Атырау, 2 мамыр 14:56
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Оқиғалар тізбегі

2 720 просмотра

Қыркүйектің 19-ына қараған түні Атырауда Мечников пен Рысмағамбетов көшелерінің қиылысында полицейлер 29 жастағы Атырау тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лада» ВАЗ 2114 көлігін тоқтатты. Дерекқордан мемлекеттік нөмірді тексеру кезінде оның еш жерде есепте жоқ екендігі, ал көліктің басқа нөмірмен тіркелгендігі анықталды. Тергеу жүргізілуде.

***

Құлсары-Сарықамыс трассасында 19 қыркүйекте Жылыой АІІБ қызметкерлері құжаттарсыз 18 тонна солярка тиеген цистернасы бар КамАЗ-ды тоқтатты. Тергеу жүргізілуде.

***

Қыркүйектің 18-іне қараған түні жол-патруль қызметі Құрманғазы көшесінен шамы жанбаған «Тойота-Камри» көлігін тоқтатты. 33 жастағы жүргізушінің мас екендігі, оның 2015 жылы үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды.

***

Еркінқала поселкесіне жақын маңдағы Жайық өзенінен 21 қыркүйекте су полициясының қызметкерлері «Ямаха 200» аспалы моторы бар «Байда» моторлы қайығын ұстаған. Қайықта Атырау қаласының үш тұрғыны, сонымен қатар, 40 келідей қызыл балық, 1 келідей қара уылдырық, 170 келі қара балық пен балық аулау құрал-жабдықтары болған. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Г.Мұхтарова хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 335-бабы («Браконьерлік») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

22 қыркүйек 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.