Атырау, 6 мамыр 18:57
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Берік Әбдіғали: Қазақ тілі мәселесін шешпесек, ол да терроризмге әкелуі мүмкін", "Қазақша сөйлейтiн, жұмыс iстейтiн үкiмет керек", "Үш жылдан кейін ашылған құпия", "Сағадиев, келiңiз!", "Әзербайжанда авторитаризм күшейе түспек пе?"

2 013 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Әзербайжанда авторитаризм күшейе түспек пе?" - Билік "тұрақтылық пен даму үшін" референдум өткізбек. Оппозиция Ильхам Әлиевтің отбасылық билігі күшейе түседі деп қауіптенеді.

"Тарихшы: 1916 жылғы оқиға – қазақ даласын қамтыған көтеріліс" - Тарихшы Мұхтарбек Кәрімов 100 жыл бұрынғы оқиғаға түрткі болған себептерді, Қазақстанның кейбір аймақтарындағы көтеріліс басшылары жайлы деректерді айтты.

365INFO.KZ. "Берік Әбдіғали: Қазақ тілі мәселесін шешпесек, ол да терроризмге әкелуі мүмкін" - Терроризм дiннің ғана атын жамылмайды, ол мүмкiндiгiнше қоғамдағы наразы тұстарын пайдаланып қалғысы келеді.

"Парламенттегі «ұлтсыздар» өз жиналысына неге «ұлтшылдарды» шақыра бастады?" - Осы сессиядан бастап Парламент Мәжілісінде талқыланған заң жобаларына саяси партиялар мен «ұлтшылдар» шақырыла бастады. Бұрын біздің депутаттар заң жобасын өздері жазып, ешкіммен ақылдаспай-ақ қабылдай салатын.

ZHASALASH.KZ. "Атамбаевтың жүрегi неге ауырды?" - Жуырда ғана 60-қа толған Қырғызстан президентi Алмазбек Атамбаев Түркияда ем қабылдап жатыр. АҚШ-та өтетiн БҰҰ ассамблеясына қатысуға шыққан прези­денттiң жолы болмай, орта жолдан аялдады. Себеп – жүрегi сыр берген. Президент әкiмшiлiгiнiң мәлiметiн­ше, Атамбаев денсаулығына байланысты 1 қазанға дейiн қысқа мер­зiмдi демалыс алыпты. Ал интернетте оны дәрiгерлер ес-түссiз күйде жедел-жәрдем көлiгiне мiн­гiзiп жатқанын нақтылайтын бейнебаян пайда болды. Бiр анығы – қырғыз басшысының Түркияда емделуi алғаш рет емес.

"Қазақша сөйлейтiн, жұмыс iстейтiн үкiмет керек" - Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бұрнағы күнi үкiметтiң жаңа құрамымен алғашқы жиынды өткiздi. Бұған дейiн ол президент бекiткен жаңа орынбасары мен министрлердiң басын қосып таныстырып, оларға үйiп-төгiп тапсырма берген едi. Айтпақшы, ол алғашқы жиында-ақ министр­лерге жыл аяғына дейiн шетелге iссапарға шығуға тыйым салған. Мұнысына бiраз жұрт риза болса, ендi бiреулер “айтуға тиiс болған соң айтты да, одан не өзгередi" деп жақтырмаған кейiп танытты.

"Сағадиев, келiңiз!" - Қазақстан Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметiнше, елдегi мектептердiң барлығы 2019 жылдан бастап үш тiлде оқыту жүйесiне көшпек. “Үш тұғырлы тiл" бағдарламасының жүзеге асуына қажеттi дайындық жасал­ған ба? Айталық, оқушылар ана тiлiнде әрең түсiнетiн кейбiр күрделi пәндердi ағылшын тiлiнде оқыта алатын ұстаздар бар ма? Бұл үшiн пән мұғалiмдерiнiң екiншi мамандықты игеруi, яғни ағылшын тiлiнiң де маманы болуы қажет емес пе? Егер мектептердiң барлығы үш тiлде оқытатын болса, оқушылардың мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейi қандай болмақ? Ең бастысы, пәндердi оқыту тiлiн ауыстырғаннан елдегi бiлiм беру сапасы арта ма, әлде керi кете ме? Үш тұғырлы тiлдi шұғыл түрде енгiзудегi мақсат неде?

KORRESPONDENT.KZ. "Мәжіліс депутаттары «оянған» сияқты..." - Табиғатпен бірге жаңарған биылғы Парламенттің төменгі палатасы көктемгі авитаминозға ұрынды ма, әйтеуір алғашында ұйқысы ашылмаған баланы елестетті. Аңдамай сөйлеп, сайлаушының сөзіне қалған саясаткерлер тау қозғалса да, қозғалмастай кейіпте еді. Тіпті, елде орын алып жатқан тосын оқиғалар да олардың тілін шеше алмай жатқан. Жазғы демалыстан келген депутаттардың сиқы мүлдем басқа.

ABAI.KZ. "Дін министрлігі салафизммен орыс тілі арқылы күреспек" - Президенттің пәрменімен күні кеше ғана құрылған жап-жаңа Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі енді еліміздің мешіттерінде уағыз-насихатты орыс тілінде жүргізуді қолға алмақ екен.

"Қазақстан Батыс Еуропа-Батыс Қытай күре жолынан қанша пайда табады?" - Кеше Астанада «SarapTime» сарапшылар клубында «Қазақстандағы экономикалық қауіпсіздік: заңсыз саудадан адал кәсіпке?» тақырыбында кезекті отырысын өткізді. Отырысқа Қаржы министрлігіне қарайтын мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин және экономика жөніндегі сарапшылар, депутаттар қатысты.

TURKYSTAN.KZ. "Үш жылдан кейін ашылған құпия" - Ақмола облысының Калачи ауылындағы жағдай көптің есінде болар. Бірнеше жыл бойы ауыл тұрғындары себебі белгісіз «ұйқышылдық дертінен» зардап шеккен еді. Түсініксіз аурудың нақты себебін анықтауға еліміздің және көрші Ресейдің мамандары жұмылдырылды. Бірақ 2013 жылы басталған «ұйқышылдық дертінің» сыры енді ғана нақтыланды.

"Нанның қымбаттауына негіз бар ма?" - Өмірдің өзі қарама-қайшы дүниелерден тұратыны белгілі. Ақ пен қара, жақсылық пен жамандық, мейірімділік пен қатыгездік. Сол сияқты қоғамда да әр түрлі әлеуметтік топтар бар. Бірінің «қарны тоқ, көйлегі көк», енді бірінің ішерге асы, киерге киімі жоқ. Ал бүгінгідей дағдарыс кезінде қарапайым халықтың көңіліне демеу сыйлайтын жанашыр азаматтардың бары қуантпай қоймайды.

ULT.KZ. "Светқали Нұржан: мем.сыйлық – менің бейітімнің басындағы көк құлпытас емес" - Олар елде тұрғандықтан өз мүмкіндігінше ашыла, таныла алмай кетті дегілерің келіп отыр ғой? Қазір заман басқа, заң бөтен. Көпке танылудың мүмкіндігі мол, түрі көп. Тіпті, қаттырақ «танылғың» келіп бара жатса, батпақта, шаңдақта аунап жатып өткен-кеткенге топырақ, балшық шаш. «Тәксіз» өскен есер балаша… Бірақ бұлай танылудың қасиеті жоқ. Қасиетсіз нәрседе өсиет бола ма? Өсиетсіз нәрсе кімге опа берген?!

22 қыркүйек 2016, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.