Көрнекі сурет12 қыркүйек күні түсте Махамбет ауданы Ақжайық ауылында қайғылы оқиға орын алды – 200 литрлік су жинайтын бөшкеге 5 жасар бала батып кетті.
Махамбет аудандық прокурорының орынбасары Жасталап УРАҚОВТЫҢ айтуынша, бала аулада ойнап жүріп, суға толы бөшкеге басымен құлап, суға тұншығып қалған. Туыстары оны тапқан кезде бәрі кеш еді...
Ләззат ҚАРАЖАНОВА