Атырау, 29 наурыз 20:37
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қабір айналасындағы дау

3 260 просмотра

Сот інісі мен сіңлісінен анасын жерлеуге ақша өндіріп алуға тырысқан әйелдің талап-арызынан бас тартты.

Сирек кездесетін азаматтық іс Атырау қалалық сотында қаралды. Әлгі әйел өзінің жақын туыстарынан үшеуіне де мұра қалдырып кеткен туған анасын жерлеуге шығынды өндіріп алуға тырысқан. Талап-арыз иесі сотқа өз талабында анасының өлімінен соң жерлеу күні мен жеті күндік қадесінде ас беру, газетке хабарландыру беру, гранитті ескерткіш пен қабірін тұрғызу үшін сатып алған құрылыс материалдарына кеткен шығынның жалпы көлемі 1 560 524 теңге құрағанын келтірген. Ол жерлеуге жұмсаған шығындарды мұрагер ретінде басқа мұрагерлерден де өндіріп алуға құқым бар деп ойлаған. Яғни, шығындарды үшке бөлгісі келген: оның пікірінше, әрқайсысы 520 174 теңге төлеуі тиіс. Осыған байланысты ол жауапкерлер өкілі N-нен 1 040 348 теңге өндіруді сұраған.

Атырау қалалық сотының ақпараты бойынша, жерлеу рәсімі балалары арасында дауға ұласқан марқұм әйел 2015 жылдың 14 желтоқсанында 50 жасында қайтыс болған. Оның мұрагерлері – сотқа талап-арыз беріп отырған қызы және жауапкерлер ретінде сотқа тартылған еңбекке жарамсыз қызы мен кәмелет жасына толмаған ұлы. Олардың мүддесін заңды өкілі N қорғады. Қос тараптың арасындағы дау мұрагерлер мұраны заң бойынша қабылдаған соң туындаған.

Сонымен бірге, сот талап-арыз иесінің шығындар көлемін жауапкерлермен алдын ала келіспегенін анықтады. Осылайша, талап-арыз иесі өз еркімен шығынға ұшыраған. Кейін азаматтық-құқықтық заңнама талаптарына сәйкес ақшаны даулайтынын есепке алмаған да.

Ақыры сот талап-арыз иесінің талабы негізсіз деген қорытындыға келіп, оны қанағаттандырудан толық көлемде бас тартты.

Сот шешімі заң күшіне енген жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 қыркүйек 2016, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.