Атырау, 7 мамыр 04:47
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Орталық Азиядағы таққұмарлық һәм «жамбас тесу» дәстүрi", "Қарулы күштердегi реформаны керi кетiруге келе сала кiрiстi", "Сайлау туралы алты тұжырым", "Нұркент пе, Жаркент пе?", "Жоғалып кеткендер көбейіп барады"

1 901 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Орталық Азиядағы таққұмарлық һәм «жамбас тесу» дәстүрi" - Қыркүйек айы Орталық Азия елдерi үшiн апалаң-топалаң оқиғалармен есте қалғалы тұр. Бауырлас әзiрбайжан халқы 26 қыркүйек күнi бүкiлхалықтық референдумда дауыс бередi. Бүкiлхалықтық деген аты болмаса, оның бiр адамның мүддесi үшiн ұйымдастырылып жатқаны белгiлi. Ата заңға енгiзiлетiн өзгерiс президенттiң өкiлеттiлiгiн кеңейтiп қана қоймай, жас шектеуiн алып тастауды көздейдi. Бұл мәселенi Түрiкменстан басшысы Гурбангулы Бердiмұхамедов 14 қыркүйек күнi бiр жағына шығарған. Бас-аяғы “тұжырылған" жаңа Конституция арқылы Бердi­мұхамедов ендi президент тағында өмiрiнiң соңына дейiн отыра алады. Жалпы, қыр­күйектiң қызығы мен шыжығы Каримовтiң оқыс қазасынан басталған. Досының қабiрiне сәл кешiгiңкiреп барып, гүл қойған қазақ басшысы да елге орала сала апай-топай ауыс-түйiс жасады.

"Үшжылдық бюджеттiң бүйiрi" - Қазақстан парламентiнiң мәжiлiсi алдағы үш жылдың бюджетiнiң жобасын талқылауда. Оның авторлары – үкiмет мүшелерi бюджетке 4 триллион теңге көле­мiнде табыс түсiп, тағы 3 жарым триллион теңгенi трансферт түрiнде келедi деп жоспарлап отыр. Үкiмет елдiң үшжылдық бюдже­тiнiң нақтыланған нұсқасымен қарашаның ортасында таныстыруы тиiс. Мәжiлiс алдында баяндама жасаған министрлер бiрiншi кезекте мұнай бағасы мен ұлттық валюта бағамына байланып отырғандарын жасыра алмады.

"Қарулы күштердегi реформаны керi кетiруге келе сала кiрiстi" - Үкiметтегi соңғы ауыс-түйiсте вице-премьерлiктен сенаттағы халықаралық қатынас, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетi жетекшiлiгiне “ұзап" барған Дариға Назарбаева алдымен не iстеме­гiн “беташар" үстiнде айтып салды.

AZATTYQ.ORG. "Сайлау туралы алты тұжырым" - Ресейде қыркүйектің 18-і күні Мемлекеттік дума сайлауы өтті. Ресми дерек бойынша «Единая Россия» партиясы жеңіске жеткен. Қазір парламенттің төменгі палатасында бұл партияның 238 мүшесі отырса, енді 300-ден астам орынды иеленбек.

"Азаптау құрбаны енді айыпталушыға айналды" - Сот полицейлер азаптауына ұшыраған деп таныған Николай Синявиннің талай жылғы сергелдеңі жуық арада бітпейтін сыңайлы. Синявин азаптауға ұшырағаны үшін өтемақы алғаннан кейін әлдебір «тонауға» қатысты қозғалған іс бойынша өзіне қарсы тергеу амалдары қайта басталғанын естіген.

KORRESPONDENT.KZ. "Жоғалып кеткендер көбейіп барады" - Күн сайын әлеуметтік желіден жақындары жанұшыра іздестіріп жатқан бір, кейде бірнеше адамды бірден кездестіресің. Расында әлеуметтік желілер пайда болғанға шейін біз күн сайын жүздеген адамның үйінен шығып кетіп, оралмай жататынын онша байқамайтын едік. Қазір, әсіресе, жоғалған бала мен қарттардың суретін жиі көретін болдық.

"Әншілердің бағын байқау емес, той жандырып жүр" - Адам өзінің бағы жанған сәтін сезбей де қалады екен. Иә, бағы қалай жанғанын байқамай қалған Бибігүл Төлегенованың сөзі бұл... Бір жолы Роза Рымбаева да: «Бізде қазір кім көрінген сахнада жүр»,- деп ағынан жарылған-ды. Шынымен де бүгінде той бизнестегілердің шоу бизнесте де тасы өрге домалап тұр. Ал, ендеше, байқаусыз-ақ танымал әрі табысты, абыройлы болуға болатын болса, бізге жобалардың қаншалықты қажеті бар?

ABAI.KZ. "Нұркент пе, Жаркент пе?" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында іс сапармен жүр. Іс сапар барысында Мемлекет басшысы өңірдегі атқарылған әм атқарылатын істермен танысып, облыс басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

"Ұлттық музей ханзу тіліне мұқтаж ба?" - Астанадағы Ұлттық музейге келген жүңголық (қытайлық) туристерге музей қызметкерлері қытай тілінде қызмет көрсететін болды. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, журналистермен кездескен музей директоры Дархан Мыңбай мырза мәлімдеді.

AIKYN.KZ. "Адам, қайда барасың?.." - Дөңгеленген дүниенің кез келген бұрышында жақындап келе жатқан сұмдық апатты, зауалды нәрсені алдын ала сезетін һәм болашақты болжай алатын сұңғыла адамдар көп болмаса да кездеседі. Иә, бұлар көріпкелдер.

DALANEWS.KZ. "Бастық отырса біз де отырамыз, рұқсатсыз кетуге болмайды" - Жұмыс бабымен Астанадағы мемлекеттік органдарда, министрліктерде, әкімшіліктерде жиі боламын. Кейде жұмыс аяғына дейін, одан да ұзақ қалатын кезіміз бар. Мені таң қалдыратыны сондағы шенеуніктердің жұмыста кешкі 20.00 – 21.00-ге дейін, тіпті одан да ұзақ жұмыста отыратыны. «Бұл қалай?» десең, «Бастық отырса біз де отырамыз, рұқсатсыз кетуге болмайды» дейді.


20 қыркүйек 2016, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.