Атырау, 7 мамыр 03:47
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Жемсауы толмаған “ЭКСПО"", "ҰҚК өзгере ме?", "Қытай деп шулап жүргенде, арабтар қаптап кетпесін...", "Үштілділік реформасы орыс тілін сақтап қалу үшін жасалып отыр", "Кім мықты: әкім бе, министр ме?"

2 478 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Бiз қандай таңдау жасадық?" - 15 жыл бұрын, 2001 жылдың күзiнде Қазақстанда “Қазақстанның Демократиялық таңдауы" қоғамдық қозғалысы пайда болды. Тәуелсiз Қазақстанның тарихында бұл оқиға жас реформаторлардың тұңғыш рет президент Н.Назарбаев құр­ған саяси жүйеге ашық қарсылығы ретiнде қалады.

"Жемсауы толмаған “ЭКСПО"" - ЭКСПО – 2017 көрмесi өтетiн мезгiл таяп келедi. Негiзi, бұл мақтангөй Қазақ­станды ауқымды деңгейде танытатын көрме болғандықтан, оның дайындығын жiтi назарда ұстап, көз тiгiп отырғандар жетерлiк. ЭКСПО-2017-нiң қазiргi дайындығы қандай, жүргiзiлiп жат­қан құрылыс нысандарының қанша пайызы аяқталды, павильондардың жағдайы нешiк, инфрақұрылым сапасы қандай болмақ, жалпы, не бiтiп, не қойды? Бұл мә­селе жұртшылықты қызықтыра ма екен? Ең бастысы, көр­ме Астанада өтетiнi белгiлi болғаннан бастап оған бюджеттен, Ұлттық қордан қанша қаражат жұмсалды және ол қаншалықты игерiл­дi? Демеушi­лерден келiп түскен қаражат мақсатты түрде жұмсалып жатыр ма?

AZATTYQ.ORG. "Санкцияға қарамастан Қырымға тауар тасу" - Екі еуропалық ритейлер компания тауарларын Қырымға Ресейден жеткізеді. Тауар таситын адамдардың айтуынша, 2014 жылдан бері санкция жарияланып, ЕО тауарларын әкелуге тыйым салынғанына қарамастан, Еуропа компаниялары бұл шектеулерді айналып өту жолдарын тапқан.

"ҰҚК өзгере ме?" - Жаңа басшы барған Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетін қандай өзгерістер күтіп тұр? ҰҚК басқа күш құрылымдарымен қалай жұмыс істемек? AzattyqLIVE бұл туралы отставкадағы полковник Арат Нарманбетовпен талқылады.

"Қыршын ғұмырын тәрк еткісі келетін жасөспірім" - 100 мың тұрғынға шаққанда 13-тен көп суицид оқиғасы тіркелген Қазақстан суицид деңгейі жоғары елдер тізіміне кіреді. Азаттық өмір сүргісі келмей, осы статистиканы толықтыруға тырысқан алматылық жасөспірім туралы баяндайды.

365INFO.KZ. "Шешеннің снайпер қызы: «Қадыровты Каддафи секілді ит өлім күтіп тұр»" - Шешендердің барлығы Ресейді жақтайды деп ойлайсыз ба? Politolog.net cайтының жазуынша әзіргі күні Украина әскерінің сапында Ресейге қарсы жүздеген шешен соғысып жүр.

KORRESPONDENT.KZ. "Кім мықты: әкім бе, министр ме?" - Қазақстандағы Үкімет мүшелері, облыс және республикалық маңызға ие қалалардың әкімдері атқарушы биліктің қаймағы саналады. Бәрі де – саяси «тяжеловестер», мемлекетті басқарудың негізгі тетіктерінің барлығы – солардың қолында. Әйткенмен қайсысының ықпалы зор? Былайғы жұртқа өзінің мини-мемлекеті бар мини-президент ретінде әсер қалдыратын әкімнің бе, әлде Астанада аяғын алшаң басып жүргеніне мәз министрдің бе?

"Қытай деп шулап жүргенде, арабтар қаптап кетпесін..."- Бүгінде баспана салу үшін алақандай жерге қол жеткізе алмай жүрген жерлестеріміз аз емес. «Аспаннан шұға жауса да, кедейге ұлтарақ бұйырмапты» дегендей, қарапайым адамдардың қолы жетпей жүрген жерлер кейде шетелдік бай-бағландардың қанжығасында кетіп жатады. Олар, әсіресе, табиғаты тамаша жерлерге үйір-ақ. Бір таңқаларлығы, қанша жылдан бері кезекте тұрғандарға таптырмайтын жер шеттен келгендерге табыла кетеді.

ABAI.KZ. "Мемлекеттік тіл Ермекбаевтің ермегі ме?" - “Әндіжанда бір әпкем бар, бұдан да өткен сорақы" – деген мақал еріксіз есіме түсіп кетті. Су жаңа Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың “мешіттерде уағыз орыс тілінде айтылуы керек" деген мәлімдемесін оқығанда, бұдан басқа ой келуі де қиын-ау… Иә, Тәуелсіздігіне ширек ғасыр – 25 жыл толып отырған Қазақстанның министрі Ресейдің мемлекеттік тілінде сөйлеп тұрып, мешіттерде де уағыз Ресейдің мемлекеттік тілінде өтуі керек деп соқса, қайта жынданып кетпей, аман қалғаныңа құдайға мың да бір шүкіршілік айтып, сол мешітке барып екі рәкат намаз оқып, орысша уағыз тыңдап келу керек шығар…

"Қазақстан сөз бостандығы жөнінен Сомалимен дәрежелес" - Жақында Халықаралық «Freedom House» ұйымы әлем елдеріндегі адам құқығы әм сөз бостандығының көрсеткіштері туралы тізімді түзіп шығыпты.

QAMSHY.KZ. "Мәжіліс депутаттары палата төрағасына қарсы шықпақ па?" - Бір қызық жағдай болып тұр. Жыл сайын күзде «старт» алатын саяси «сезон» Қазақстанның саяси жүйесіндегі бұған дейінгі ережелерге етене деуге келмейтін оқиғалармен басталып отыр. Атап айтқанда, соңғы бірнеше шақырылымында «қалталы парламент», «қуыршақ парламент» деген түрлі жағымсыз атаққа қалған мәжіліс депутаттары (бәрі емес, әрине) ерекше белсенділік танытуда. Өткен жолы үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаевті елдің осы уақытқа дейін жиналып қалған сыртқы қарызы мен күн өткен сайын ортайып бара жатқан Ұлттық қор үшін сықпыртып алды. Қаһарына мінген қалаулылар басқа да шенеуніктерді аяйтын емес. Депутаттардың бұл батылдығын ел палата төрағалығына Нұрлан Нығматуллиннің келуімен, келгенде де жай келмей, депутаттық корпустың салмағын арттыру жөнінде Елбасының тапсырмасын алып келуімен байланыстырады. Қызық деп отырғанымыз да осы Нығматуллиннің айналасында болып отыр.

QAZAQUNI.KZ. "Үштілділік реформасы орыс тілін сақтап қалу үшін жасалып отыр" - Қоғам қайраткері, саясаттанушы Дос Көшім мектептерге үштілділікті енгізу реформасын орыс тілін сақтап қалу мақсатында жасалып отырған технология екенін айтты.

AIKYN.KZ. "Теріс ағымға ілескендерді не түлен түртті?" - 2011 жылдан бері экстремистік акцияларға әзірлену кезінде 64 зорлық-зомбылық актісі тоқтатылды. ал 2016 жылы осындай 9 оқиғаның жүзеге асуына жол берілмеді.



23 қыркүйек 2016, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.