқ біраз жылға мораторий жариялауға мәжбүр болды.

ABAI.KZ. "Трамптың демеушілері - қазақстандық олигархтар" - Бүгін АҚШ-та кезекті Президент сайлауы аяқталып, дауыстар есептелді. Демократтар елі өздерінің 45-Президентін сайлады. Сонымен демократияшылдар мен республикашылар арасындағы тартыстың қорытындысы бойынша Дональд Трамп АҚШ-тағы Президент сайлауының жеңімпазы атанды.

"Адамзат адасқанын дәлелдеді..." - Менің айқын ұстанымым мынадай: Америка алып ел болғанымен, күллі әлем емес, тіпті, оның жартысы да емес. Десе де, турасын айтқанда, кешегі кеңес билігі секілді, бұл да зорлық пен зұлымдықтың бір ордасы: бас пайдасы басына шыққан, сасық саясаты қанына сіңіп кеткен...

TURKYSTAN.KZ. "АҚШ халқы сайлаған Трампты 19 желтоқсан күні Сайлау алқасы қолдай ма?" - Демократиялық мемлекет пен авторитарлы билік жүйесі орнаған елдегі бүкілхалықтық сайлау немесе дауыс берудің нендей айырмашылығы бар екенін білесіз бе? Айырмашылық көп, бірақ ең бастысы, демократиялық елдегі дауыс берудің нәтижесін анық болжап білу мүмкін емес. Сайлаушылардың көңіл ауанын байқау үшін жасалатын алдын-ала сауалнамалардың қорытындысына сілтеме жасауға болар, бірақ олардың өзі шын мәнінде дауыс берудің нәтижесі қандай болатынына кепіл бола алмайды. Себебі демократиялық мемлекетте тұрғындар өз таңдауын шын мәнінде өздері жасайды, яғни, олардың дәл шешуші сәтте дауыс беру бюллетенінің қай тұсына қандай белгі қоятыны – өз қалаулары, ешкім оған қол сұға алмайды.

QAMSHY.KZ. "Айдос сарым. Миграция мен қазақ көші" - Кеше бір орыстілді Әріптесіммен сөзге келіп қалған едім. Оның пікірі үйреншікті: орыстілділердің елден кетуі үлкен проблема болып табылады. Себебі мемлекет есебінен білім алған мамандар басқа елдің экономикасына кетіп, пайданы соған түсіреді. Олардың орнын толтырып жатқан шеттен қайтқан қазақ ағайындардың экономикаға үлесі төмен деп дәлелдегендей болды маған.


10 қараша 2016, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.