Атырау, 6 мамыр 19:01
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Тасмағамбетов қайтып оралды. Неге? Не үшін?", "Қазақстандағы кадрлық ауыс-түйістер: келесі президенттің есімі белгілі ме?", "Рахымжан Отарбаев: бәріңізге бір жауап", "25 жылда экономикамыз дамыды ма, кері кетті ме?"

3 272 просмотра

365INFO.KZ. "Мәсімов бір істі аяғына жеткізбей кетіп қалды. Енді Сағынтаев пен Тасмағамбетовке не болады?" - «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды». Бұл мәтел Үкімет басына жаңадан келген Сағынтаев пен Тасмағамбетовқа қатысты айтылып жатыр. Шынымен де, олардың тіл табыса алмауы мүмкін бе? Ал отставкаға кеткен Мәсімовтің аяғына жеткізбеген бір шаруасы бар екен. Ол не? Бұл туралы мамандар өз ойын кеңінен тарқатады.

"Билік неге салафизмге тыйым салғысы келмейді?" - Өткен аптада Парламент мәжілісі комитетінің отырысында экстремизм мен терроризмге байланысты заң жобасы таныстырылды. Аталған заң жобасы жер мәселесінен кейін еліміздегі ең шулы проблема болайын деп тұрған сияқты. Өйткені онда салафизмге тыйым салу мәселесі қарастырылмаған. Әлде, саяси элита салафизмнің қоғамға қаншалықты қауіпті екенін түсінбей ме?

AZATTYQ.ORG. "«Арқадағ» биыл алтыншы кітабын жазып тастады" - Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов тағы бір кітабын жазып бітіргенін хабарлады. Кітап түркіменнің әйгілі музыканттарының бірі Шүкүр-бахши туралы.

"Жергілікті өзін-өзі басқарудың "аздаған" үлгісі ұсынылды" - Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдарды өзгерту жобасының авторлары ауыл әкімі жергілікті өзін-өзі басқару органы міндетін де атқарып, мемлекеттік билік өкілі де болатынын айтады. Депутат ауылда "басқарып, кіріс әкелетіндей" нәрсенің барына күман келтірді.

ABAI.KZ. "Тасмағамбетов қайтып оралды. Неге? Не үшін?" - Атқарушы биліктің тарихындағы 9-премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың Үкіметіне Иманғали Тасмағамбетов келді. Вице-премьер болып... Нақтылай айтсақ, Иманғали Нұрғалиұлы – Бақытжан Әбдірұлының орынбасары. Вице-премьер Тасмағамбетов Үкіметте білім-ғылым мен мәдениет саласын, денсаулық пен спорт саласын, ақпарат және коммуникация саласын, жалпақ тілге салсақ – жалпы идеология саласын басқарады. Бұл, әрине, Тасмағамбетовтың бұрын жүріп өткен жолы. Әрі өзі қай қиырда жүрсе де көңіл бөліп, жаншырлық танытып отыратын саласы. Алайда бүгінгі тағайындауға қарап қоғамдық пікірге қозғау сала білетін орта қомсынып қалды. Тасмағамбетов бұдан да жоғары лауызымды қызметке баруы керек еді дейді олар. Сондағысы – Сенат төрағалығы. Яғни, Қасым-Жомарт Тоқаевтың орыны. Ал, Тоқаевтың орыны – Конституция бойынша екінші орын. Тоқаев – қазіргі отырысында Елбасынан кейінгі мемлекеттегі екінші тұлға. Көпшілік «екіншіні» Тасмағамбетовке еншілегісі келеді. Алайда, мемлекеттік қызметтің сан түрін көрген салмақты саясаткер Тасмағамбетов өзін «екіншілікке» де, «үшіншілікке» де балаған емес. Мемлекет басшысы ұсынған қызметті атқарып, абыроймен келе жатқан азамат.

"Рахымжан Отарбаев: бәріңізге бір жауап" - Дүние шулап кетті. Аузын ашса көмейінен от жарқылдап жатқандар аз емес. Бәрін қылға тізіп қайтейін. Күлдім, шамдандым. Сосын жауап берейін деп ойладым. Мен «Абай жолын» мансұқтаған адам емеспін. Классикалық туынды. Бірақ өкінішке орай өз заманының шығармасы. Тап осы қалпында алдағы елу, жүз жылда ұлт руханиятына қызмет ете алмауы мүмкін. Өйткені, басқа ұрпақ, әлемдік өркениетпен қол ұстасқан келешек келеді. Олар кең көсілме эпопеяға көз жүгірте ме, жоқ па, қайдам?!

QAMSHY.KZ. "Қазақстандағы кадрлық ауыс-түйістер: келесі президенттің есімі белгілі ме?" - Өткен аптада басталған кадрлық ауыс-түйістер кеше белгілі бір деңгейдегі логикалық шегіне жетті деп айтуға болар. Премьер-министрдің ауысуы, жаңа вице-премьердің тағайындалуы, үкімет құрамындағы бір министрліктің таратылып, екіншісінің құрылуы – қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыптар. Осы кадрлық тағайындаулар төңірегінде белгілі саясаттанушы Айдос Сарым Qamshy.kz порталына сұхбат берген болатын.

"Найтоу Кунио, жапон саяхатшысы: Ана тiлiмнен басқа ешқандай тiлдi меңгермей-ақ, жарты әлемді аралап шықтым" - «Арманым — дүниежүзiн түгел шарлап шығу. Теңiздiң ар жағында қандай ел бар екен? Кемеге мiнiп, алыстағы бейтаныс мемлекеттерге барғым келедi...» деп, кезiнде Әдебиет сабағында шығарма жазған жапон оқушысы бүгiнде алпысқа келген шағында балалық арманмен тағы да жолға шығыпты. Саны бойынша бұл № 5-шi саяхат.

ULT.KZ. "Иманғали Тасмағамбетов ҚР қорғаныс министрі болған кезде несімен есте қалды?" - 13 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымын босатып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

KORRESPONDENT.KZ. "«Жасыл энергетиканы» тежеп отырған Бозымбаевтың өзі емес пе?" - Қазақстан өзінің алдына нақты мақсат қойды. 2050 жылға қарай барлық жаңартылатын энергияның үлесін 50 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Ең қызығы – бүгінгі таңда, яғни 2016 жылы оның үлесі 1 пайызға да жетпейді. Ал, 34 жылдан соң бірден 50 пайызға жетуі тиіс! Қысқасы, бұл 2050 жылға дейін «не есек өледі, не хан өледінің» кері.

"25 жылда экономикамыз дамыды ма, кері кетті ме?" - Тәуелсіздік туының астында өткен 25 жылда біздің экономика нендей жетістіктерге жетті? Қанша зауыт салынып, қанша өнім экспортқа шығарылды? Әлемге паш етер мұнайдан басқа мақтанышымыз бар ма? Саралап көрейік. «Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасы – 21 есе, ал халықтың табысы – 19 есе өсті» деп мәлімдеді жыл басында Елбасы Н.Назарбаев. Оның айтпағы – адам басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 1990 жылы – 600 доллар болса, биыл – 13 000 долларға жеткен.

DALANEWS.KZ. "Тасмағамбетов үш тұғырлы тілдің түйінін тарқата ма?" - Ескі де жаңа Үкімет жұмысқа кірісті. Шенеуніктердің көбі орнында қалған, тек Қорғаныс пен Әділет министрлерінің ауысты. Өз командасын жинақтағанда Бақытжан Сағынтаев орынбасарларына ерекше мән бергендей. Соңғы екі жылдан бері еліміздің қорғанысына жауапты болған Иманғали Тасмағамбетов енді вице-премьер. Тағы бір өзгеріс, Мемлекеттік қызмет істері таратылып, Дін істері және азамттық қоғам деп аталатын жаңа министрлік құрылды.



14 қыркүйек 2016, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.