Атырау, 2 мамыр 13:37
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қалта ұрысының өз жұмыс кестесі бар

2 613 просмотра

Соңғы кездері Атырауда қалта ұрлығы жиілеп кетті. Қалта ұрыларының көп жүретін жерлері - автобустар, аялдамалар, базар алаңдары.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері 162 қалта ұрлығы тіркелген. Автобустарда ұрылар негізінен қарбалас сағаттарда: сағат 8-ден 10-ға дейін, сағат 12-ден 14-ке дейін, сағат 18-ден 20-ға дейін әрекет етеді.

Жолаушылар тасымалы бойынша жергілікті полицияның мобильдік топтары жұмыс жасайды. Жолаушыларға ұрлықтың алдын алу жөнінде буклеттер таратады, дыбыс зорайтқыштар арқылы оларға қырағы болуды ескертеді.

- Жергілікті полиция қызметі кезінде әкімдікке автобустарға бейнетіркегіштер мен дыбыс зорайтқыштар орнату туралы мәселені қарастыруды ұсынды. Дыбыс зорайтқыштар орнатылды, ал бейнетіркегіштер әзірге жоқ, - деп атап өтті ІІД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары, егер сіз қалта ұрлығының құрбандығына немесе куәгеріне айналсаңыз, Атырау қалалық ІІБ-не 102 немесе 98-10-30 телефонына хабарласу қажет екендігін еске салады. «Ізін суытпай» және қылмыскердің сыртқы келбетін суреттеу арқылы полицейлердің оны ұстау мүмкіндігі жоғары болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
30 қыркүйек 2016, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.