Атырау, 7 мамыр 04:46
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Тәуелсіз Қазақстандағы тапсырыспен жасалған алғашқы қастандық", "Еліміздегі алпауыт жер иелері кімдер?", "«Ештеңе білмейтін» министрлік", "Саяси дағдарыстан шығудың жалғыз жолы – реформа", "Сары Алмас кім еді?.."

2 378 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Батысшыл кандидат пен ресейшіл үміткер екінші турға өтті" - Молдовада 20 жылдан кейін өткен жалпыхалықтық президент сайлауында жеңімпаз анықталмады. Сайлаудың екінші турына ресейшіл кандидат Игорь Додон мен еуропашыл Майя Санду өтті.

"Тәуелсіз Қазақстандағы тапсырыспен жасалған алғашқы қастандық" - 1992 жылы Қарметкомбинат директоры Александр Свичинскийге жасалған қастандық тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы арнайы тапсырыспен кісі өлтіру болды. Қастандықты «тұрмыстық сипаттағы қылмыс» деп түсіндірді, көп ұзамай Қарметкомбинат қожайындары ауыса бастады.

"Жастар саясатының проблемалары мен болашағы" - Қазақстанда жастармен кім қалай жұмыс істеп жатыр? Жастар өмірінде қандай қиыншылықтар бар және ZhasCamp жобасы кімге ұнамайды? AzattyqLIVE тақырыпты Қазақстан жастары ақпараттық қызметі қорының директоры Ирина Медниковамен [орыс тілінде] талқылады.

365INFO.KZ. "Қош бол, Ильин! Алексей Ни жаңа команда жасақтағалы жатыр" - Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас жаттықтырушысы Алексей Ни «Егемен Қазақстанға» сұхбат беріпті. Шәкірттерінің басы қалай дауға қалғанын айтқан екен Ни.

"Сары Алмас кім еді?.." - Жаңа, тәуелсіздіктің кезеңінде «қылмыскер» деген қара ат жамылған, алайда ұлтының рухы бола білген, өмірі өте күрделі, өзгеше тағдыр иесі «Рыжий Алмаз» туралы сөз қозғау қаншалықты ауыр болса да, соншалықты маңызды. Біле тұра сөз қозғамауға бейілміз. Әлдекімдердің «қарақшы», «ұры», «бандит» дегеніне кәдімгідей иланамыз. Алайда, жетелі ес, саналы бас ондай қиянатқа көне бермес.

ABAI.KZ. "Саяси дағдарыстан шығудың жалғыз жолы – реформа" - Үкімет пен бұқараны алыс-жақын аралықта қандай маңызды дүниелер күтіп тұр? Саяси рингтегі Батыс пен Ресей айқасы немен аяқталады? Келешегің күңгірттене бастаған ЕАЭО және Назарбаев пен Путин достығы. Соңғы айларда орын алған ауыс-түйіс пен саяси дағдарыстың ақыры немен аяқталады? Кешегі Алматыда өткен ақ жағалылардың жиынынан соң белгілі саясаттанушы, тарихшы Әзімбай Ғалимен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

"Қаламақы мәселесін Тасмағамбетов шешіп бермек" - Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің көшпелі отырысы Алматыға келді. «Мәдениет туралы» Заңның кем-кетігін толықтыру мәселелерін талқылаған алқа-қотан жиынын Вице-спикер Гүлмира Исинбаева ашып, қаламақы мен қоғамдық маңызды кітаптар шығару мәселелеріне көбірек тоқталды.

"Қазақ шынайы азаттықтың дәмін сезінген жоқ" - Ширек ғасыр бізден басқа ешкім тәуелсіз ел болмағандай лепіріп келеміз. Еш нәтижесіз, бос көку. Шындығында біз тәуелсіздік алған жоқпыз, далада қалған соң амалсыз «тәуелсізбіз» деп жариялай салдық. Санаға әсер ететін, ерекше, нағыз Азаттық дегеннің мәнін сезінбей қалдық. Сондықтан болар, көп қазақ Кеңес кезінің «мамыражай» тірлігін аңсайды. «Тамақ тоқ, көйлек көк» болатын. Бай, кедейдің ара жігі білінбейтін. Білінетін, бірақ білдіртпейтін...

KORRESPONDENT.KZ. "«Ештеңе білмейтін» министрлік" - Cоңғы 10 жылда өсімдік шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан 372,8 млрд теңге бөлініпті. Алайда, caravan.kz сайтының жазуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақшаның қайда кеткенін білмейді. Дәл солай. Ведомство «еліміздегі үш ірі астық компанияларына қанша субсидия берілді?» деген сауалға «бізде оған қатысты мәлімет жоқ» деп жауап беріпті. Сонда ол қаржы қайда кетті? Жер жұтып кетті ме?

"Еліміздегі алпауыт жер иелері кімдер?" - Жаздағы жер туралы дау-дамайдан кейін-ақ елдің көкейінде «жер үшін таласып-тартысып жатырмыз-ау, алайда оның бәрі бөлініп беріліп қойған, бәрінің де иесі бар ғой» деген ой қылаң бергені рас. Тіпті, Мәжіліс депутаты Сергей Кулагин меншігінде 80 мың гектар жері бар екенін айтқанда, қайран қалмаған жан қалмады. Сол кезде «латифундист» деген терминмен алғаш таныстық. Еліміздегі алпауыт байлар жерді сатып та, жалға да алады екен. Біразы сол жерді игеріп, қызығын көріп отыр. Ал кейбіреуі жай «латифундистер» ғана, олар жер еміп, игілігін көріп жарытып жатқан жоқ. Сонымен, қасиетті жеріміздің «шын» иелері кімдер?

DALANEWS.KZ. "Қанат қана емес, қазақ тілі де жеңіске жетті" - Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, кәсіпқой бокстың кәнігі шебері Қанат Ислам 22-ші жеңісін өз елінде, Тәуелсіздік бесігі Алматыда тойлады! WBA Fedelatin белбеуінің иегері, «ҚАЗАҚ» деген лақап аты бар Қанат Ислам кәсіпқой бокста ганалық қарсыласы, «Улы жебе» атанған Патрик Аллотейді айқын басымдылықпен ұтып, жеңіске жетті.

TURKYSTAN.KZ. "Шараптан «шаттық» іздеген шерменделер — маскүнемдер саны 186 мыңға жетті" - 2015 жылдың қорытындысы бойынша, ресми тіркеуде тұрған маскүнемдердің саны 186 мыңға жуық. Бірақ ресми есепке алынбағандарды ескерсек, олардың саны бұдан да көп деген сөз. Ресми мәлімет бойынша, маскүнемдердің 23 474-і нәзік жандылар екен. Ең сорақысы, маскүнемдік дертіне шалдыққандардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар да бар. Оның үстіне, тұрмыстық тұрғыдағы аса ауыр қылмыстардың 10 пайызы ішкіштердің үлесінде. Үстіміздегі жылы ішімдік ішкендердің қатысуымен орын алған қылмыстар саны 13 пайызға артыпты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жуырда ғана өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

"Тозақ апанының тірі куәгері — Ахико Тецуроның тағдыры" - Кейде біз тарихты ақтарамыз деп ақиқаттан тым алшақ кетіп жатамыз. Бүгінгі шындықты яки болжамы көп болашақты айтқаннан гөрі көз көрмесе де, құлақ естіген өткенді қаузауға құмармыз. Бірақ көркем дүние жасаймыз деп көріксіздікке ұрынатын кезіміз көп. Өйткені ізденіс аз, үстірттік көп, тереңдегіміз келмейді. Білмегенімізді білетіндерден сұрауға, көрмегенімізді көргендердің аузынан жазып алуға құлықсызбыз. Одан гөрі қиялға ерік берген оңай. Алайда бүгін «қиялизммен» таңғалдыру қиын. Оқырман да, тыңдарман мен көрермен де шындықты іздейді. Ауылы ақиқаттан әлдеқайда алыс, тарихи бояуы күңгірт, көркемдік кескіні келіспеген көп туындының арасынан «Ақтастағы Ахиконың» ерек көрінгені сондықтан.

QAZAQUNI.KZ. "Төрт ауылдың халқы жайылым жеріміз Өзбекстанға өтіп жатыр деп дабыл қақты" - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының шекаралық аймақта тұратын төрт ауылының халқы жалғыз жайылым жеріміздің көрші мемлекет – Өзбекстанға өтуіне қарсымыз деп наразылық білдірді.

1 қараша 2016, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.