Атырау, 7 мамыр 05:10
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Қазақстан экономикасы: пациент тірі ме әлде өлі ме?", "Қазақты бөліп, іріткі салған «шалақазаққа» Дос Көшім жауап қатты", "Қырғызстанда жаңа саяси дағдарыс", "«Ақбұлақ» адыра қалды", "Соңғы бір ғасырда болмаған суық болуы мүмкін"

2 334 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Қырғызстанда жаңа саяси дағдарыс" - Қырғызстанда былтыр қараша айында ҚСДП, “Қырғызстан", “Онугуу-Прогресс" және “Ата Мекен" партиялары жасақтаған парламенттiк коалицияның ұзаққа бармайтыны туралы болжам шындыққа айналды. Бұған конституцияға өзгерiс енгiзу туралы референдум түрткi болды. Нәтижесiнде 24 қазанда парламент коалициясы ыдырап, үкiмет тарады. Қырғыз президентi Алмазбек Атамбаев үкiметтi отставкаға жiберу туралы жарлыққа қол қойды.

AZATTYQ.ORG. ""Сулеймен тауы"" - Постсоветтік елдердің СССР күйрегеннен кейінгі 25 жылдық тарихы. Қырғызстан.

"«Өзбекстанмен қатынасты оңдауға ең алдымен көршілері мүдделі»" - Өзбекстанды 27 жыл басқарған Ислам Каримов қайтыс болғалы екі айға жуық уақыт өтті. Өзбекстан қазір көршілерімен қатынасын жақсартуға ұмтылып жатыр. Бұған аймақ елдері де мүдделі дейді Азаттыққа сұхбатында сарапшы Қазбек Бейсебаев.

365INFO.KZ. "Қазақты бөліп, іріткі салған «шалақазаққа» Дос Көшім жауап қатты" - «Шалақазақтар, біліп жүріңдер, тазақазақтар бізге бауыр емес» деген орыстілді қазақтың жазбасы — заңды құбылыс.

ABAI.KZ. "Ақиқатын тарихшылар айтса..." - Жазушы Қабдеш Жұмаділов пен сайт авторларының бірі Камал Әбдірахман арасындағы тарихтағы кейбір мәселелерге қатысты ой алысқан әңгімелерін жіті қадағалаған семейдегі оқырмандарымыздың бірі Дәулет Тілеубердиев мақала жолдапты. Онда автор Камал Әбдірахманның келтірген деректеріне қатысты ойын жаза келіп, тарихтағы мұндай мәселелерге тарихшылар төреші болып, ақиқатын солар айта деген ниетін білдіріпті.

KORRESPONDENT.KZ. "«Ақбұлақ» адыра қалды" - Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Бетқайнар ауылында былтыр берілуі тиіс ауызсуға тұрғындардың әлі күнге қолы жетер емес. Жергілікті жұртшылықтың сөзіне сенсек, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша салынған су мұнарасының құрылысы діттеген жеріне жетпей, аяқсыз қалыпты. Мемлекет қазынасынан қаралған 521 миллион теңгеге бой көтерген нысан елдің игілігіне берілмей жатып бүлінген.

"Соңғы бір ғасырда болмаған суық болуы мүмкін" - Күн райының күрт суытып, қазан айының қақ ортасында екі мәрте қар жаудырған табиғат-ана әжептеуір ойландырып тастады. Іле-шала «биыл қыс ерте түседі екен, суық болады» деген сөздер бірін-бірі жалғап, біраз адамның әңгімесіне арқау болып үлгерді. Әрине, алдағыны Алла біледі, десек те ауа-райын болжайтын синоптиктердің сөзіне де бір мезгіл құлақ түретініміз бар. Сонымен биылғы қыс жайлы жауырыншылар не дейді?

TURKYSTAN.KZ. "Клинтонша күрес, Трампша «төбелес»" - Биылғы АҚШ президентінің сайлауалды науқаны бұған дейінгі саяси науқандарға ұқсамайтын өзгешелігімен тарихта қалады. Науқанның көрігін қыздырған қос партияның үміткерлері – Хиллари Клинтон мен Дональд Трамптың «қолтаңбалары» осындай. 19 қазанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында президенттікке үміткерлер арасында соңғы әрі шешуші теледебат болып өтті. Бұл дебатты британдықтар тікелей эфир арқылы түнгі сағат екіде тамашалады. Түн ұйқысын тек футбол чемпионаты үшін бөлетін ағылшындардың Трамп пен Клинтон «шайқасына» айрықша назар аударуының себебі бар.

ҚАЗТАГ. "Қазақстан экономикасы: пациент тірі ме әлде өлі ме?" - Қазақстандық шенеуніктердің экономиканың ағымдағы жағдайы туралы айтқандары өлі адам туралы әңгімеге көп ұқсайды, себебі өлген адам туралы не тек жақсы айтуға болады, немесе түк те айтпау керек. Бірақ дұға арқылы жағдайды түзету мүмкін емес. Бірақ уақыт зымырап барады, және уақыт өткен сайын Қазақстандағы экономикалық жағдай стагнацияны айқын танытып тұрғандай.

ULT.KZ. "Жалтарма жауаптан жалықтық" - Мәжілістің соңғы пленарлық отырысында «Ақ жол» партиясы фракциясының өкілі Меруерт Қазбекова Ұлттық Банктың Төрағасы Данияр Ақышевтың атына ашулы хат жолдады.


31 қазан 2016, 13:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.