Атырау, 6 мамыр 18:33
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Үкіметтің ауысуы нені білдіреді?", "Тыңдау, тұсау, бақылау. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне келген Мәсімовке қандай құпия тапсырма жүктелді?", "Мұнайлы қазақ еліне дағдарыс болмауы керек еді!...", "Балалардың несібесін әкімдер жеп жүр"

2 466 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Үкіметтің ауысуы нені білдіреді?" - Қазақстанда үкімет құрамы жаңартылатыны хабарланды. Үкіметті ауыстырудың астарында не жатыр? Кәрім Мәсімовтің үкіметі не тындырды? AzattyqLIVE бұл туралы саясаткер Әміржан Қосановпен талқыланды.

"«Терроризмге қарсы» заң жобасының қаталдығы айтылды" - Парламент мәжілісі комитетінің отырысында экстремизм мен терроризмге байланысты заң жобасын таныстырды. Қауіпсіздік өкілдері заң күшейгенін, ал құқық қорғаушылар «әлеуметтік жағдай мен идеологияны ескеру керек» екенін айтады.

ZHASALASH.KZ. "Алтекең айтқан «азапты дилемма» жақындап келедi" - 2006 жылы ақпан айының басында Алтынбек Сәрсенбайұлы “Время" газетiне сұх­бат бердi. Сұхбаты “Бiз қайда бара жатырмыз?" (“Куда мы идем?") деп аталады. 2005 жылғы “кезектен тыс президент сайлауынан" кейiнгi сұхбат болғандықтан, билiктiң қорқаулығы мен азаматтық қоғамның әлжуаздығы баса сөз болады.

"Мұғалiмнiң мәртебесi немесе “ала қарға" атанбау сыры" - “Жас Алаш" газетiнiң өткен №71 санында (6 қыркүйек, 2016ж.) Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты “Жаңатұрмыс" орта мектебiнiң мұғалiмi Айман Сағидуллаеваның өзi жұмыс iстейтiн бiлiм ошағының басшысы Б.Нүсiп­бековаға қатысты берген талап-арызының (№137 бұйрықты заңсыз деп тану) қанағаттандырылғанын естiп қуанып, редакцияға хабарласып жатқан жұртшылық көп. Олардың iшiнде ұстаздар қауымы да жоқ емес. Несiн жасырайық, өкiнiшке қарай олардың арасында “iшiп-жеп отырған жұмысымыздан айырылып қаламыз ғой, аты-жөнiмiздi көрсетпей-ақ қойыңыздаршы", – деп өтiнiш бiлдiргендер де бар.

ULT.KZ. "Серік Өміртай. Қазақ билігі елін, халқын тонауды қашан тоқтатады?" - Жолда полиция қаптап тұратын тек біздің мемлекет пе деп ойлаймын. Алыс бармай ақ мына қытайда да жүрдім. Ресей жерлерін басып монғол еліне де өттік. Байқағаным, Қазақстан шекарасынан шыққан жүргізуші тұтқыннан босағандай əсерде болады екен.

365INFO.KZ. "Тыңдау, тұсау, бақылау. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне келген Мәсімовке қандай құпия тапсырма жүктелді?" - Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризм қауіпінің қатері артып отырғандықтан 19 заң мен 5 кодекске өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.

"Кәрім Мәсімов кетті. Енді Үкіметті тағы қандай өзгеріс күтіп тұр?" - Саясаттанушы Әзімбай Ғали Кәрім Мәсімовтің кетуіне сыртқы факторлар әсер еткенін айтады. Ал премьер-министрлікке уақытша тағайындалған Бақытжан Сағынтаев Парламенттің алдынан өткен соң, осы орында қалады деп санайды ол.

QAMSHY.KZ. "«Ислам мемлекеті» ұйымын Хиллари Клинтон қаруландырған ба?" - Джулиан Ассанж деген интернет журналисі АҚШ президенттігінен үміткер Хиллари Клинтонның электронды поштасындағы хаттарға сараптама жасай келе, ол мемлекеттік хатшы боп тұрған кезінде «Ислам мемлекеті» ұйымын (Қазақстанда тиым салынған-ред.) қарумен қамтамасыз етті деген тұжырымға келеді. Бұл туралы өзінің саяси сараптамалық мақаласында «Комсомольская газета» тілшісі Исраэль Шамир жазады.

ABAI.KZ. "Мұнайлы қазақ еліне дағдарыс болмауы керек еді!..." - Тәуелсіздік алғалы бір миллиард 400 млн. тонна мұнай өндіріппіз!.. Сонда қалайша ғана дағдарысқа ұшыраймыз?.. Елімізде бар болғаны 17 миллиондай ғана тұрғын бар... Тіпті түсініксіз жағдай, миға сыймайды!.. Соншама көл-көсір дүниені малданып отырып, неге біз дағдарысқа ұрындық?.. Мұнайдан басқа да қазба байлықтарымыз шаш-етектен емес пе?.. Бұл аз болса, 2009 жылы Қазақ елінің мұнай өндіруіне 110 жыл толуына орай көрсетілген деректерге үңілсек – сол өткен жүзжылдықтағы өндірілген мұнай көлемі төрт млрд. 600 млн. тоннаны құраған!..

KORRESPONDENT.KZ. "Мақташылардың маңдай ақысы мақта монополистерінің мазағына айналды" - Мақтаралда мақта теру науқаны басталды. Мақташы қауымның ала жаздай еткен еңбегі ақтала ма, әлде жылдағы сарынмен тағы да арзымайтын тиын-тебенді қанағат тұтып қала бере ме? Бұл – бүгінде қарасы 300 мыңнан астам мақтаралдықтардың ғана емес, сонымен бірге техникалық дақыл егуді кәсіп еткен басқа аудан тұрғындарының да білгісі келетін сауалы. Бірақ қанша жылдан бері айтылып келе жатқанына қарамастан «ақ алтын» деп әспеттелетін өніміңіздің нақты бағасы белгіленбеген. Шаруалар жылда көктемде «биыл баға жақсы болатын шығар» деген үмітпен жерге шит себеді. Құдай жарылқап, баға жоғары болса жақсы, әйтпесе ала жаздай еткен еңбекті айтпағанда мақта егу барысындағы мың-сан шығынның өзі ақталуы қиын.

"Балалардың несібесін әкімдер жеп жүр" - Оңтүстік Қазақстан облысы тағы да коррупциялық жанжалдың орталығына айналды. Жуырда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Мақтарал ауданындағы жеті бірдей ауыл әкімін парамен ұстағанын және олардың мемлекет қаржысына қол салғанын жариялады.

DALANEWS.KZ. "Адам Аллаға несімен ұнайды?" - Қазіргі таңда күйбең тіршіліктің күйкі тірлігімен жүріп, көп нәрсеге мойнымыз жар бермей жататыны бар. Адам қалай пайда болды? Біз не үшін, кім үшін өмір сүріп жүрміз? Өмірге келгендегі мақсатымыз не? Теңіздер мен таулар не үшін керек? Алып планеталарды кім жаратты? Оларды бір-біріне соғыспайтындай етіп, әлемгі теп-теңдікті ұстап тұрған кім? Иә, сұрақ көп, жауап та аз емес.

9 қыркүйек 2016, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.