Атырау, 7 мамыр 08:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"«1916 жылы Ресей империясына қарсы ең ірі көтеріліс болды»", "Әкімдер дөрекілігін қашан доғарады?", "Дос Көшім: Біздің билікте қазақ тілін білмейтін депутаттар, шенеуніктер бар десем, шетелдік достарым сенбейді", "Зор сенім һәм ауыр салмақ"

2 280 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Туыстары Макс Боқаевтың денсаулығына алаңдайды" - Тергеу абақтысында отырған Макс Боқаевтың денсаулығын тексерген мамандар оның созылмалы дерті қайта өршігенін анықтаған. Туыстары биліктен белсендіге бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрайды.

"Ресей озбырлығы жайлы фильмді көрсетуге әлі рұқсат жоқ" - 1916 жылғы көтерілістен соң Ресей әскерінің қырғыз көтерілісшілерін басып-жаныштағанын баяндайтын «Үркін» фильмі әлі прокатқа шықпады. Фильм продюсерінің айтуынша, «ел басшылығы Кремльдің қабағына қарап отыр».

"«1916 жылы Ресей империясына қарсы ең ірі көтеріліс болды»" - Тарихшы Сәулебек Рүстемов Азаттыққа берген сұхбатында Орталық Азиядағы 1916 жылғы Ресей саясатына қарсы көтерілістің зерттелмей жатқан тұстары бар екенін айтты.

365INFO.KZ. "Дариға Назарбаев Сенатқа не үшін келді?" - Дариға Назарбаева Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Дариға Нұрсұлтанқызының жаңа қызметі нені аңғартады? Бұл оның президент мұрагері деген статусқа біртабан жақындағаны ма, әлде?

"«Орысқұлдар» әбден басынды! Шығыста атаман Ермактың тойы дүркіреп өтті" - Тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдан асса да, арамызда «орысқұлдар» — өз елімізде өзегімізден теуіп, өгей етіп, ашықтан ашық қазаққа қожа болғысы келетіндер бар. Осындай кесепатты жайт жуырда қазақтың мәдени ордасы — Шығыс өңірінде орын алды. Мұндайды бірден түбірінен кесіп, алдын алмасақ, онда ел арасына от салғандар баршаға үлгі болған қазақтың бірлігін бүлдіріп тынатын түрі бар.

KORRESPONDENT.KZ. "Әкімдер дөрекілігін қашан доғарады?" - Қазақстанда тағы да «Әкімдерді сайлаған дұрыс па, әлде тағайындаған ба? Халық үшін аянбай қызмет ету үшін қайсы жолды таңдаған жөн?» деген сұрақтар көкейтесті бола бастады. Бұған түрткі болып отырған – ғаламторға тез тарап үлгерген Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымов пен оның алдына келушілердің арасындағы әңгіме түсірілген даулы бейнежазба. Онда шенеуніктің азаматтарды қабылдау барысында келушілердің бірімен дөрекі сөйлескені байқалады. Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, бұл жайт қазіргі таңда бақылауға алыныпты. Яғни С.Қиқымовтың қызметтік этика нормаларын бұзуына байланысты, бұл оқиға Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережелерінің 25-тармағына сәйкес, Алматы облысы этика бойынша кеңестің қарауына жіберілген. Ал, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексеру жүргізіп, шара қолданбақ көрінеді. Енді жұртшылық мәслихат депутаттарының реакциясын күтіп отыр.

"Мәсімов сәлафилермен қалай күресер екен?" - Ақыры кетті. Көптің қалауы да сол еді. Ел экономикасы кері кеткен сайын халық мемлекеттік бағдарламаларды орындай алмаған Үкіметке ызалы еді. Ақыры Кәрім Мәсімов орнынан алынды. Әлеуметтің әлеуетін арттыруда «әлсіздік» танытқан адам енді елдің қауіпсіздігіне жауап береді. Осының алдында ғана Мәжілісте экстремизм мен терроризмге қатысты жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы таныстырылды. Егер ол қабылданар болса, оны бұрынғы премьер жүзеге асыратын болады.

ABAI.KZ. "Үкімет өзгеріп еді рушылдық күшейді. Неге?" - Кезінде ел арасында Мәсімов үкіметінің қабілетсіздігінен гөрі оның, экс-пермьердің этникалық тегі көп сөз болатын. «Премьерлік тақта тек қазақ отыруы керек» деген заң бар секілді талай жанның бұра тартып, дастархан басындағы әңгімені үлкен саясат сахнасында айтқанын да көзіміз көрді. 2012 жылдың кыркүйегінде бұл қызмет Серік Ахметовке бұйыра қалды. Сол-ақ екен, кеше ғана баға жетпес лауазым саналған премьерліктен мән кетті. Ешкім елеп-ескермейтін қарапайым қызмет санатына қосылып, Ахметов атқарушы биліктің басында бар екендігін әредік көрсетіп қана жүрді. Амал не, бұл премьеріміз 2014 жылы темір тордың ар жағынан бір-ақ шығып, Кәрім Мәсімов ескі креслосына қайта қонжиды. Сол-ақ екен, баяғы әңгіме тағы басталды.

"Миграцияға қатысты кейбір деректер" - 2016 жылдың жарты жылында елімізден 16 742 адам көшіп кеткен. Олардың көбісі, яғни 14 512 адам Ресейге, 162-сі - Белоруссиға – 162, Өзбекстанға - 81-і, 27-сі - Украинаға көшкен. Бұл ТМД аймағындағы миграция.

QAMSHY.KZ. "Келер жылы жаппай жер ревизиясы басталады" - Келер жылы республика аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы және жеке тұрғын үй құрылысы мен жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер учаскелерін тексеру басталады.

"Дос Көшім: Біздің билікте қазақ тілін білмейтін депутаттар, шенеуніктер бар десем, шетелдік достарым сенбейді" - Біздің билікте қазақ тілін білмейтін депутаттар, шенеуніктер бар десем, шетелдік достарым сенбейді. Мұны менің басшылыққа ренішім деп қабылдайды. Сондайда мен: "Бізде қазақша білмейтін Облыс басшылары да бар". Міне, бізде жағдай осылай, -дейді Қазақстан ұлттық арнасында тұсауы кесілген "Ой-толғау" бағдарламасының алғашқы санына қатысқан саясаттанушы Дос Көшім. Сондай –ақ бұл бағдарламаға қатысқан Бақытбек Смағұл: Біз депутаттар бір жылдары Украинға бардық іссапармен. Келісім құжаттарымызды орыс тілінде оларға бердік. Сөйтсек олар ол құжаттарды қайтарып берді. Сендердің мемлекеттік тілдерің қайда, мынаны қабылдамамймыз деп айтты. Сосын біз ұялмастан ол құжаттарды қайтарып алып келіп, қазақшаға аударып қайта жібердік,- дейді.

AIKYN.KZ. "Ерлан САИРОВ, саясаттанушы: Саясаттану – елiмiздiң екпінді дамуының негізі" - Танымал саясаттанушы Ерлан Саиров елімізде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ішінде саясаттану мен әлеуметтану бағыттарының даму кезеңдері мен қазіргідей құл­­дилау себептерін «Айқын» газетіне бер­ген арнайы сұх­ба­тында сөз етеді.

ULT.KZ. "Төлемырза Темірбекұлы. Құдайға жақындайтын күні, арсыздық алға шықты" - Құрбан айт Дін Исламның, оның ішінде қазақ халқының төл мерекесі. Жылына бір келетін мереке болғандықтан ел шама-шарқынша дайындалады. Жарықтық ауылда қолайсыздық тудыратын еш нәрсе жоқ, сондықтан құрбан айт мерекесі сияқты жиын тойларда абыржу болмайды.

DALANEWS.KZ. "Біздің ғалымдар" - Тәуелсіздік жылдары ғылым саласы көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Бірақ бұл ғылымға қызыққан адамдардың меселесін қайтара алған жоқ. Қайта бұл кезең қазақ ғылымын сұрыптау кезеңі болғандай…

TURKYSTAN.KZ. "Зор сенім һәм ауыр салмақ" - Қыркүйек – елдің етек-жеңін жинап, жиын-терімді қамбалап, бар мен жоғын түгендейтін уақыт. Президенттің Парламенттің кезекті сессиясын ашатын, Үкіметпен келелі кеңес өткізіп, заң шығарушы және атқарушы органдарға кезең талабына сай салмақты тапсырмалар беретін кезі. Бұл жолы да кеңейтілген отырыстың сәті қыркүйектің басына түсті. Жауапты міндеттердің салмағын көтеру кезегі Бақытжан Сағынтаевқа келді.




19 қыркүйек 2016, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.