Атырау, 7 мамыр 09:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"1991 жылғы Орал оқиғасы. 25 жыл өтті", "“Атомдық аждаһа" мекенiне айналған Семей полигонының қасiретi Бiрiккен Ұлттар Ұйымына қалай жеттi?", ""Біз мемлекет болғанбыз, Сұлтанов мырза!"", "Қазақ қоғамының діни бірлігіне сызат түсті"

2 792 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Ол ақыры «кеттi» немесе Мәсiмовше “кетудiң" сыры" - Тәуелсiз Қазақстанның тарихында әзiрге жалғыз өзi екi мәрте үкiмет басқарған және премьер-министр қызметiнде ең ұзақ отырған Кәрiм Мәсiмовтiң премьер­лiктен кететiнi туралы сыбыс көптен берi жүргендiктен, оның үкiмет­басы орынтағын босатып бергенi көпшiлiктi де, сарапшыларды да аса таңғалдырмады. Есесiне, президент Н.Назарбаевтың оны ҰҚК төрағасы етiп тағайындағаны талайдың таңдайын қақтырды.

"Сыраның көбiгi секiлдi iстi ойлап тапқандар жариялылықтан қорқады" - 14 қыркүйекте атышулы “сыра королi" Тоқтар Төле­шевтiң соты басталады. Қылмыстық iсте мемлекеттiк құпия материалдар жария болады деген желеумен сот жабық жағдайда өтпек. Т.Төлешевке 16 қылмыстық бап бойынша айып тағылған. ҰҚК Төлешевтi билiктi күшпен басып алмақ болды және осы мақсатта қарсылық шаралары мен жаппай тәртiпсiздiктердi ұйымдастыруды көздедi, қазiргi билiк жүйесiн өзгертуге тырысты деп айыптайды. Сот орындығына онымен бiрге тағы 25 адам сыбайласы ретiнде отырады.

"“Атомдық аждаһа" мекенiне айналған Семей полигонының қасiретi Бiрiккен Ұлттар Ұйымына қалай жеттi?" - 1994 жылы қазан айының басында “Невада – Семей" қозғалысының “Аттан" жорық штабының жетекшiсi Амантай қажы Хан­темiрұлы бiр күнi менi үйiне жеке шақырды. “Ораз iнiм, саған Америка сапарына қатысты айтуға тиiс құпияны есiңе салуым керек. Онда баратынымыз рас. Бiрақ ол жақтан оралмай қалуымыз да мүмкiн. Өйткенi АҚШ-та атомға қарсы шеру-акция өткiзу оңай болмайды. Ал, Бiрiккен Ұлттар ғимараты алдында ұрандап, АҚШ-тағы атомдық сынақтар тоқтатылсын" деп онда жар салу тәуекелдi талап етедi. Бiр сөзбен айтқанда, мұхиттың арғы жағына “басымызды бәйгеге тiгiп барамыз", – дедi.

AZATTYQ.ORG. "1991 жылғы Орал оқиғасы. 25 жыл өтті" - Батыс Қазақстан ресейшіл «автономиялық республикаға» айналуы мүмкін деген қауіп төнген тұстағы Орал казактары мен қазақ белсенділерінің талай күнге созылған қақтығысы 1991 жылғы қыркүйектің 15-інде аяқталды. Арада 25 жыл өтсе де бұл оқиғаларға қатысты ашылмаған жайттар көп.

"Күлекбаев ісінен «жапа шеккен» полицей" - Байқоңыр қаласындағы Қазақстан ІІМ өкілі Алмаз Тұрғанбаев қызметінен заңсыз шеттетілгенін айтып шағымданады. Ал Қызылорда облыстық ІІД «оның бақылауындағы сотталған адам Алматыға барып шабуыл жасағасын тәртіптік жазаға тартылғанын, қызметі төмендетілетінін» хабарлады.

ABAI.KZ. ""Біз мемлекет болғанбыз, Сұлтанов мырза!"" - Арада біраз уақыт өтсе де, сол 5 қыркүйек күнгі эфирден естігендерім есімнен кетер емес. Шынын айтқанда, біраз есеңгіреп қалдым. Өйткені өмір бойы зерттеген дүниелеріміз, жазған-сызғандарымыз депутаттың бір ауыз сөзімен түкке тұрғысыз болып қалды. Қазақ мемлекет құрмаған, ел болмаған халық екен! Бекер арамтер болып жүр екенбіз. Бұл мен емес қазақстандық тарихшы қауымға соққы болды. Қазақстан тарихнамасына үлкен соққы болды. Енді немен айналысамыз, не кәсіп істейміз деген ойда қалдым. Мұндай жағдай бұрын да болған. Қазақстан тарихын Ұлттық бірыңғай тестілеуден алып тастау, немесе жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын тек тарих мамандығында ғана оқыту дейтін бастама көтерілген. Сол үшін есті зиялы қауым бір толқып барып тоқтаған. Әсіресе тарихшылар. Не себепті? Барлығының мақсаты ұлт, мемлекет тарихына араша түсу.

QAMSHY.KZ. "Салафизмге соққы болатын саяси шешімдер қабылданды" - Соңғы күндері елде көп жаңалық болды. Премьер-министр ауысып, үкіметті он жылға жуық басқарған Кәрім Мәсімовтің орнын орынбасары басты. Басқа да бірқатар лауазымды тұлғалар жаңадан тағайындалды. Сарапшы біткен осы тағайындауларға қатысты ойларын жарыса айтып, жазып жатыр.

ҚАЗТАГ. "Айдар Әлібаев: Шетелдік консулдьтанттар Қазақстанды отарлық елге айналдырды" - Қазақстан – «кеңестер елі». Бізде әр түрлі деңгейдегі кеңесшілерге әр түрлі саладағы шетелдік мамандар тартылады – оны аңғару үшін әр жылдары Қазақстанда ҚР президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесшілері еске алу үшін жұмыс атқарып жатқанын, президент жанындағы халықаралық консальтингтік кеңес және толып жатқан басқаларын еске алсақ жеткілікті.
«Қаржытұтынуодағы» қорының басқарма төрағасы Айдан Әлібаев тәуелсіз Қазақстандағы әр түрлі шетелдік кеңесшілердің ақылымен жүргізілген реформалар Қазақстанды тек колонияға айналдыруға бағытталған деп отыр. Ол қалай жүргізілгені және ол қалай болғаны туралы А. Әлібаев бізбен өзінің көзқарасымен ой бөліседі.

DALANEWS.KZ. "Оңтүстікте табиғаты тамаша жерге араб шейхы коттедж салып, өзгелерді кіргізбей қойған" - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылының жоғары жағында, таудың дәл етегінде «Сайрам – Өгем» ұлттық табиғи паркі орналасқан. Ол жердің табиғаты тамаша, қарасаң көз тартарлық.

SERKE.ORG. "Қазақ қоғамының діни бірлігіне сызат түсті" - Ақтөбедегі террорлық шабуыл мен Түркиядағы әскери төңкеріс жасауға оқталу оқиғалары қазақ қоғамының әр түрлі жат діни идеологиялардың ықпалында қалғанын, оның тұтастығы пен бірлігіне үлкен қауіп төніп тұрғанын ашып көрсетті. Қоғамға қатты әсер етіп отырған ислами ағымдардың жамағат «жүрегін жаулау» жолында өзара бітіспес кикілжің фазасына қарай қадам басқаны анық байқалады.
Діни ағымдар мен тариқаттар арасындағы идеологиялық алыс-жұлыс бұрыннан үздіксіз жүріп жатыр. Бірі есе жіберіп, екіншісінің мәртебесі әжептәуір өскен аумалы-төкпелі талай оқиға болды да. Бірақ мұның бәрі «жабулы қазан» ішінде қалып, қоғамдық пікір түзу алаңының (әлеуметтік желілер мен БАҚ) делебесін қоздыра қоймаған болатын. Қазіргі жағдай «бөтелкеден шығып кеткен жын» жөніндегі әпсананы еске салып тұр.




15 қыркүйек 2016, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.