Атырау, 6 мамыр 18:39
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Орталық Азия елдерінің одақ құруға шамасы бар ма еді?", "Сәтбаев: «Жер дауы Мәсімовке үлкен сабақ болды»", "Жанұзақ Әкім: «жаңа үкімет нақты іспен айналысуы тиіс»", "Қағаз үйіндісіне көмілген ұстаз кемел білім бере ала ма?"

2 235 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Өзбекстан-Қытай қарым-қатынасы өзгере ме?" - Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін Ташкентте ұзаққа созылатын тақ күресі басталатын тәрізді. Кімнің билікке келетіні әзірге белгісіз. Өзбекстан билігіндегі осы белгісіз жағдай Қытайды алаңдатады.

"Орталық Азия елдерінің одақ құруға шамасы бар ма еді?" - Ардагер оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдин сұхбатында 25 жыл бұрын Орталық Азия елдері қатар-қатар тәуелсіздік жариялап жатқанда олардың арасында интеграция мүмкіндігі қандай болғанын айтты.

"Қазіргі заманғы құлдық және Қазақстандағы гейлер құқығы" - Батыс баспасөзі қарулы жанжал аймақтарында адам саудасы проблемасы артып отырғаны жайлы жазған. Дерек бойынша, бұл мәселеге Қазақстан азаматтарының қатысы бары да байқалған.

365INFO.KZ. "Сәтбаев: «Жер дауы Мәсімовке үлкен сабақ болды»" - Кәрімовтің қазасы мен күштік құрылымдарды күшейту қажеттілігі Мәсімовтың «кетуіне» себеп болды. Саясаттанушы Досым Сәтбаев солай деп санайды.

QAMSHY.KZ. "Жаһандық саясаткерлерді балағаттаған Родриго Дутерте туралы не білеміз?" - Иә, ол ең алдымен Филиппин Президенті. Жуырда халықаралық жиында АҚШ Президентін «жезөкшенің ұлы», ал БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунды «ақымақ» деп атаған Родриго Дутерте Президент лауазымына қалай жетті? Енді соған тоқталайық.

"Болат Әбіловтің бизнесі туралы не білеміз?" - 90-жылдары КСРО-дан бөлінген елдерде алғашқы жылдары халық аз ғана жинақтарын жаңа мемлекеттік валютаға ауыстырып, қаржылық пирамидалардың және шыңдардың иелерінің құрбандарына айналды. Бүкіл Қазақстан бойынша «Бір Бутя президенттің қаламсабын бір мың долларға сатып алыпты» деген қауесет барлығын таң қалдырған.

ABAI.KZ. "Жанұзақ Әкім: «жаңа үкімет нақты іспен айналысуы тиіс»" - Аптаның аяғында Үкімет ауысты. Прьемер-министр креслосында ең ұзақ отырған Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағалығына ауысып, жаңа Үкімет басшысы болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Оның кандидатурасын Мәжіліс депутаттары қолдады. Прьемер-министрдің ауысуы қоғамда да қызу талқыланып жатыр. Сарапшылардың дені Сағынтаевты іскер, экономиканы білетін, халықтың мұң-мұқтажын тыңдай отырып, дұрыс шешім қабылдап, Үкімет жұмысын жандандыратын Прьемер-министр болады деп топшылайды. Тоғызыншы қыркүйек күні Ел Үкіметінің тізгінін ұстаған Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев еліміздің тарихындағы 9-Премьер-министр болды. Оны жақсы ырымға балап жатқандар да бар. Біз осы орайда Халықаралық адам институтының президенті, экономист Жанұзақ Әкім мырзамен ауыс-түйіс жөнінде аз-кем сұхбат құрған едік.

"Мәсімов үкіметінің қателіктері" - Мәсімов үкіметі 2007-2012 және 2014-2016 жылдарда дұрыс реформа жүргізе алмағандықтан төмендегідей қателіктерге ұрынды. Олар қандай?

"Алтынбек Сәрсенбайұлы. Билік үшін кімдер күреседі?" - Ұлт мүддесі (мемлекет мүддесі) жолындағы ұлы күрес қай заманда да бір сәтке тоқтаған емес. Бұл күрестің мазмұны өзгермейді. Тек формасы ғана заманына қарай ауысып отырады. Ал, күрескерді ұлт тудырады. Қазақ елінің бүгінгі территориялық, мемлекеттік, мәдени-тарихи және тілдік, халықтың һәм ұлттық біртұтастығы алтын басын Алаштың бақыты жолына бәйгеге тіккен батыр ұлдардың күрескерлігі мен ерлігінің еңбегі. Сондай сардар тұлғаның бірі және бірегейі, екі ғасыр тоғысындағы өліара шақта қазақтың көшін алға сүйреген, сол жолда мерт болған - мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлы. 12-нші қыркүйек - Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні. Ұлт күресі жолында өлген ерде арман жоқ. Өйткені, қара орман қазақтың жадында сөзі жаттаулы, бейнесі сақтаулы. Алтекеңнің туған күніне орай, көз тірісінде жазылған мақалаларының бірі –« Бұқпантайдың бұлғағы немесе билiк ақырында жөнiне келдi...» атты мақаласын беріп отырмыз.

KORRESPONDENT.KZ. "Дөкейлердің балаларынан басқалар жұмыс істей алмай ма?" - Мың жерден реформа жүргізіп, қанша нақты қадам жасасаңыз да, Қазақстандағы басқару жүйесінің өзіне тән ерекшелігіне өзгеріс енгізіп, қатқан сеңді қозғалту, әй, қиын-ау! Мысалы, кез келген деңгейдегі қайсыбір бастықты алыңызшы, жұмыс барысында ең алдымен өзінің туған-туыстарына, жақын дос-жарандары мен тамыр-таныстарына арқа сүйейді. Басқару құрылымын құдды бір пирамида дерсің. Ешкім ешкімге сенбейді. Тіпті әлгі кадрдың басы алтын болса да. Оған күмәндана, тосырқай қарайды үлкенді-кішілі бастықтар. Себебі, ол «свой» емес. Осыдан кейін қараптан-қарап «Адам қолы билік тізгінін ұстауға жеткенде паранойямен ауыра бастайды-ау» деген ой келеді екен.

"Ойыншық партиялар ҺӘМ қуыршақ депутаттар" - Биыл Қазақ елінің егемендік алғанына ширек ғасыр. Осы уақыт аралығында мемлекеттегі саяси жүйе қаншалықты өзгерді? Демократия үрдістеріне сай жаңарды ма, әлде сырт көрінісі ұқсап бағу үшін «жамалды» ма? Әсіресе саяи партиялар қоғамның құрметіне ие бола алды ма? Қазақстандағы сяси жүйе сөз бола қалғанда қойылатын негізгі сұрақтың мазмұны сол күйі қалғанымен оның жауабы жыл сайын өзгеріп тұрады. Оған ең алдымен сол уақытта қалыптасқан саяси ахуал, партиялардың белсенділігі ықпал етеді. Әрі, осы мәселені ой елегінен өткізген тұлғаның билік позициясына қатысты ұстанымы да айтылатын сараптамалардың сапасына әсер етпей қоймады.

DALANEWS.KZ. "Халық үндемейді, оны билік те әбден біліп алған" - Қайраткер, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын қастандықпен өлтіргеннен бері 10 жыл өтіпті. Біз Алтекеңнің әр жылдары баспасөз бетінде айтқан ой-пікірлерін жинақтап бердік.

AIKYN.KZ. "Қытай қатая түсті" - Әлемдегі әр елге еліктеп емес, нақ Қытайдың өзіне тән ұрпақтан ұрпаққа тараған таза әрі дара жолымен жүруді қалайтын аспанасты елі болашақ иелерін де ата жолдан айнымауы үшін барлық айла-әрекетті қарастырып жатыр.

TURKYSTAN.KZ. "Қағаз үйіндісіне көмілген ұстаз кемел білім бере ала ма?" - ЮНЕСКО 1965 жылы 8 қыркүйекте Тегеранда өткен Білім министрлерінің Бүкіләлемдік сауатсыздықты жою жөніндегі конференциясының ұсынысы бойынша енгізді. ЮНЕСКО дерегіне сүйенсек, бүгінде әлемде 774 миллиондай адам, яғни әрбір бесінші ересек не жаза, не оқи алмайды және 75 миллион бала мектеп жүйесінен тыс қалып отыр. Сондықтан өрендеріміздің орта біліммен толық қамтылғанына шүкірлік еткен жөн. Сауаттылық деңгейі жөнінен әлем бойынша 177 елдің арасында 14-орында тұрған Қазақстан азаматтарының көзі ашықтығы – таңнан қара кешке дейін күнін мектепте өткізетін аяулы ұстаздардың арқасы. Бірақ соңғы уақытта мұғалім болғысы келетіндердің қатары сиреп барады. Білікті педагогтардың тапшылығы ауылда ғана емес, қалада да айқын аңғарыла бастады.


13 қыркүйек 2016, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.