Атырау, 7 мамыр 08:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Питер ван дер Биггелар: Бір істе заңдардың 100 бабы бұзылғанын маған елестету қиын!", "Трамп қандай президент болмақ?", "Әлем елдері үшінші дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқандай", "Сайлаудан соң АҚШ-тың Қазақстан және Орталық Азия саясаты қандай болм

2 037 просмотра

ҚАЗТАГ. "Питер ван дер Биггелар: Бір істе заңдардың 100 бабы бұзылғанын маған елестету қиын!" - Қазақстан әлемнің дамыған деген елдер қатарына кіруге тырысуда және көбінде еуропалық елдерге еліктеуде, өзіне халықаралық міндеттер қабылдауда, оның ішінде адам құқықтарының сақталуы тұрғысынан да мүдделі. Ондай стандарттар қоғамның бір бөлігіне бұрыннан айналып кеткен елде құқық қорғау және сот жүйесі қалай жұмыс жасайтыны туралы «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» атты ЕО жобасының мемлекет кепіл беретін заң көмегі саласындағы сарапшысы Питер ван дер Биггелар айтып берді.

ZHASALASH.KZ. "Газет оқырманды, оқырман газеттi қорғайды" - Қазақстан Республикасы атанған мемлекетi­мiзде шын мәнiндегi әдiлеттi сот жүйесi бар ма, жоқ па? Бұл сұраққа көпшiлiктiң жоқ деп жауап қатарына сенемiн. “Жас Алаштың" бастан өткерген сот процестерiмен жете таныс ондаған мың оқырман Жоғарғы сотқа бiр үмiтпен, бiр күдiкпен қараған шығар. Төменгi сатылардағы көпе-көрiнеу жол берiлген заңсыздықтарға көз жұма қарай ма деген күдiгiмiз болды. Халықтық газетке айналған, өткiр де батыл жазатын, елдiк, ұлттық, мемлекеттiк мүдденi, азаматтардың құқығын қызғыштай қорғайтын, бiр ғасырға жуық тарихы бар басылымға қиянат жасай қоймас дейтiн үмiт те жоқ емес едi. “Жазықсыз “Жас Алашқа" Жоғарғы сот әдiлетсiз шешiм шығарса, онда соттарға iсi түскен қарапайым адамдардың тағдыры не болмақ? Құ­қықтық мемлекет құрудың бос сөз болып қал­ғаны онда".

"Бақытыңды бағала жұбайлық жарасым әлiппесi" - Сүйiп қосылған ғашықтардың барлығы бiрдей отбасында бақытты бола бермейдi. Кеше ғана бiрiн-бiрi көрмесе тұра алмай қосылған екi жас бiр-екi жылдан кейiн-ақ “мiнезiмiз жараспады" деп немесе басқа да сылтауларды желеу етiп айырылысып жатады. Мұның себебi неде? Сонда бақытты отбасын құру үшiн махаббаттың аздық еткенi ме?

AZATTYQ.ORG. "Трамп қандай президент болмақ?" - Сайлау науқаны кезінде жұрттың көбін Трамптың иммигранттардан бастап Ресеймен арадағы қарым-қатынасқа дейінгі түрлі салаларға қатысты пікірлері қатты таңқалдырды. Президент қызметіне кіріскен соң ол берген уәделерін орындай ала ма?

"Сайлаудан соң АҚШ-тың Қазақстан және Орталық Азия саясаты қандай болмақ?" - Америкада 45-президент сайлауы өтіп, қазір алдын-ала нәтижесі жарияланып жатыр. Сайлаудан кейін АҚШ Қазақстан, Орталық Азия және постсоветтік елдерге қандай саясат ұстануы мүмкін.

KORRESPONDENT.KZ. "Әлем елдері үшінші дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқандай" - Кезінде Кеңес Одағы әлемдегі ең ірі қару-жарақ саудагері еді. КСРО тарқағанымен, оның сол базардағы мұрасы қалды. Қазір Ресей қару-жарақ нарығындағы бір кездегі беделін қайта «жаулап» алмақ. Ал, АҚШ оған мүмкіндік берер емес. Ресейдің жинаған шоқпарын ТМД- да кімдер алып жатыр? Және бұл салада оған кімдер бәсекелес бола алады?

"Сапасыз жолдар сыр бере бастады" - Ғасыр жобасы саналатын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің бір бөлігі біздің ел аумағынан өтетіні белгілі. Осыдан алты жыл бұрын қолға алынған үлкен жоба бүгінде толық бітуге тиіс еді. Бірақ «ауы бітсе, бауы бар» дегендей, басқа облыстарды қайдам, біздің Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі жолдың біраз бөлігі ашылмай жатып, қайта жөнделіп жатыр. Осыдан бір ай бұрын Шымкенттен Түркістанға баратындар жаңа жолдың ашылуына байланысты екі аралықты бар болғаны бір сағатта басып өтетін еді. Бүгінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына байланысты жолдың біраз бөлігін қарсы бағыттағы жолмен жүріп өтуге мәжбүр.

ABAI.KZ. "Тілдер арасындағы ұқсастықтар туралы" - «Ертеде дүниедегі адамдардың бәрі бір тілде сөйлеген екен» деп келетін аңыз бар еді. Тілдердің ұқсастықтарына назар аударар болсақ, осы аңыздың шындыққа жанасатын тұстары бар сияқты. Тілдердегі өте ертеден сақталып қалған кейбір жұрнақтар осы болжамды айғақтайды.

""Есенғали одақ басшылығына таласып жүрген жоқ"" - "Би болмас белін жалпақ буғанменен, тазармас әсілі харам жуғанменен. Ішкенге мәз, жегенге тоқ шаруаны, кім екен алашыма тұлғаң деген" депті ғұлама шайыр Әбубәкір Кердері. Ия, дана халқымыз ел басына күн туса, етегімен су кешкен ерлерін ғана елге тұлға деп атап, жырға қосқан, атын аңызға айналдырған. Әрине, әр заманның, әр қоғамның өзіне тән тұлғалары болады. Әріге бармай-ақ, еліміз тәуелсіздік туын көтергеннен бергі кезеңдерді алып қарасақ та осынау қып-қысқа уақыт аралығында есімі ендігі жерде ел есінде мәңгі сақталатын Алтынбек Сәрсенбаев, Заманбек Нұрқаділов, Болатхан Тайжан сияқты ардақты да арыс тұлғаларымыз аз болмапты. Олардың бержағында қалай опат болғаны әлі де жұмбақ күйінде қалып бара жатқан Батырхан Дәрімбет, Нури Муфтах, Асхат Шәріпжан сиякты қаламын биліктің қаракүішіне қарсы жұмсаған қаламгерлер ше?

TURKYSTAN.KZ. "Бәс тігетіндер букмекерлік кеңселерге тәуелді болып барады" - Бұған дейін қазақ жұртына букмекерлік кеңсе деген түсінік жат болатын. Алайда бүгінгі күні бұл ұғым жасқа да, жасамысқа да таңсық емес. Компьютер мен ойын автоматтарына жіпсіз байланып, букмекерлік кеңселерде бәс тігуді күнделікті әдетке айналдырған жандардың көбейгені алаңдаушылық тудыратындай жағдай. Бір кездері елімізде казинолардың есігіне қара құлып салынғанда, құмар ойындарға тосқауыл болар деп үміттенгенбіз. Бірақ бүгінде казинолардың орнын букмекерлік кеңселер басты.

QAMSHY.KZ. "Кімді кім алдап отыр, әкім халықты ма, басқарма прокуратураны ма?" - Біздің, яғни Айдын Егеубаев, Мақсат Ілиясұлы Бас прокуратураға қайта-қайта жазған арыздарымыздың, хаттарымыздың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы қытайдың «Уэйз групп» компаниясының 45% үлесі бар «Бәтуа» серіктестігіне қатысты прокурорлық тексерістер жүргізіп жатыр. Тексеру барысында белгілі болғандай, (облыстық 1-ші басқарма прокуроры Коныров Жандос) облыс орталығында орналасқан «ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ мен «ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басқармалардың ШҚО прокуратурасына берген жауабының нәтижесі мен облыс әкімдерінің халыққа берген есебімен, облыстың баспасөз қызметі және ҚазАқпарат агенттігі таратқан мәліметтер бір-біріне қарама-қайшы болып отыр.




9 қараша 2016, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.